text
MCFR.KZ Медицина

Медбикелерінің эмоциялық күйіп кету синдромы

  • 11 апреля 2018
  • 120
Эмоциялық күйіп кету синдромы
Эмоциялық күйіп кету синдромы

Эмоциялық күйіп кету синдромы - бұл сау адамдардың кәсіптік көмек көрсету кезінде басқа адамдармен эмоциялық аса жүктемеленген ахуалда қарқынды қарым-қатынастың салдарынан туындайтын психологиялық жай-күйі.

Егер біз өзімізге: «Әртүрлі кәсіптердің өкілдері немен жұмыс істейді?», - деген сұрақ қойсақ, және де бұл ретте әрбір кәсіптің жеке ерекшеліктеріне баса назар аудармасақ, онда барлық мүмкін нұсқаларды ресейлік белгілі психолог Е. А. Климовтың теориясына сәйкес, бес үлгімен: табиғатпен, техникамен, адамдармен, таңбалық жүйемен, көркемдік бейнемен біріктіруге болады. Медицина «Адам-адам» саласындағы әлеуметтік кәсіптерге жатады.

Медициналық бикелердегі эмоциялық күйіп кету синдромына (бұдан әрі – ЭКС) не нәрсе жағдай жасайды?  Стресс – бұл түсінікті бірінші рет 1936 жылы  канадалық патолог Ганс Селье енгізді,  (ағылшынша stress бұл қысым, шиеленіс), ағзаның  өз гомеостазын, сондай-ақ жүйке жүйесінің (немесе тұтастай алғанда ағзаның) жай-күйін бұзатын, өзіне  қойылған талапқа (физикалық немесе психикалық) қайтаратын ерекше жауап әрекеті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Стресті (қатты ширығуды) туындататын фактор «стрессор» (суық, жылу, уыттану және көптеген басқалары) деп аталады.

Стрестің үш  факторы бар

Бірінші физиологиялық стресс – эустресс (адамның өз айналасынан проблемалардың орын алуын сезінетін және оларды шешуге қабілетті болатын жай-күйі; оңды стресс, керісінше стресс).

Екінші патологиялық стресс –диастресс (ауыр қайғыдан, жоғалтудан күйзелістер).

Үшінші эмоциялық стресс – ағзаның  индивидуум үшін эмоциялық мәні бар қоздырғыштың әсер етуінен туындайтын, ағзаның физиологиялық функциялары ширығуының жай-күйі.

Эмоциялық күйіп кету  синдромы

1974 жылы америкалық психолог және психиатр Герберт Фрейденбергер  психологиялық  феноменді сипаттап жазды және оны  –  эмоциялық күйіп кету Синдромы деп атады, бұл сау адамдардың кәсіптік көмек көрсету кезінде басқа адамдармен эмоциялық аса жүктемеленген ахуалда  қарқынды қарым-қатынастың салдарынан туындайтын психологиялық жай-күйі. Нәтижесінде оларда қорғаныстың өзіндік тәсілі болып табылатын әдепсіздеу нұсқау пайда болады: «мазасызданудың керегі не, мұның ешқандай маңызы жоқ қой».

ЭКС-ның қандай негізгі құрамдастары бар

Эмоциялық түгесілу

Қайта дербестеліну

Кәсіптік жетістіктердің кемуі

Өз жұмысынан туындайтын эмоциялық  құлазу мен шаршау сезімі

Еңбекке деген әдепсіз көзқарас ұйғарылады (пациенттерге сезімсіз, адамгершілікке жат көзқарас) 

Қызметкерлерде өз кәсіптік саласында құзіретсіздікті, ондағы сәтсіздікті сезіну пайда болады

    ЭКС-на ұшыраған медициналық қызметкерлердің жеке тұлғалық  көріністері:

  • Жоғары жауапкершілік сезімі.
  • Әрқашанда пациентке  көмекке келуге дайындық.
  • Керек және қажеттілікке жарауға ұмтылыс.
  • Психологиялық қолдау көрсету ниеті.
  • Пациенттердің алдындағы өнегелілік парыздың жоғары дәрежесі.
  • Белгілі бір этикалық-деонтологиялық талаптарға сәйкес келуге құштарлық.
  • Өзінің кәсіптік құзіреттілігі турасындағы күйзелісі.

ЭКС-н туындататын әлеуметтік факторлар:

  • Қоғам мен пациенттің медициналық бикелердің шынайы  рөлін танымауы.
  • Еңбекті барабар бағаламау, жалақының төмендігі.
  • Кәсіпқойдың жаңа білімді меңгеру белсенділігінің шектелуі.
  • Кәсіптің әлеуметтік мәртебесін төмендету.

ЭКС-н туындататын жеке тұлғалық факторлар:

  • Медициналық бикелердің жеке-психологиялық ерекшеліктері: стреске қарсы тұруға қабілетсіздік, өзінің эмоциялық жай-күйін реттей алмаушылық, өзіне және басқаларға жете көңіл бөлмеушілік.
  • Жоғары жүйкелік қызмет үлгісі.

  ЭКС-н туындататын кәсіптік орта факторы:

  • «Күрделі» пациенттермен ( белгілі бір тұратын орны жоқ адамдар, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін адамдар) жұмыс істеу.
  • Күн сайын ауырсыну, азаптануларға, дәрілерді қабылдаудан бас тартуға қарсы тұру.
  • Әріптестерімен өзара қатынастағы күрделіліктер (өзара көмектің тапшылығы).
  • Моббинг (басшылық тарапынан психологиялық қысым жасау).
  • Өз міндеттерін кәсіптік аса жүктемеленулерден сапалы орындаудың мүмкін еместігі.
  • Сапалы демалу үшін жағдайлардың жоқтығы.
  • Жиі қатты шаршау.
  • Үйреншікті, біртекті, біліктілікті керек етпейтін жұмыс.
  • Ұжымның біржынысты құрамы.

 Ең күшті  фактор – пациент өлімі.

Практика көрсеткендей, ЭКС-на мынадай қызметтердің медициналық мамандары көбірек ұшырайды:

  • Фтизиатриялық қызмет мамандары.
  • Онкологиялық аурулары бар, жағдайы ауыр пациенттерге күтім жасауды жүзеге асыратын мамандар.
  • Паллиативтік көмек мамандары ( өліп бара жатқан пациенттерге күтім жасау).
  • АИТВ-ЖИТС жұқтырған пациенттермен жұмыс ісртейтін мамандар.
  • Күйік, жан сақтау, оталық бөлімшелердің мамандары.
  • Психиатриялық және  наркологиялық бөлімшелердің мамандары.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЭКС-на ұшыраған «Тәуекел тобына» кіретін медициналық қызметкерлер, бұл «қажырлы еңбеккерлер», жас мамандар (өмірлік және практикалық тәжірибенің жоқтығы), аурудан кейінгі, ауыр стресті, психологиялық жарақаттануды (ажырасу, жақынының немесе пациенттің өлімі) басынан өткерген мамандар, «перфекцияшылдар» ( жетілуге ұмтылатын адамдар).

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Эмоциялық күйіп кетудің бірнеше сатысын ажыратады

  1. Сақтандырушы саты: шамадан тыс белсенділік, алмастылылмайтындық сезімі, әлеуметтік қатынастарды шектеу, шаршау сезімі, ұйқысыздық.
  2. Өзінің қатысу деңгейінің төмендеуі: әріптестері мен пациенттерді оңды қабылдауды жоғалту, көмектесуден қадағалау мен бақылауға көшу, сыншылдық, пациенттерге жағымсыз көзқарастың өсе түсуі, отсутствие эмпатияның жоқтығы, өсек-аяңдар мен топшылдыққа бейімділік, немқұрайдылық, әдепсіз бағалаулар, пессимизм, кінәсін сезіну.
  3. Эмоциялық жауап әрекеттер: торығу, негізсіз үрейленулер, апатия, агрессия, күдікшілдік, астениялық  эмоциялар.
  4. Танымдық функциялардың төмендеу сатысы: назар аударуды шоғырландырудың төмендеуі, ухжаңа ақпаратты қабылдау мен есте сақтаудың нашарлауы, күрделі тапсырмаларды орындауға қабілеттіліктің жоқтығы, қызмет тиімділігінің төмендеуі – тапсырмаларды қатаң түрде нұсқаулықтар бойынша орындау, жұмыс орнын ауыстыруға барынша тырысу ниеті.
  5. Психосоматикалық жауап әрекеттер: снижение иммунитеттің төмендеуі, шаршаушылық, бүкіл күні бойы шаршаушылық сезімі, ұйқының бұзылуы (үстіртін ұйқы, ұйқыға кетудің қиындығы және т.б.), сексуалдық бұзылулар, АҚ-ның артуы, тахикардия, бастың ауыруы, ас қорытудың бұзылуы, тоқырауға бейімділік,  никотинге, кофеинге, алкогольге тәуелділік.
  6. Көңілі қалушылық: жағымсыз өмірлік бағдар, қауқарсыздық пен өмірдің мағынасыздығы сезімі, экзистенциальды торығу (ол өзі байланған тән қажеттіліктерін тұрақты қанағаттандыру қажеттігінен туындайтын ақыл-ой торығуы).

Жоғарыда айтылғанның бәрінен, эмоциялық күйіп кетудің кәсіптік уәждеменің төмендеуіне әкелетіні түсінікті болады.

ЭКС профилактикасы үшін қандай іс-шараларды енгізу қажет:

  • Ұжымды психогигиена, психологиялық денсаулық, релаксация әдістемесі мәселелері бойынша оқыту;
  • Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, біліктілікті қажет етпейтін еңбек үлесін азайту, жауапкершілікті ұжымның барлық мүшелері арасында айқын бөлу және т.б.
  • Медициналық персоналды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар - психологиялық жеңілдену бөлмелерін жасау, денсаулық топтарын құру, сауна, фитотерапияны қолдану және т.б.
  • Ұжымда  психологиялық жайлылықты жасау.
  • Медициналық ұйымда персоналмен жұмыс істейтін штаттық психологтың бар болуы қажет.
  • Қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік мақсаттарды анықтау.
  •  «Техникалық үзілістерді» (жұмыстан тыныс алуды) пайдалану.
  • Қызметкердің кең еркіндігін қамтамасыз ету.
  • Жұмыс пен үй арасында  «көпірлер» салу.
  • Біліктілікті арттыру.
  • Психологиялық  тренингтерге қатысу.
  • Конференцияларға,  симпозиумдарға, конгрестерге қатысу.
  • Керек емес бәсекелестіктен шет қалу.
  • Жақсы физикалық форманы ұстау.
  • Өз жүктемесін есептеу және бөлу.
  • Қызметтің бір түрінен басқасына қосыла білу.
  • Жұмыстағы қақтығыстарға онша мән бермеу, өз іс-әрекетіне талдау жасай білу.
  • Әрқашан және барлығында үздік болуға әрекеттенбеу.

МАҢЫЗДЫ! Өз денсаулығы мен салауатты өмір салтына орнықты уәждеме қалыптастырубикелік персонал денсаулығы проблемалары мен нығайтуды шешудегі алғашқы қадам.

 Ағзаны реттеудің табиғи тәсілдері:

  • Салауатты ұйқы қажет (Қайырлы түн!!!)
  • Дәмді және сүйікті ас.
  • Сауна, монша, бассейн, су рәсімдері.
  • Массаж.
  • Табиғатпен және жануарлармен қарым-қатынас.
  • Қозғалыс. Жаяу жүру, би, музыка.
  • Театрлар, мұражайларға, концерт залдарына бару.
  • Физикалық жүктемелердің мөлшерлі болуы.
  • Басты құпия – күлкі мен әзіл-қалжың (жер бетінде барлық жерде, күлкіден шамдар жансын!!!)

Сөзбен әсер етумен байланысты әдістемелер

   Эмиль Куэ (1857-1926) - француз психологі және фармацевті, ол әзірлеген  психотерапия мен жеке тұлғалық өсу әдісі өзін-өзі сендіруге негізделген. Сөзбен өзін-өзі сендіру әдісі: «Барлық қатынастарда маған күн өткен сайын жақсы болған үстіне жақсы бола түсуде!», бұл әдістің оңды әсері адам өз ішінде жасайтын әрбір жарқын бейне өзін жүзеге асыруға ұмтылатындығына негізделген.

   Бұлшықеттер, қозғалыс тонусымен басқаруға байланысты тәсілдер. Иоганн Генрих Шульц (1884-1970) неміс психиатры және психотерапевті,  аутогенді жаттығу әдісін жасаушы (Кучер кейпі).

      1930-жылдары Эдмунд Джекобсон прогреске ұшырайтын бұлшықеттік релаксация әдісін жасады. Әдістің негізгі идеясы  - күшті қауырттылықтан кейін бұлшықеттер автоматты түрде барынша босаңсиды, ал бұлшықеттердің босаңсуы алаңдаумен (бұлшықеттердің ширығуы, бұлшықеттердің босаңсуы) үйлеспейді.              Жағымды бейнелерді: жапырақтардың сыбдырын, судың жағаға соғылуын, құстардың сайрауын, судың сылдырын және т.б. пайдалану).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есте ұстаңыздар!!! Кез келген көмектің басты қағидаты басқа адаммен өзіңде бар нәрсені ғана бөлісуге болатындығында!!

МАҢЫЗДЫ! Сауатты медициналық қызметкер медициналық қызметте жағымсыз факторлардың әсер етуін көре білуі және өзінің кәсіптік білімін оларды түзетімдеу үшін пайдалануы тиіс.

Сондай-ақ қараңыздар:

Пациент пен дәрігер арасындағы мәмілені стандартты екіжақты шарт ретінде құқықтық қарастыру: нормативтік талдау

Медициналық қызметкерлердің арасындағы жанжалдық жағдаяттар және жанжалдар: кезеңдері, себептері, түрлері

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях