text
MCFR.KZ Медицина

Зертханаларға қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  • 14 мая 2018
  • 21
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель отдела эпидемиологического надзора за ВБИ ДЗПП г. Алматы
Зертханаларға қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Зертханаларға қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Зертханалар жұмысын регламенттейтін жаңа Санитариялық қағидалар өз күшіне енді, оларда биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жекелеген санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қайта қарастырылды немесе алынып тасталды

2017 жылдың соңында зертханаларға қойылатын талаптарды регламенттейтін жаңа Санитариялық қағидалар күшіне енді. Олар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы»  № 684  бұйрығымен (бұдан әрі – №684 СҚ) бекітілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрімен келісілген.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылы
14 қарашада  №15990 болып тіркелген. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімінде № 116307 болып тіркелген.

Осы бұйрықпен бұрын қолданылып келген,  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 сәуірдегі «"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы»  № 338 бұйрығының (бұдан әрі  –  №338 СҚ) күші жойылды деп танылды.

Маңызды! Зертханаларға қойылатын талаптарға өзгерістердің кәсіпкерлік үшін әкімшілік тосқауылдарды төмендету, талаптарды халықаралық стандарттарға келтіру және жаңа технологияларды енгізуді есепке алу мақсатымен енгізілгенін айту қажет.

Жекелеген тармақтарды оңтайландыру және ырықтандыру денсаулық сақтау саласында  және басқа салаларда жеке кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Оларды шартты түрде «жаңа» санитариялық қағидалар деп атаймыз.        

Зертханаларға қойылатын техникалық талаптардың өзгеруі

Санитариялық қағидалардан санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы бақылау және қадағалау органының құзіретіне жатпайтын  зертханалық жабдықтарды аттестаттау, салыстырып тексеру және жөндеу, инженерлік желілер мен жүйелерге қызмет көрсету сияқты талаптар алынып тасталды.

Сәулеттік-жоспарлау және құрылымдық шешімдерге өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта патогенділіктің III-IV топтарының микробиологиялық зерттеулерін орындайтын зертханаларды орналастыру кезінде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан 30 метрден кем емес арақашықтықты сақтау талап етілмейді. Учаскенің сыртқы қоршауы жабдықтарының құрылымы бөлігіне қойылатын талаптар жоқ, бұрынырақта егжей-тегжейлендіру болған – «ағаш, металл, торлы, торкөзді». Жұмыс орындарына қарай өтетін негізгі өтпелердің  немесе жабдықтар арасындағы өтпелердің еніне қойылатын норма алынып тасталды, бұрын ол шығыңқы құрылымдарды есепке алғанда 1,5 метрден аз болмайтын арақашықтықты құрайтын.

Сондай-ақ, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар да айтарлықтай қайта қаралды. Жаңа Санитариялық қағидалардан «Зертханаларға қойылатын жалпы талаптар» параграфы алынып тасталды, бұл неғұрлым нақты жұмысты, эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыстардың белгілі бір түрлеріне қойылатын нақты талаптар бар болған кезде бақылау жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Яғни басшылық пен персонал зерттеулердің әралуан түрлерін орындайтын қандай да бір зертханалар қандай жағдайлармен қамтамасыз етілетінін айқын білетін болады.

Мұндай әсерді «Қорғаныс киімін қолдануға қойылатын талаптар» параграфының алынып тасталуы әкелуі тиіс, жеке қорғану құралдарының (бұдан әрі – ЖҚҚ) әралуан түрлерін, әртүрлі үлгідегі қорғаныс костюмдерін және басқа арнаулы киімді пайдалану зертханалардың түрлері бойынша талаптар орын тапқан әртүрлі тарауларда берілген. Осылайша, микробиологиялық зертханаларда белгілі бір арнаулы киім мен ЖҚҚ, радиологиялық зертханаларда – басқа арнаулы киім және т.б. пайдаланылуы тиіс. Жаңа СҚ-да да көру және тыныс алу мүшелеріне арналған ЖҚҚ-на қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі баяндаудың жоқ екендігін де атап өту қажет.


Патогенділігі I-IV топтағы микроағзалармен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханалар жұмысына қойылатын талаптар

Маңызды! Микробиологиялық зертханаларға қойылатын талаптардағы қағидаттық айырмашылық патогенділігі является то,   III-IV топтардағы микроағзалармен жұмыс істеу үшін жағдайлары бар зертханаларда адамдардың қанынан антигендерді (қоздырғыштың жинақталуынсыз), оларға антиденелерді айқындау бойынша зерттеулер жүргізуге және бруцеллез қоздырғыштарының, адам иммундық тапшылық вирусының, парентеральдық В және С вирустық гепатиттерінің клиникалық материалында детекция бойынша молекулалық-генетикалық әдістермен (қоздырғыштың жинақталуынсыз) диагностика өткізуге жол берілетіндігі болып табылады  (43 тармақ).

Меншік нысандарына қарамастан, патогенділігі

I-IV топтардағы микроағзалармен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханалар үшін режимдік комиссия рұқсатының бар болу талаптары қалдырылды (42 тармақ), бұл рұқсаттың нысаны № 684 СҚ 2 Қосымшасынан көрініс тапқан. Егер № 338 СҚ-да бұл мәселеге сегіз тармақтан тұратын тұтастай бір 8-тарау берілсе, және бұл рұқсатты алу үшін белгіленген нысандағы өтінішті толтыру, тиісті бейіндегі сарапшылардың қорытындысын және зерттеп-тексеру актісін алу, түсіндірме жазбаны қоса беру қажет болса, енді қазіргі уақытта бұл рәсім айтарлықтай оңайлатылды.

Назар аударыңыз! «Патогенділігі I-IV топтардағы микроағзалармен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады, оны Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Бұл мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2017 жылғы 28 сәуірдегі  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 217 бұйрығымен (бұдан әрі - Стандарт) бекітілген.

Бастапқыда режимдік комиссияның рұқсатын алу үшін өтініш берудің алдында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органға (бұл облыстар мен Астана және Алматы қалаларының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері) зертхананың санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-тексеру Актісін (бұдан әрі – Акт) алуы туралы өтінішпен жүгіну қажет (нысаны ерікті, жүгініс мәнін баяндауы тиіс). Онда режимдік комиссия құрылған мемлекеттік орган қызметкерлері объектіге шығумен бақылаудың өзге нысанын өткізеді, оның нәтижелері бойынша зертхананың  № 684 СҚ талаптарына сәйкес келетін-келмейтіні туралы Акт береді. Зертхана зерттеп-тексеруінің Актісін осы Стандартқа 3 Қосымшаға сәйкес нысан бойынша, зертхананың бейіндік мамандары жасайды.

 «Оңды» Акт алған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне «Патогенділігі I-IV топтардағы микроағзалармен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгініс жасау керек. Қызмет көрсету реті жоғарыда көрсетілген Стандартпен белгіленген. Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Электрондық үкімет» -  www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады, шағымдану тәртібі мен бұл қызметті көрсету бойынша өзге де талаптар   Стандарттан көрініс тапқан.

Тұтастай алғанда, № 684 СҚ-дағы тармақтар саны 208-ді құраса, ол  № 338 СҚ-да 242 болатын, қосымшалар саны да 10-нан 9-ға төмендетілген. Талаптардан үй-жайлар аудандарының нормалары алынып тасталған, өйткені бұл мәліметтер сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді қайталайды.

Маңызды! Зертханалардың негізгі және көмекші үй-жайларының жиыны мен аудандары мөлшерлерінің барлық белгіленген нормаларын 3.02-08-2010 «Емдеу-профилактикалық мекемелер» Құрылыс нормалары мен ережелерінен табуға болады.

Толығырақ  «Медицина ұйымының басшысы» журналының 2018 жылғы 3-нөмірінен оқыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар: 

СЭС медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қысқартты

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама: АІИ профилактикасы

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль