text
MCFR.KZ Медицина

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама – ауруханаішілік инфекция профилактикасына негізгі кілт

  • 2 апреля 2018
  • 126
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, специалист по санитарно-эпидемиологическому контролю АО «Национальный центр нейрохирургии», г. Астана
Инфекциялық бақылау
Инфекциялық бақылау

Мақалада «Нейрохирургия Ұлттық орталығы» АҚ мамандары әзірлеген инфекциялық бақылау Бағдарламасының, сондай-ақ сауалнаманың үлгісі ұсынылған.

Инфекциялық бақылау іс-шараларын орындау егер бағдарламаларды іске асыру халыққа медициналық көмек көрсетудің бастапқы буыны мекемелерінен басталатын болса, барлық медициналық қызметкерлердің күнделікті практикасына айналуы тиіс. Инфекциялық бақылау бағдарламалары экономикалық жағынан тиімді бағдарламалар болып табылады, мұны жүргізілген зерттеулер бірнеше рет дәлелдеді.

 «НҰО» АҚ бағдарламасы персоналды дайындауға және АІИ профилактикасына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жазылған. Бағдарлама пациентке күтім жасаудың негіздері мен манипуляцияларды, медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді, дезинфекция, стерильдендіру  бойынша жұмысты және басқаларын қосқанда, клиникадағы бүкіл  персоналдың көпсалалы жұмысының теориялық және практикалық негіздерін қамтиды.  Ауруханаішілік инфекциялары бар пациенттерді айқындау кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады.

Инфекциялық бақылаудың бұл Бағдарламасы заманауи ғылыми, халықаралық және ұлттық стандарттарға, ережелер мен басшылықтарға негізделген және клиниканың бүкіл персоналының практикалық қызметіне арналған.

Инфекциялардың профилактикасы мен бақылау бойынша Бағдарлама

1. МАҚСАТЫ

Пациенттер, қызметкерлер мен келушілердің арасында медициналық қызметтер көрсетумен қауымдастырылған инфекциялар тәуекелін азайту үшін «Нейрохирургия Ұлттық орталығы» (бұдан әрі – НҰО) АҚ-нда медициналық және медициналық емес қызметтер көрсету кезінде ауруханаішілік инфекциялар (бұдан әрі – АІИ) профилактикасы мен бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.

2. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1. Бағдарлама барлық деңгейлерге, барлық қызметкерлерге   – басшыларға, дәрігерлерге, консультанттарға, орта және кіші медперсоналға, клиникалық емес және өзге персоналға, резиденттерге, пациенттерге, келушілерге, НҰО аумағындағы НҰО барлық бөлімшелеріне қолданылады.

2.2. НҰО бүкіл персоналы осы Бағдарламаның орындалуы үшін жауапкершілікте болады.

3. АНЫҚТАМАЛАР

Ауруханаішілік  инфекция (бұдан әрі АІИ) – бұл денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түскенен кейін 48 сағаттың ішінде пациенттің медициналық қызметтер көрсетуді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе зеңдік текті кез келген инфекциялық ауру немесе медициналық ұйым қызметкерінің оның осы мекемедегі жұмысының салдарынан инфекциялық ауруы.

Инфекция көзі – микроағзалар мекендеуінің табиғи ортасы, бұл жерде олардың жинақталуы, өсуі, көбеюі мен қоршаған ортаға бөлініп шығуы қамтамасыз етіледі.

Инфекциялық бақылау – АІИ-дың пайда болуы мен таралуынан сақтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүйесі.

Инфекцияның медициналық ұйымға әкелінуі – стационарға түскенге дейін жұқтырылған және стационарда көрініс берген немесе айқындалған инфекциялық аурулар.

Экзогенді инфекция – іштен микроағзалармен зақымдану нәтижесінде дамитын инфекция.

Эндогенді инфекция – ағзаның өз қоздырғыштарының белсенуі нәтижесінде дамитын инфекция.

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Эпидемиологиялық қадағалау (АІИ оқиғаларын айқындау және тіркеу, қоздырғыштардың микробтың пейзажын анықтау).
  2. Инфекциялық ауру оқиғаларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру, жұқтыру себептері мен тетіктерін айқындау.
  3. АІИ деңгейін төмендету және олардың профилактикасы мен пациенттердің НҰО-нда медициналық қызметтер көрсетуді алу кезінде  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды әзірлеу және бақылау.
  4. НҰО медициналық персоналының кәсіптік жұқтыруының алдын алу  және оқыс оқиғалар кезінде жанасудан кейінгі іс-шараларды бақылау.
  5. Инфекциялық бақылау саласындағы құжаттарды (бағдарламалар, ережелер, СОР, алгоритмдер және басқалар) әзірлеу.
  6. Қызметкерлерді оқытуды жүргізу, инфекциялық бақылау мәселелері бойынша пациенттер мен келушілерді оқытуды, олардың білімін тексеруді қамтамасыз ету.
  7.  Барлық бөлімшелерде, НҰО-ның барлық аумағында инспекциялар (трейсерлер, аралап шығулар, аудиттер) жүргізу.

5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРАМДАСТАРЫ

  • Инфекциялар профилактикасы мен бақылауды (бұдан әрі  – ИПБ) ұйымдастыру.
  • Техникалық басшылық қағидаттары (ережелер, стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі – СОР), инфекциялық бақылау бойынша нысандар).
  • Кадрлық  ресурстар.
  • Инфекцияларды қадағалау және ИПБ қағидаттарын практикада сақтауды бағалау.
  • Қоршаған орта.
  • ИПБ бағдарламасының мониторингі және бағалау.
  • Басқа ұйымдармен, қызметтермен байланыстар.

ИПБ-ды ұйымдастыру

  1. 1. НҰО осы Бағдарламаның ИПБ-н  орындау және қолдау  үшін қаржылық және адамдық ресурстардың жеткілікті мөлшерін бөледі.
  2. 2. НҰО-та инфекциялардың профилактикасы мен бақылауын ұйымдастыру, осы бағдарламаның орындалуын бақылауды:  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  секторы (бұдан әрі  – СЭБ) мен инфекциялық бақылау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – ИБК), сондай-ақ басшылық пен келтірілген сұлбаға сәйкес, бөлімшедегі инфекциялық бақылау үшін жауапты қызметкерлер орындайды.
  3. 3. СЭБ секторының қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықтардың талаптарына, НҰО күрделілік деңгейі мен пациенттер мұқтаждықтарына сәйкес, білікті қызметкерлер болып табылады.

СЭБ мүшелерінің функциялары қамтиды...

Сондай оқыңыздар:

ҚР медициналық қызметкерлерді міндетті зерттеп-тексеру

СЭС медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қысқартты

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях