MCFR.KZ Медицина

ҚР медициналық қызметкерлерді міндетті зерттеп-тексеру

  • 19 февраля 2018
  • 39
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы
медициналық қызметкерлерді міндетті зерттеп-тексеру
медициналық қызметкерлерді міндетті зерттеп-тексеру

Мақалада зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеушілерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық қарап-тексерулерден өткізу тәртібі берілген.

Міндетті медициналық қарап-тексерулер Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а-ның 2015 жылғы 24 ақпандағы  «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы»  № 128 бұйрығы (бұдан әрі  – Қағидалар);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы   «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 485 бұйрығы (бұдан әрі  –  № 485 бұйрық).

Бұл Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылды:

1. Алдын ала медициналық тексеріп-қараулар – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексеріп-қараулар.

2. Мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар (медициналық жеке кітапшалар) –денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілеін міндетті медициналық тексеріп-қараулар.

Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

  • Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
  • Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулардың деректері қызметкердің орындайтын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді (бұдан әрі – № 907 Бұйрық) бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына енгізіледі.
  • Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды болып танылған тұлғаларға № 907 Бұйрықпен бекітілген 086/е нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
  • Міндетті мерзімдік медициналық қарап тексерулер жылына 1 рет жүргізіледі.
  • Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарына ведомствасының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
  •  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тұлғаларды міндетті медициналық тексеріп-қарауды өтпеген жағдайда жұмыстан шеттетеді.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жұмыс беруші:

1) 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген«Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін» басшылыққа ала отырып міндетті медициналық қарап тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды (№ 485 бұйрықпен енгізілген өзгерістер);

2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;

3) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және кәсіби патология орталықтарына емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;

4) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

   Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымның немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымның міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – бұдан кейінгі бақылау, емдеу және оңалту бойынша топтар құрылады.

4-қосымшаға сәйкес Міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі  осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылды:

№ 485 бұйрыққа № 2 қосымшаның баяндалған жаңа редакциясында  (11 тармақ) өзгерістер негізінен инвазивтік рәсімдер жүргізетін және биологиялық материалмен байланысты болатын медициналық қызметкерлерге (дәрігерлер мен медбикелер) қатысты болды. Бұйрыққа сәйкес В, С вирустық гепатиттері мен АИТВ-ға медициналық қарап тексерулердің мерзімділігі – 6 айда бір рет, кіші медициналық персонал (санитар бикелер)  үшін – жылына бір рет болды.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2018 жылғы 2-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Міндетті медициналық қарап тексерулерге жататын қызметкерлердің жаңа Тізбесі

Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (скрининг) амбулаториялық пациенттің үшін картасы
          

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться