text
MCFR.KZ Медицина

Қолдар гигиенасы практикасын іске асыру коэффициентін есептеу және АІИ коэффициентін есептеу әдістемесі

  • 6 апреля 2018
  • 10
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы
Ауруханаішілік инфекциялар
Ауруханаішілік инфекциялар

Мақалада қолдар гигиенасы практикасын іске асыру коэффициенті мен ауруханаішілік инфекциялар коэффициентін есептеу ұсынылған.

Қолдар гигиенасы практикасын іске асыру коэффициентін және ауруханаішілік инфекциялар  (бұдан әрі – АІИ) коэффициентін есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының «Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарын аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік басшылығынан»   (Астана, 2013 жыл) көрініс тапқан.

Қолдар гигиенасы практикасын іске асыру  коэффициентін есептеу

Қолдар гигиенасы практикасын іске асыру коэффициентін есептеу:

  1. уақыттың белгілі бір кезеңі үшін бағаланады;
  2. мүмкін болатын іс-әрекеттер үшін талданады;
  3. қолжетімді және аккредиттеушілік зерттеп-тексеру кезінде ұсынылады.

Бұл үшін сабақтар жүргізу үшін медициналық қызметкерлердің тегі бойынша тізімдері жасалады. Сабақтардан кейін медициналық қызметкерлер тестіленеді және оларға бағалар қойылады. Нәтижелерін мынадай кестелік түрде бейнелеуге болады:

Т.А.Ә.

Лауазым

Бөлімше

Баға

Тесттен өтушінің қолы

МЫСАЛ:

Өткізілген сабақтардың нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

Лауазымы

Тестіленетін медициналық қызметкерлер сапны

Қолдар гигиенасы техникасын дұрыс орындаған медициналық қызметкерлер саны

Коэффициент,  %

Дәрігерлер

20

15

75

Медбикелер

15

15

100

Санитар бикелер

15

10

66

Барлығы

50

40

80

Барлығы  50 медициналық қызметкер тестіленді, оның ішінде  20 дәрігер,  
15 медициналық бике,  кіші буынның 15 қызметкері бар.

40 адам  «өте жақсы»  және «жақсы»  бағасына жауап берді. 

Қолдар гигиенасы практикасын іске асыру коэффициенті 80 %-ды құрады.

Алымы = белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ұйымда қолдар гигиенасы техникасын дұрыс орындау оқиғаларының саны * 100.

Бөлімі = белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ұйымда қолдар гигиенасы техникасын орындаудың барлық оқиғаларының жалпы саны. 

Шекті мәні – 100 %. Медициналық ұйым барлық оқиғаларда персоналдың қолдар гигиенасы техникасын дұрыс орындауына ұмтылады.

Мысалы: медициналық қызметкерлер саны – 50 адам, олардан  40 адам   «4» пен «5»-ке жауап берді, коэффициент: 40 * 100 / 50 = 80 %-ды құрады  (1- тоқсан), бұдан әрі келесі тоқсандарға есептеу жүргізіледі және нәтижелері серпінде талданады.

Коэффициентті дәрігерлер, медбикелер мен санитар бикелер арасында жеке есептеуге болады, сол кезде медперсоналды оқыту бойынша күш-жігер жұмсалуы тиіс «әлсіз буын» айқындалатын болады.

         Бұл есептеулерді уақыттың белгілі бір бөлігі (ай, тоқсан, жарты жыл) ішінде өткізу және салыстырмалы талдау жасау қажет.

Коэффициенттің тұрақты артуы мен оның 100 %-ға жақындауы ойдағыдай болып есептеледі.

Ауруханаішілік инфекциялар  коэффициентін есептеу

Ауруханаішілік инфекциялар коэффициенті:

  1. уақыттың белгілі бір кезеңі үшін бағаланады;
  2. мүмкін болатын іс-әрекеттер үшін талданады;
  3. қолжетімді және аккредиттеушілік зерттеп-тексеру кезінде ұсынылады.

Медициналық ұйым АІИ оқиғаларын айқындайды және тіркейді, АІИ-мен ауруға шалдығушылыққа талдау жасау жүргізеді, олардың пайда болу себептерін анықтайды, тәуекел факторларын айқындайды,  АІИ таралуын тергеп-тексереді және оларды жою бойынша тиісті іс-шаралар қабылдайды.

Жағдайды бағалау және бақылау мен басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатымен белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі ауруханаішілік инфекциялар коэффициенті есептеледі:

Алымы = ауруханаішілік инфекциялардың тіркелген оқиғаларының саны * 100.

Бөлімі = есептік кезең ішінде ауруханадан шығарылған пациенттер саны.

Коэффициентті есептеу үшін  инфекциялық ауруларды есепке алу журналында тіркелген АІИ оқиғалары пайдаланылады (1 қосымша).

Ішкі аудит қызметі серпінде көрсеткіш  мониторингін жүргізеді. Мониторинг нәтижелерін есепке енгізеді.

Мысалы, 1-тоқсан үшін:

АІИ саны – 2_____*   100________            =  1,6 %

            Ауруханадан шығарылған науқастар саны –120

                2-тоқсан үшін:

            АІИ саны1____*   100________            =  1,2 %

           Ауруханадан шығарылған науқастар саны –80

2-тоқсанда коэффициенттің төмендеуі байқалады және т.б.     

Сондай оқыңыздар:

Медперсонал қолдарын өңдеуге арналған орындар қалай жабдықталады

Медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекшеліктері

Ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Бесплатно только сегодня!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль