Руководитель медицинской организации

ҚР ЕПМ-ге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

13 ноября 2019
54
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт

Мақалада ҚР ЕПМ салу құрылысына жер телімін таңдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, ЕПМ объектісін сумен жабдықтауға және су бұруға қойылатын талаптар, сондай-ақ жарықтандыруға, ауамен баптауға және желдетуге қойылатын талаптар жазылған.

Денсаулық сақтау объектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар қызметін жүзеге асыратын объектілер.

2017 жылғы 31 мамырда № 357 бұйрығы ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Санитариялық-эпидемиологиялық режим

Санитариялық қағидаларда мыналарға::

  • денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға;
  • денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және суды бұруға;
  • денсаулық сақтау объектілерін жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға, жылумен жабдықтауға;
  • денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға;
  • денсаулық сақтау объектілерінде

    санитариялық-эпидемияға

     қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
  • денсаулық сақтау объектілерінде

    медициналық қалдықтарды

    жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға;
  • денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына;
  • персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қойылады.

Жобалау кезінде не қажет: санитариялық қағидалар (ЕПМ бойынша санҚжН) 

Инфекциялық аурулар ауруханасын, бөлімшесін жобалау кезінде:

  • кемінде екі тексеріп-қарау кабинеті немесе бокстары болуы қажет қабылдау бөлімі;
  • ауа-тамшы

    жолы арқылы, ішек,

     вирустық инфекциялармен, аса қауіпті және карантиндік инфекциялармен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға арналған оқшауланған бөлімшелер;
  • диагностикалық бөлімше

     (диагностикалық палаталар);
  • зертханалар көзделеді.

★ Тақырып бойынша сұрақ: ★

ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛАР БОЙЫНША ТӨСЕМДЕРДІҢ БОЛУЫ ТАЛАП ЕТІЛЕ МЕ?

Иә, талап етіледі (ҚР ҰЭМ-нің 25.02.2015 ж. № 131 бұйрығының 19 ,82 тармақшалары (бұдан әрі – Бұйрық)). Жинақталымдарға (төсемдер деп аталатындарға) қойлатын талаптар Бұйрықтың 2 қосымшасында баяндалған, онда сондай-ақ олардың құрамы да көрсетілген.


  1. Жобалау кезінде инфекциялық аурухананың тексеріп-қарау боксында дербес оқшауланған сыртқы есік көзделеді.
  2. Перинаталдық орталықтарды, перзентханаларды жобалау кезінде сыйымдылығы екі ананың төсегінен аспайтын 

    босанғаннан кейінгі палаталар

    көзделуі қажет. Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерге реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге арналған бөлімшелер көзделед

    і.
  3. Экстракорпоральды ұрықтандыру бөлімшесінің құрамы мен алаңы технологиялық процеспен және мекеменің қуатымен айқындалады.
  4. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары орналастырылады.

Операциялық блоктар (бөлімшелер) өтетін жолда болмауы тиіс. медицина персоналының кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.

5. Асептикалық

бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді:

★ Тақырып бойынша сұрақ: ★

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЫМДАРТАҒЫ ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ҚАҢДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ

Желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартудың және дезинфекциялаудың технологиялық процесі жұмыстарды ұйымдастырудың және жүргізудің төрт кезеңін көздейді:

  1. Олардың санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жағдайларын бағалау мақсатында желдету және ауаны баптау жүйелерін, сондай-ақ олар орналасқан үй-жайларды санитариялық-эпидемиологиялық.
  2. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру материалдарының, сондай-ақ объектінің санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жағдайын бағалау негізінде желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тактикасын және жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады.

6. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштер үш көршілес үй-жай құрамында жобаланады. Бірінші үй-жай себезгімен, санитариялық тораппен жабдықталады. Екінші үй-жай таза хирургиялық костюмдер, аяқ киімдер, бахилалар кию үшін пайдаланылады. Үшінші үй-жай пайдаланылған киім-кешекті ауыстыруға және жинауға арналған.

7. Амбулаториялық, пластикалық және эстетикалық хирургия орталықтарында, дерматология-косметология объектілерінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда үй-жайлар жиыны аз – операциялық, операция алды, санитариялық өткізгіш, пациенттер үшін операциялық бөлмеге кірудегі шлюз және операциядан кейінгі палата бар шағын операциялық залдар көзделеді. Санитариялық өткізгіш персоналдың таза және лас киім-кешегін сақтауға арналған жағдайлармен қамтамасыз етіле отырып, себезгімен жабдықталатын бір үй-жайдың құрамында жобаланады.

Шағын операциялық залдарға пациент шлюз арқылы, персонал – операция алды бөлмесі арқылы түседі.

8. Магниттік-резонанстық томография, сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін жобалау, сондай-ақ тиімді дозаның рұқсат етілген қуатының мәнін гигиеналық нормалау Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыргүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

9. Психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық мекемелер қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше селитебтік аумақтан ажырауды сақтай отырып, жасыл алқаптарда орналастырылады.

10. Тұрғын үйлерде қуаты ауысымына 100 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде күндізгі стационарлары, амбулаториялық хирургия орталықтары (пациенттер 5 тәуліктен артық болмайтын) бар денсаулық сақтау объектілерін орналастыруға жол беріледі.

11. Тұрғын ғимаратта осы Санитариялық қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттер тәулік бойы болатын стационарларды орналастыруға жол берілмейді.

12. Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер, операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, босандыру, стоматологиялық кабинеттер, орталық стерильдеу бөлімшесі, электр-жарықпен емдеу кабинеттері, шеберханалар, улы, әсері күшті, тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарға арналған қоймалар орналастырылмайды.

Сумен жабдықтауға және су тартуға қойылатын ЕПМ-ге арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (СанҚжН) 

3-тараудағы «Денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және су бұруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық италаптарға» сәйкес шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау және су бұру көзделеді.

Егер ЕПМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ұңғымалар суы немесе арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда сақталатын әкелінетін су пайдаланылады.

Дәрігерлердің пациенттерді қабылдайтын барлық кабинеттерінде, қосалқы үй-жайларда суық және ыстық су өткізілген раковиналармен жабдықталуы тиіс.

Айрықша режимді талап ететін (таңып-байлау, қол әрекеттерін жасау және т. б.) кабинеттерді шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектерді орната отырып, ыстық және суық су өткізілген раковиналармен жабдықтау қажет.

ЕПМ-де орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнату қажет.

Егер ЕПМ-де орталықтандырылған су бұру желісі болмаған жағдайда сарқынды сулар жер астындағы су өткізбейтін сыйымдылыққа кететіндей жергілікті су бұру жүйесінің құрылғысы жүргізілуі тиіс, сарқынды суды қабылдауға арналған сыйымдылық міндетті түрде қақпақпен жабдықталуы және шаруашылық аймағында орналастырылуы тиіс.

Жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға және жылумен жабдықтауға қойылатын медмекеменің санитариялық талаптары

ЕПМ табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді. Күнгей бетке қарайтын терезелер күннен қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Жасанды жарықтандыру табиғи жарықтандыру мүмкін болмаған үй-жайларда жасалады. Денсаулық сақтау үй-жайларындағы табиғи және жасанды жарықтандыру осы Санитариялық қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес параметрлерге қарай айқындалады.

Ауысымына 150 және одан астам келушіге есептелген стационарлық және амбулаториялық-ЕПМ, емханалық көмек көрсетілетін денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттарын механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіш жүйелерімен жабдықтау керек.

★ Өзекті мәселе ★

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтардың үлгілері?
ҚР ЕПМ-ге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Динара Макажанова

эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы

1. Әртүрлі дәрежелік-эпидемиологиялық қауіптілік ағындарының қиылысуын болдырмау үшін қажетті технологиялық процестер ағындылығының сақталмауы.

2. Ішкі үй-жайларды аймақтарға бөлудің (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, "лас" үй-жайлар аймағы) сақталмауы.

3.Таңу, босану залдары, жан сақтау залдары, емшара кабинеттері, жаңа туған нәрестелер палаталарындағы медициналық бикелердің посттары, хирургиялық, гинекологиялық кабинеттер, бокстардың, жартылай бокстардың шлюздері, зертханалар шұңғылшалармен, шынтақтық крандармен, шынтақтық дозаторлармен жабдықталмайды.

Ауысымына 150 келушіден кем объектілер үшін асептикалық үй-жайларда бактерицидті сүзгілері бар ауаны баптау аспаптарын орнату көзделеді.

Инфекциялық, оның ішінде туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), әрбір бокс пен жартылай бокстың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын желдетудің жеке сыртқа тарту жүйесі орнатылады. Инфекциялық бөлімшелерде механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіші болмаған жағдайда әрбір бокс пен жартылай бокс адамдар болған кезде пайдалануға мүмкіндік беретін бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен жарақтала отырып, табиғи желдеткішпен жабдықталады.

Операциялық үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткішінен басқа табиғи желдеткіш көзделеді.

Операциялық, наркоз беретін, босандыру бөлмесіне, реанимация, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі бар науқастарға және иммунитет тапшылығы бар онкогематологиялық науқастарға арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%). Операциялық, қарқынды терапия, реанимация, босандыру палаталарында, емшара бөлмелерінде, зертханаларда, медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сыртқа тарту шкафын орнату көзделеді.

Ауа алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебіне және ауаның газ құрамын ұстап тұруға қарай таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан аспайды, ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,15 метрден аспайды.

Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарту және сору жүйелері үшін бөлек, дәрігерлер кабинеттеріне, операциялық бөлімге, палаталарға және адамдар үнемі болатын үй-жайларға тігінен және көлденеңінен жалғаспайтын арнайы үй-жайларда орналастырылады.

«ACTUALIS : Медицина» электрондық жүйесінен басқа да пайдалы ұсынымдарды оқыңыздар

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×