text
MCFR.KZ Медицина

Медициналық ұйым Call-орталығы супервайзерінің лауазымдық нұсқаулығы

  • 26 февраля 2018
  • 3
Call-орталығы
Call-орталығы

Мақалада медициналық ұйым колл-орталығы супервайзерінің лауазымдық нұсқаулығының үлгісі ұсынылған.

Үлгі

  1. Жалпы ережелер

1. Колл-орталықтың супервайзері/(тест-аудитор) техникалық орындаушылар санатына жатады.

2. Лауазымға тағайындау және одан босату ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

3. Супервайзер меңгеруі тиіс дағдылар:

  • басқаруға бейімділік;
  • талдай, жоспарлай білу шеберлігі;
  • сабақ беру;
  • оқытушы бағдарламалар жасау;
  • тіл табысушылық.

  1. Лауазымдық міндеттері

Супервайзер міндетті:

1. Еңбек тәртібі ережелері мен регламентін сақтауға.

2. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

3. Жұмысқа жаңа қызметкерлер қабылдау кезінде сұхбатқа қатысуға.

4. Жобалар менеджерлерін оқыту процесін және оқушыларды тестілеуді басқаруға.

5. Оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін әзірлеуге.

6. Операторларды оқыту мен бейімделу процесін жоспарлауға.

7. Операторлар тобын басқаруға.

8. Операторлардың жұмыс графигін жасауға.

9. Операторлар қызметіне мониторинг (тәртіп, үзілістер, қызмет көрсету кезіндегі регламенттіі сақталуы) жүргізу.

10. Қатыспағандар мен ауырғандарды есепке алуға.

11. Шақырулар көлемдері өсуінің ең жоғарғы тектерінесепке алу, қоңыраулар көлемдерін 
болжамдауға.

12. Компанияның үздіксіз қызметі үшін операторлар ресурстарын жоспарлауға.

13. Күн сайын операторлар жазбасын тыңдауға.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


14. Жаңадан қабылданған операторларды базалық дағдылары бойынша тестілеуге, сондай-ақ жұмыс істейтін операторларды мыналар бойынша аттестаттауға:

  • телефонмен келіссөздер жүргізу әдебі;
  • жобалар бойынша материалды меңгеруі;
  • жоба интерфейсін меңгеруі;
  • сыпайылық;
  • тәртібі;
  • жабдықтармен және БҚ-мен (телефон, гарнитура, Agent Desktop) жұмыс.

15. Операторлардың жұмыс стратегиясын:

  • сыпайылық;
  • құзірет;
  • ұстамдылық 
    өлшемшарттары бойынша орындауын анықтау үшін әрбір 15 жазбаны (барлық операторлар бойынша) тыңдауға.

16. Тестілеу нәтижелерін бағалау әдістерін әзірлеуге.

17. Операторлар қызметі нәтижелерін бағалау және бұл әрекеттерге қажетті түзетулер енгізуге.

18. Бұзушылықтар айқындалған кезде айыппұлдар тағайындауға.

19. Операторлар мен аға операторларға көмек көрсетуге.

20. Жанжалдық жағдаяттарда операторларға көмек көрсетуге.

III. Құқықтары

Супервайзер/тест-аудитор құқылы:

1. Ұйым басшылығына оның қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарын қарастыруға енгізуге.

2. Өз құзіретінің шектерінде құжаттарға қол қобға және бұрыштама қоюға.

3. Ұйым басшылығынан өз лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауда жәрдемдесуді талап етуге.

4. Ұйым қызметкерлерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға.

5. Бұзушылықтар айқындалу барысында операторларға түзетулер мен ескертпелер жасауға.

IV. Жауапкершілігі

Супервайзер жауапкершілікте болады:

1. Осы лауазымдық нұсқаулықпен көзделген өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе 
тиісінше орындамағаны үшін, - Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасы 
белгілеген шектерде.

2. Өз қызметін жүзеге асыру процесінде жасаған құқық бұзушылықтары үшін, - Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасы белгілеген 
шектерде.

3. Материалдық залал келтіргені үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамасы белгілеген шектерде.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Пациенттің шағымы болған кездегі скрипт

Медициналық тіркеушінің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын немесе оқушылардың еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтаманы жазып беру іс-әрекеттерінің алгоритмі

Call-орталық жұмысының ережелері

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение