text
MCFR.KZ Медицина

Медициналық ұйым басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы

  • 2 марта 2018
  • 4
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы
лауазымдық нұсқаулығы
лауазымдық нұсқаулығы

Мақалада медициналық ұйым басшысының әкімшілік-шарауашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымдық нұсқаулығының үлгісі келтірілген

 Үлгі

БЕКІТЕМІН:

(лауазымға тағайындаған, денсаулық сақтау ұйымы басшысының Т. А. Ә.)

______________

«_____» ____________ 20___ ж.

Мөр

Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі       жөніндегі орынбасарының

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл лауазымдық нұсқаулық денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талаптарын, лауазымдық мігдеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін белгілейді.

1.2 Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындау және одан босату________________________ (ұйымның аталуы) денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

1.3 Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары өз жұмысында ________________(ұйым атауын көрсету) басшысына бағынады және есеп береді.

1.4 Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары дауазымына 2 тармақта көрсетілген біліктілік және құзіреттілікке қойылатын талаптарға жауап беретін тұлға тағайындалады.              

2. Біліктілікке қойылатын талаптар

     2.1. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мыналарды білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жетқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, шаруашылық қызмет көрсету және еңбекті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесінің теориялық негіздерін, медициналық қызметтер көрсету нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

2.2. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары: Жоғары білім және денсаулық сақтау ұйымындағы жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.

3. Лауазымдық міндеттері

3.1. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Олардың негізіне алынған қажетті негіздемелері және есептеулері бар жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасауға қатысады. Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметі нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымның материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді, еңбек тиімділігін, үйымның шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған үсыныстар енгізеді. Шаруашылықішілік резервтерді пайдалану пайдалану бойынша іс-шаралар әзірлейді. Әкімшілік-шаруашылық қызмет нәтижелері, ішкі еңбек тәртіптемесі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен тетіктерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуы, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасы, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуы туралы есептілік ұсынудың өз уақыттылығын қамтамасыз етеді.

3.2. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22 бабымен көзделген еңбек міндеттері жүктеледі.

4. Құқықтары

Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары:

      4.1. өзіне бағынышты қызметкерлерге орындалуы үшін міндетті өкімдер беруге;

    4.2. өз қызметі бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысуға;

    4.3.МҰ басшылығы мен қызметкерлерінен өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттық материалдарды және нормативтік-құқықтық құжаттарды сұратуға, алуға және пайдалануға;

    4.4. өз қызметі бойынша басшылыққа МҰ қызметкерлерін көтермелеу және жазалар қолдану туралы ұсыныс енгізуге;

    4.5. денсаулық сақтау мекемесі шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4.6. МҰ қызметінің шаруашылық мәселелері қаралатын кеңестерге қатысуға;

      4.7. өз біліктілігін арттыруға құқылы.

      4.8. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары  ҚР Еңбек кодексі 22 бабымен көзделген барлық еңбек құқықтарын пайдаланады.

5. Жауапкершілігі

    Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары  мыналар үшін жауапкершілікте болады:

5.1. өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін өз уақытында және сапалы жүзеге асыру;

5.2. өз жұмысын ұйымдастыру, жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын, өз қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерді өз уақытында және біліктілікпен орындау;

5.3. материалдық, қаржылық және кадрлық ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;

5.4. ішкі тәртіптеме, санитариялық-эпидемияға қарсы режим, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы;

5.5. қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен көзделген құжаттаманы жүргізу;

5.6. өз қызметі бойынша статистикалық және өзге ле ақпаратты белгіленген тәртіппен ұсыну;

5.7. орындаушылық тәртіптің  және өзіне бағынышты қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауының сақталуын қамтамасыз ету;

5.8. төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысқа дайындық.

Маңызды! Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары  еңбек тәртібін, заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, теріс қылықтың ауырлығына қарай тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сондай оқыңыздар:

Стандартты операциялық рәсімдер медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

«Персонал мен пациенттердің қауіпсіздігі және оларға жайлылық» СОР

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль