text
MCFR.KZ Медицина

Бикелік істегі менеджмент және көшбасшылық

  • 5 мая 2018
  • 12
Бикелік істегі менеджмент және көшбасшылық
Бикелік істегі менеджмент және көшбасшылық

Кез келген емдеу мекемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі персонал жұмысын бақылау және ұйым қызметіне әсер етуі мүмкін қателіктерді тіркеу және түзету болып табылады

Жоспарлау бике-басшының  жұмысындағы негізгі функциялардың бірі ретінде

Жоспарлау кез келген басшыға алда тұрған жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтауға көмектеседі. Бұл жұмыс уақытын, ресурстар мен материалдық шығындарды неғұрлым тиімді бөлу мүмкіндігін береді.

Бике-басшы қызметіндегі негізгі функциялар:

  •  жоспарлау;
  •  ұйымдастыру;
  •  уәждеме;
  •  бақылау.

Өкінішке орай, орта буын басшыларының бәрі бірдей өз жұмыс күнін жоспарлай бермейді, бұл уақыт пен ресурстардың тұрақты тапшылығына, еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне, көңіл-күй мен өзін-өзі сезінудің нашарлауына әкеледі.

Маңызды! Аға медициналық бикелердің жұмыс уақытын ұйымдастыру бас медициналық бикенің еңбек күні қалай ұйымдастырылғанына байланысты болады.

Бұл үшін бас дәрігердің бикелік іс жөніндегі орынбасары жұмысының бір жылға перспективалық жоспары жасалады,  оған әртүрлі деңгейлердегі медициналық бикелермен, шаруашылық бикелерімен және санитар бикелермен жұмыс жүргізу үшін жоспарланатын ірі іс-шаралар енгізіледі. Жылдық жоспар негізінде ай сайын неғұрлым егжей-тегжейлі ағымдық жоспар әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:

– бас дәрігердің бикелік іс жөніндегі орынбасарының емдеу-профилактикалық мекемесінің әкімшілігі жүргізетін іс-шараларына (бөлімшелерді аралап шығулар, кеңестер, комиссиялар және т.б.) қатысу күндері мен сағаттары;

– бике-басшының перспективалық жылдық жоспарға сәйкес іс-шараларға қатысу күндері мен сағаттары;

–  медициналық құжаттамамен (бұйрықтар, хаттамалар, актілер, медициналық әдебиет және т.б.) танысу және онымен жұмыс істеу уақыты;

– емдеу мекемесінің бөлімшелерін өздігінше аралап шығу күндері мен сағаттары;

– жолға шығу жұмысы және т.б.

Назар аударыңыз! Жоспарды бас дәрігер бекітеді, көбейтіледі және бөлімшелердің аға медициналық бикелеріне таратылады.

Басқару жүйесіндегі бақылаудың маңызы

Орындалған кез келген жұмыс тексеру мен нақты нәтижелерді жоспарланғанмен салыстыруды талап етеді. Бұл процесс бақылау деп аталады.

Маңызды! Бике-басшы қарамағындағылардың жұмыс сапасын тексеруге әрқашанда дайын болуы тиіс.

Бикелік персонал қызметінің нәтижелері, егер басшы тарапынан бақылау мен баға беру болмаса, тиімді болмайды. Сондықтан кез келген емдеу мекемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі қателіктерді олар ұйым мақсаттарына қол жеткізуге әсер еткенге дейін өз уақытында тіркеу, бағалау мен түзеу болып табылады. Әрбір басшы олардың өз функциялық міндеттерінің ажырамас бөлігі болып табылатыны туралы ұмытпай, қарамағындағылардың қызметіне бақылау мен бағалауды жүргізуі тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүргізілетін бақылау алдын ала, ағымдық, қорытынды бақылау болуы мүмкін.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Алдын ала бақылау оларды қатаң сақтау жұмысқа берілген бағытта дамуға көмектесетін ережелер мен рәсімдер түрінде іске асырылады. Ол мынадай салалардағы бақылауды қамтиды:

  • адам ресурстары – лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті іскерлік және кәсіптік білім мен дағдыларды мұқият талдау және бикелік істің неғұрлым дайындалған және білікті мамандарын іріктеп алу есебінен қол жеткізіледі;
  • материалдық ресурстар – сапа стандарттарын жасап шығару және бұл талаптарға сәйкестікке тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады;
  • қаржылық ресурстар – қаржылық ресурстарды алдын ала бақылаудың аса маңызды құралы бола отырып, бюджет (ағымдағы қаржылық жоспар) бике-басшыға жоспарлау функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бюджет шектік шығындарды белгілейді және осылайша емдеу мекемесіне өзінің қолда бар қаражатын соңына дейін сарқуға мүмкіндік бермейді.

Ағымдық тексеру обұл қызмет барысында туындаған проблемалар мен ұсыеныстар талқыланатын кезде, бикелік қызметті тікелей жүргізу барысында жүзеге асырылады, түсініксіз жерлері жойылады және міндетті орындауға түзету енгізіледі, бұл белгіленген мақсаттар мен міндеттерден ауытқуды болғызбауға мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Егер персонал қызметінде пайда болған ауытқушылықтарға назар аударылмаса, олардың пайда болуы мен дамуы бүкіл емдеу мекемесі үшін елеулі проблемаларға дейін өсуі мүмкін.

Мұндай бақылаудың тиімді нәтижелерін алу үшін кері байланыс (жұмыс процесінде алынған нәтижелер туралы мәліметтер) қажет, ол басшыға көптеген болжамдалмаған проблемаларды айқындауға және еңбек қызметінде бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қорытынды бақылау жұмыс аяқталған немесе оны орындауға жоспарланған уақыт біткен кезде жүзеге асырылады. Мұндай бақылау бикелік қызмет басшысына болашақта осыған ұқсас қызметті жоспарлау үшін қажетті ақпарат береді және медициналық бикелердің уәждемесін арттыруға жағдай жасайды. Яғни жақсы орындалған жұмыс сыйақыны, ал нашар орындалған жұмыс – себептері айқындауды және оларды жоюды талап етеді.

Бақылау мен бағалау жүргізу әдістерінің бірі  – аралап шығуларды жүргізу:

  • Әкімшілік  аралап шығуды бас дәрігер  немесе оның орынбасары бас дәрігердің бикелік іс жөніндегі орынбасарымен  бірге  өткізеді. Бұл аралап шығуға шаруашылық қызметтің өкілдері де шақырылады.
  • Кешенді аралап шығуды бас дәрігердің бикелік іс жөніндегі орынбасары өздігінен, медициналық бикелер кеңесінің өкілдерімен жүргізеді. Тексеру бірнеше бағыт: санитариялық жай-күй, дәрігерлік тағайындауларды орындау, күшті әсер ететін және есірткі заттарды есепке алу мен сақтау, құжаттама жүргізу және т.б. бойынша жүзеге асырылады. Аралап шығу нәтижелерін неғұрлым толық бағалауды алу үшін аға медициналық бикелердің, емшаралық бикелердің, шаруашылық бикелерінің және т.б. жұмысын тексеру бойынша жаднамалар жасалады. Мұндай жаднамалармен барлық бике-басшылар қамтамасыз етіледі.
  • Мақсатты бағытталған  аралап шығуда неғұрлым тар бағытты, нақты міндеттер болады. Ол таңдап алу тексеруінің мақсаттарын көздейді. Мысалы: медикаменттерді, таңу материалын, спиртті және т.б. есепке алу, сақтау, жұмсау. Аралап шығу аға медициналық бикенің қатысуымен жүргізіледі. Алынған барлық ескертпелер бөлімше меңгерушісінің қаперіне жеткізіледі.

Бикелік көмек көрсету сапасы бойынша неғұрлым дұрыс мәліметтер алу үшін пациенттердің арасында сауалнама жүргізу пайдалы. Сауалнама бөлімшенің немесе кабинеттің бейініне байланысты еркін түрде жасалады. Өткізілген сауалнаманың нәтижелері талданады, бағаланады, тиісті қорытындылар мен ескертпелер жасалады, бұдан кейін ұсыныстар ескеріледі және іс-әрекеттер жоспарына қажетті түзету жасалады.

Бақылау мен бағалау жүргізудің белгіленген әдістері мен тәсілдері орындалатын жұмыстың бейініне және басшының шығармашылық әлеуетіне қарай жетілдірілуі, толықтырылуы мүмкін.

Сондай оқыңыздар:

Бас медбикенің емдеу мекемесінің қызметіндегі рөлі

Бикелік басқарудың жаңа моделін енгізу

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях