text
MCFR.KZ Медицина

Нарық медициналық ьқызметтер көрсету сапасын талап етеді

  • 23 февраля 2018
  • 2
медициналық ьқызметтер көрсету
медициналық ьқызметтер көрсету

Денсаулық сақтауда жүргізілетін барлық реформалар сапалы медициналық көмекті, мамандандырылған және жоғары технологиялы көмектің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз қызметін негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырады:

  1. Халықтың қоғамдық денсаулығын сақтау.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және бақылауға алынған объектілердегі бақылаушылық-қадағалаушылық функцияларды қамтамасыз ету.
  3. Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мен медициналық қызметті бақылау.

2017 жылдың бас кезінде Департаментке Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау департаментінің жекелеген функциялары берілді, оларға медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүзеге асыру, медициналық ұйымдарды аккредиттеуді ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, маман сертификаты мен медициналық қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру, жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы қорытындылар беру, ғылыми ұйымдарды және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысу жатады.

«Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институциялық реформасын іске асыру бойынша ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» құрамындағы «Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші реформасында үш – № 80, 81 және 82 қадам белгіленген, олар денсаулық сақтау саласында реформалар жүргізу мүмкіндігін береді. Қазірдің өзінде бұл бағыттағы жұмыс белсенді жүргізілуде: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуде.

Назар аударыңыз! Жекелік медицинаны дамыту қадамдарының бірі қысқартулар түрінде кәсіпкерлік үшін талаптарды төмендету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы инормативтік құқықтық актілерді өңтайландыру мен ырықтандыру болып табылады.

Президент қойған мақсаттарға қол жеткізуге денсаулық сақтау саласындағы мемлекет пен жекеше сектордың әріптестігі септігін тигізетін болады. Мұндай әріптестік барлық тараптар үшін өзара тиімді болып табылады.

Мемлекеттік-жекелік әріптестіктің (бұдан әрі  – МЖӘ) мақсаты – жеке капиталды денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға тарту.

Маңызды! МЖӘ шеңберінде мемлекет заманауи инфрақұрылымды алады, бюджеттен шығатын тікелей шығындар төмендейді, ал жеке сектор кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қорытындыда халық баға мен сапаның оңтайлы арақатынасымен сапалы медициналық қызметтер көрсетуді алуы тиіс.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекет пен жекешіл сектор әріптестігінің бастапқы кезеңі медициналық ұйымдардың шаруашылық жүргізу құқығындағы қызметі болып табылады, осының есебінен ұйымдардың экономикалық дербестігі кеңейеді. Бұл ретте тегін медициналық көмек көлемі елеулі өзгерістерге ұшырамайды, шұғыл медициналық көмек тегін болып қалады. Мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі  – ТМККК) – бұл ақша қаражатының тұрақты түсіп тұрулары. Бүгінгі күні Алматы қаласында  ТМККК шеңберінде қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар саны, – 2016 жылғы 105-тен 2017 жылғы 126-ға дейін артты. Бұл ретте олардың құрамында жеке медициналық орталықтардың 2016 жылғы 29-дан ағымдағы жылы 49-ға дейін артуы атап өтіледі (28 стационар; бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) көрсететін 13 ұйым; стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 8 ұйым). ТМККК ұсынатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының үлесіне  61 %-ы тиеді – 77 медициналық ұйым ( 2016 жылы – 72 % – 76 медициналық ұйым). Оның ішінде республикалық бағыныстағы медициналық ұйымдар саны екі жыл бойы 14 деңгейінде қалып отыр, количество ведомстволық медициналық ұйымдар саны 2016 және 2017 жылдары тиісінше 5 және 4-ті құрайды, Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының саны болмашы артты – 57-ден (2016 жыл) 59-ға дейін (2017 жыл).

МЖӘ дамуымен іле-шала емханалар мен ауруханаларды сенімгерлік басқаруға, оның ішінде ұжымдардың өздеріне беру тетігі әзірленуде, ол медицина сапасын арттыруды және медициналық ұйымдарды одан әрі жекешелендіруге жағдай жасауды көздейді.

Назар аударыңыз! Мемлекеттік тапсырыс алу мақсатымен қызмет көрсетілетін халықты тарту үшін бәсекеғлестік пен медицин,алық қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру халықтың бақылаушы органдарға ұсынылатын қызметтердің сапасы бойынша жүгіністер санын төмендетуге мүмкіндік берді.

 2017 жылдың 9 айы ішінде осындай 404 жүгініс тіркелді, бұл 2016 жылғы осындай кезеңмен (440 жүгініс) салыстырғанда  8,2 %-ға төмен. Ағымдағы жылда келіп түскен жүгіністердің жалпы санынан  76,7 %-ы мемлекеттік сектордың және   23,3 %-ы – жекеше сектордың үлесіне тиеді. Объектіге шығумен қарастыруға жататын, негізделген жүгіністер  14,7 %-ды (17 жүгініс) құрады, негізделген жүгіністер қатарынан мемлекеттік емес секторға 17,6 %-ы  (3 жүгініс) келеді. Негізінен бұған халықтың мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдарға көп жүгінетіндегі жағдай жасайды.

Алайда бәсекелестік жағдайларында жекеше медициналық орталықтарда жауапкершіліктің, мүмкін болатын проблемаларға өз уақытында ден қоюдың артып келе жатқандығы, пациенттерге неғұрлым зейінді көзқарас туралы айтуға болады. Бұған қоса, мемлекеттік емес сектордың денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіністер (шағымдар) санының аздығы баламалы тексерістер нысанында: ішкі аудит, өндірістік бақылау, жеке медициналық орталықтар өкілдері қауымдастығымен сыртқы аудит пен мемлекеттік қадағалау органдарын тартусыз басқа да нысандарда жүргізілген жұмыс нәтижесі болып табылады.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытудың перспективалық жоспарларын, атап айтқанда жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсетуді (бұдан әрі – ЖТМҚ) орталықтандыруды орындау жолында Алматы қаласында ЖТМҚ көрсететін медициналық ұйымдар саны 2016 жылғы 35-тен 2017 жылғы 32-ге дейін азайды. Медициналық қызметтер ЖТМҚ-тің  626 коды бойынша ұсынылады. Оның ішінде мемлекеттік сектордың үлесі 62,5 %-ды, мемлекеттік емес сектордың үлесі – 37,5 %-ды құрайды, мемлекеттік медициналық ұйымдардың ішінде: 9 – республикалық маңызы бар және  11 – Денсаулық сақтау басқармасының ведомствосына қарасты ұйым бар. Алматы қаласында неғұрлым өзекті және талап етілетін ЖТМҚ  эндопротездеу, кардиохирургия, остеосинтез, мүшелер мен тіндерді транспланттау болып табылады.

Соңғы қорытындыда денсаулық сақтауда жүргізілетін барлық реформалар сапалы медициналық көмекті, халық үшін мамандандырылған және жоғары технологиялы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін субъектілер (объектілер) ұсынатын медициналық қызметтер сапасын іріктеп тексеру кезінде не тексеріледі?

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медициналық қызмет көрсету сапасына іріктеу тексеруі кезінде не тексеріледі?

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль