MCFR.KZ Медицина

Емханалардағы жасөспірімдер кабинетінің маңызы мен функциялары

  • 12 марта 2018
  • 14
Емханалардағы жасөспірімдер кабинетінің маңызы мен  функциялары
Емханалардағы жасөспірімдер кабинетінің маңызы мен функциялары

Жасөспірімдердің бүкіл есею кезеңінде жасөспірімдер кабинетінде оларды бір дәрігердің бақылауы олардың денсаулығындағы ауытқушылықтарды түзетімдеу үшін иқолайлы жағдайлар жасайды.

Жасөспірімдер кабинетінің негізгі міндеттері мен функциялары

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы  ШЖҚ «№ 12 қалалық емхана» МКК (бұдан әрі - № 12 емхана)  базасындағы жасөспірімдер қызметі 20 жылдай жұмыс істеп келеді. Жасөспірімдер кабинетінде жоғары санатты білікті дәрігер мен жоғары білімді және жоғары санатты медициналық бике жұмыс істейді.

Жасөспірімдер кабинетінің негізгі міндеттері

  1. Емханаға бекітілген жасөспірімдерді бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен және профилактикалық көмекпен қамтамасыз ету, яғни жалпы және инфекциялық ауруға шалдығушылықтан, мүгедектіктен, өлімге ұшыраушылықтан сақтандыруға және оларды төмендетуге бағытталған емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру мен жүргізу.
  2. Жасөспірімдерге білікті көмек көрсету және мамандандырылған емдік көмек ұйымдастыру.
  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдерге санитарлық-гигиеналық тәрбие беруді, сондай-ақ әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы бозбалалардың психофизикалық дайындық деңгейін және қыздардың фертильді жасындағы сауаттылығын – жастардың ұрпақты болу денсаулығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Негізгі міндеттерге сәйкес жасөспірімдер кабинетінің мамандары сондай-ақ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Балалар емханаларынан 15 жасқа толған жасөспірімдерді қабылдау.
  • Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-IV Заңына (31 бап), Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 69-VI Заңына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20015 жылғы 2 шілдедегі «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу Қағидалары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы Ережені бекіту туралы»  № 373 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін тұлғалардың денсаулық жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 37 бұйрығына сәйкес, бекітілген жасөспірімдерді әскерге шақырылуға дейінгі (16-17 жас) және әскерге шақырылу (18-27 жас)  жастарына міндетті түрде бөліп, жүйелі есепке алу.
  • Диспансерлік жасөспірімдерді бақылау және өз уақытында сауығуы.
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі  «Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге 
    медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы»
    № 452 бұйрығына сәйкес, фертильді жастағы қыздарды 15 жастан бастап тұрақты есепке алу.
  • Профилактикалық консультациялар өткізу, қыздардың сауаттылығын арттыру. Қыздарды өз уақытында диспансерлеу және сауықтыру.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2009 жылғы 10 қарашадағы «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» № 685 және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"» № 361 бұйрықтарының негізінде маман дәрігерлермен бірге мерзімдік медициналық қарап-тексерулер ұйымдастыру және жүргізу, қорытындыларына талдау жасау. Скринингтік медициналық қарап-тексерулер қорытындыларына талдау жасау, оның нәтижелері бойынша емдеу-профилактикалық, санитариялық-гигиеналық, сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларын әзірлеу және бұл жоспарлардың орындалуы, олардың тиімділігін есепке алу жүзеге асырылады. № 12 емхана қаладағы 14 мектепте медициналық скринингтік қарап-тексеруді жүзеге асырады, оқушылар көрсетілімдер бойынша зертханалық, функционалдық және басқа зерттеп-тексеру түрлерінен өткізіледі.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі м.а-ның 2014 жылғы 22 тамыздағы
    «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 19 бұйрығының негізінде № 12 емхана қызмет көрсететін барлық мектептер жыл сайын  флюорографиядан өткізіледі, мектептердің флюорографиядан өтуінің орындалуы мен оған бақылауды жасөспірімдер кабинеті жүзеге асырады.
  • Емханаға жүгінген науқас және дені сау жасөспірімдерде ауруларды ертерек айқындау, оларды білікті және толық зерттеп-тексеру.
  • Өз қызметінде медициналық құжаттаманы, белгіленген есепке алу-есеп беру нысандары мен есептерін сауатты жүргізу.
  • Жасөспірімдер мен жастардың арасында сауауатты өмір салты негіздерін насихаттау, темекі тарту, алкоголь, есірткілер және басқа психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, олардың физикалық белсенділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Жасөспірімдер немен ауырады?

Жасөспірімдер – де балалар, оларға барлық балалар аурулары жат емес. Олардың ішінде қызылшамен немесе паротитпен (және бұл инфекцияларға қарсы егілмесе) ауырмағандары науқаспен қарым-қатынаста болған кезде  олармен оңай ауырады. Мектеп жағдайларында балалардың көпшілігі жылына 2-3 рет гриппен немесе жіті тыныс алу вирустық инфекциясымен (бұдан әрі – ЖТВИ) ауырады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жасөспірімдер  бронхиттен сиректеу зардап шегеді, бірақ олардың көпшілігінде  бронхалық демікпе ерте балалық шақтан  «сақталады». Жасөспірімдерде, әсіресе қыздарда етеккірлерден кейін кейде анемия айқындалады, тіпті жануарлар майын және құрамында D дәрумені бар басқа да өнімдерді жеткіліксіз тұтынған кезде  рахит (или остеомаляция – обеднение костей солями кальция) да болады. Мұны басқа да жіті және созылмалы аурулар туралы да айтуға болады.

Алайда тұтастай алғанда жасөспірімдердегі патология құрылымы шұғыл өзгереді.

Назар аударыңыз! Жасөспірімдердің арасындағы өлімге ұшырау  себептерінің ішінде бірінші орынды (70 %-дан астам) жарақаттар, уланулар, күш қолданып өлтіру мен өзіне-өзі қол салу алады, ал қатерлі жаңа түзілімдербар-жоғы 7 %-ды құрайды.

Профилактикалық қарап-тексерулерде тыныс алушылық бұзылулардың азая, бірақ тері ауруларының (жасөспірімдік безеулер) көбірек бола бастағандығы көрінеді, балалардың елеулі бөлігінде қан қысымының артуы, май басу, келбеттің өзгерулері мен сколиоз, жасөспірімдерге тән сүйек аурулары (асептикалық некроздар деп аталатын), эндокриндік бұзылулар (көбінесе алқымның ісуі) сияқты бұрынырақта диагностикаланбаған жай-күйлер айқындалады. Қыздарда гинекологиялық патология (әдетте қалыпты циклдер орнығуындағы ауытқулар), мінез-құлықтық және психологиялық проблемалар (депрессия, ұйқы бұзылуларының жиілеуі), «ауытқушы мінез-құлық» (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық), венерологиялық аурулар мен жыныстық өмірді ерте бастау проблемалары байқалады.

Алайда ересектерге қарағанда, жасөспірімдер дәрігерге 20–30 %-ға аз жүгінеді, сондықтан көптеген бұзылулар жай ғана тіркелмей қалады. Жасөспірімдік жаста «бекер жасалған шағымдар» жиілейді – бұл кезде зерттеп-тексеру кезінде шағымдарды растаудың сәті түспейді. Бұл психосоматикалық аурулар, бұл кезде жасөспірім өзінің психологиялық проблемаларын  «соматикалайды»; әдетте бұл іштің ауыруына, температураның көтерілуіне, бастың ауыруына, сирегірек – жөтелге шағымданулар. Бұл педагогтармен, құрдастарымен, ата-аналарымен күрделі өзара қатынастарға жауап.

Ал көптеген проблемаларды жасөспірімдер ата-аналары мен дәрігерден мүлдем жасырады – бұл жыныстық саладағы, жыныстық өмірдегі патология мәселелері,  психотропты заттармен эксперименттер, оның үстіне көбінде бұл ересектерге сенімнің жоқтығынан, шағымға жауап ретінде дұрыс емес мінез-құлықпен айыпталудан, мін тағулар немесе өсиеттер тыңдаудан қауіптенулерден барып орын алады. Және де бұл үрейленулерде негіз бар: педиатрлар жасөспірімдерге олардың жеке өміріне құқықтарын және дәрігерге хабарланған мәліметтердің құпиялылығын мойындамай, оларға әлі де балаларға қарағандай қарайды.

Біздердің, дәрігерлердің көпшілігі өзімізге жасөспірім баяндағанның бәрін ата-аналарына хабарлауды  «қасиетті міндет» деп есептейді, бірақ абыройынан айырылған қыздың немесе венерологиялық ауруға ұшыраған бозбаланың бұл фактілерді ата-аналарынан жасыру ниеті мүлдем түсінікті жайт.

Маңызды! Және де егер біз бұл мәселелерде қабылдауға болатын тактика жасамасақ, жасөспірімдер педиатрлардан бұрынғыша қашқақтайтын  болады,  демек медициналық қызметкерлердің емдеу-профилактикалық күш жұмсауларының тиімділігі аз болады.

Жасөспірімдерге  медициналық көмектің қандай түрлері керек?

Жасөспірімдер ауырған жағдайда білікті емдеушілік көмекке мұқтаж болады – бұл үлкен күмәндануларды туындатпайды, мұндай көмек қазіргі кезде балалар емханалары мен ауруханаларында 15 жасқа дейінгі балаларға, жасы үлкендеріне – ересектерге арналған емханаларда көрсетіледі.

     Алайда бұл бәрін де қамти қоймайды. Олардың өсуі мен дамуына бақылау жасаудың, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды...

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2018жылғы 1-нөмірінен оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться