MCFR.KZ Медицина

Менингококтік инфекциядан сақтандыру бойынша іс-шаралар

  • 23 мая 2018
  • 23
автор журнала "Старшая медицинская сестра", руководитель отдела эпидемиологического надзора Управления охраны общественного здоровья Наурызбайского района г. Алматы
Менингококтік инфекциядан сақтандыру бойынша іс-шаралар

Менингококтік инфекциядан сақтандыру бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар мыналарды қамтиды: эпидемиологиялық қадағалау, инфекцияны тіркеу, науқастарды ауруханаға жатқызу кезіндегі іс-шаралар кешені, қайта ауырғандарды бақылау және бұл инфекцияның зертханалық диагностикасына қойылатын белгілі бір талаптар.

Қызамық пен қызылша оқиғасы сияқты, 2017 жылы Наурызбай ауданында менингококтік инфекцияға (МКИ) ауруға шалдығу бойынша да орнықты эпидемиологиялық жағдай байқалды. 2017 жылы бұл ауданда менингококтік инфекцияның зертханалық расталған бірде-бір оқиғасы болған жоқ. 2016 жылдың 12 айы ішінде менингококтік инфекцияның 1 оқиғасы тіркелген болатын – менингококцемия диагнозымен 2 жасар бала, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 0,77.

Бастапқы төтенше хабарламалар бойынша менингококтік инфекцияның 1 оқиғасы тіркелген болатын, бірақ диагноз жіті назофарингитпен алынып тасталды. 2017 жылдың 12 айы ішінде іріңді менингитпен ауруға шалдығудың зертханалық расталған 4 оқиғасы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 2,79. 2016 жылдың 12 айында зертханалық расталған 7 оқиға тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 5,36. Өткен жылмен салыстырғанда, ауруға шалдығудың 2 есеге  төмендегендігі байқалды.

Бастапқы төтенше хабарламалар бойынша, іріңді менингиттің 22 оқиғасы тіркелді, олардан: 4 оқиға – расталған, стафилококтің себілуі, 8 оқиға ЖТВИ-мен, пневмониямен – 7 оқиға алынып тасталды, 2 оқиға серозды менингитпен, серозды менингиттен іріңді менингитке 1 оқиға алынып тасталды.

2017 жылдың 12 айының ішінде серозды менингиттің зертханалық расталған 3 оқиғасы тіркелді (ЭВИ-ға ПТР оңды). Серозды менингиттің + энтеровирустық  инфекцияның зертханалық расталған 3 оқиғасы – 14 жасқа дейінгі балалардың арасында болды.

Ауруға шалдығушылық контингенті бойынша былай бөлінді:

  • мектеп оқушысы – 1 оқиға (бала күзгі каникул кезінде ауырған, берілу факторы: ауа-тамшылық);
  • ұйымдастырылмаған балалар – 2 оқиға (берілу факторы: жанасушылық жол).

Бастапқы төтенше хабарламалар бойынша серозды менингиттің 34 оқиғасы тіркелген, олардан: зертханалық расталған 3 оқиға (ЭВИ-ға ПТР оңды), 10 оқиға – серозды менингит диагнозы клиника негізінде қойылған, ЖТВИ-ге – 15 оқиға, жіті бронхитке – 4 оқиға, 2 оқиға – іріңді менингитке алынып тасталды.

МАҢЫЗДЫ! Менингококтік инфекцияның клиникалық барысында оқшауланған (менингококк тасымалдауыштық, назофарингит) және шоғырландырылған (менингит, менингококкцемия, аралас және басқалар) нысандар ажыратылады. Маенигококтік инфекция кезінде инкубациялық кезең 2-ден 20 күнге дейін, жиірек 2-4 күнге созылады.

Жіті назофарингит – 3-5 күннің ішінде қалыпты дірілдеп-қалшылдаумен, уыттанудың әлсіз білінетін симптомдарымен және ринофарингитпен өтеді және клиникалық симптомдары бойынша басқа этиологиядағы жіті тыныс алушылық аурудан ерекшеленбейді, осыған байланысты диагноз мұрын-жұтқыншақ шырышын бактериологиялық зерттеудің оңды нәтижесі негізінде ғана белгіленеді.

Менингит дірілдеп-қалшылдаудан, бастың қатты ауыруы мен құсудан жіті басталады. Науқастарда жарықтан қорқу, тері гиперакузия, гиперестезиясы дамиды, одан кейін қозу мен қимылдық мазасыздық, ес-түстің комаға дейін бұзылуы қосылады, менингеалды симптомдар үдей түседі. Айқын білінетін уыттанушылық, ес-түстің бұзылуы, тырысу, талма, бассүйек-ми жүйкелерінің парездері, атаксия, гемипарездер мен салданулар, нистагмалар, мишықтық бұзылулар менингоэнцефалитті айғақтайды. Менингит пен менингоэнцефалит кезінде жұлындық сұйықтық лайлы болады, құрамында нейтрофилдер есебінен цитоз жасушаларының саны 0,01 х 109/л және одан жоғары, ақуыз құрамы 0,33 г/л-ден көп, Панди және Нонне – Апельт реакциялары оң нәтижелі болады.

Менингококцемия (менингококтік сепсис) назофарингитпен ауыратын науқастар бөлігінде жіті басталады. Дене температурасы 40 ⁰С және одан да жоғарыға дейін көтеріледі, уыттану симптомдары айқын білінеді. Сипатты симптомы – денедегі, аяқ-қолдардағы, бөкселердегі геморрагиялық бөртпе ауру басталғаннан  12-48 сағаттан кейін пайда болады. Бөртпелер элементтері әрең байқалатын әртүрлі нысаннан тері бетіне шығып тұратын алқызыл түсті, ірі қан құйылулар түрінде болуы мүмкін. Қан құйылудың орталығында некроз болуы мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Менингококцемияда аса жылдамдық сипатқа ие болуы мүмкін, бұл кезде қауырт басталу, шұғыл дірілдеп-қалтырау, үрей сезімінің пайда болуы орын алады. Дене температурасы 40-41 ⁰С-қа дейін көтеріледі, одан кейін инфекциялық-уыттанушылық есеңгіреудің (бұдан әрі – ИУЕ) дамуына қарай, жылдам төмендейді. Алқыну үдей түседі, тахикардия, артериялық қысым түсіп кетеді, өлім ауру басталғаннан кейін 6 – 48 сағаттан кейін келеді.

Эпидемиологиялық қадағалау

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Менингококтік инфекциялармен ауруға шалдығушылыққа эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды:

1) менингококктік инфекциялармен ауруға шалдығушылыққа ретроспективалық эпидемиологиялық талдама, оны жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері профилактикалық іс-шаралар тізбесін, көлемі мен мерзімдерін, ұзақмерзімдік бағдарламалық-мақсатты жоспарлауды негіздеу мақсатымен жыл сайын өткізеді. Менингококтік инфекциялардың құрылымын  нозологиялық нысандар бойынша зерделеу, «тәуекел топтарын» айқындау үшін халықтың жекелеген жастық, әлеуметтік, кәсіптік  топтарының ауруға шалдығу деңгейін бағалау қажет;

2) ауруға шалдығушылықтың басталып келе жатқан көтерілуін өз кезінде, оның себептерін айқындау мен оперативтік эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ай сайын жүргізетін оперативтік эпидемиологиялық талдамасы. Ағымдық ауруға шалдығушылықты апталар, айлар бойынша салыстыру, бұл аумаққа тән ауруға шалдығушылықтың осы аумаққа тән бақылау деңгейлерін салыстыру жүргізіледі.

Ауруханаішілік ауруларға жол бермеу мақсатымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері медициналық ұйымдардағы, балалар үйлеріндегі, сәби үйлеріндегі, психоневрологиялық диспансерлердегі, интернат-үйлердегі санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді.

МАҢЫЗДЫ! Менингококтік инфекциялармен ауыратын науқастар мен күдіктілерді айқындауды олардың ведомстволық тиістілігі мен меншіктік нысандарына қарамастан, денсаулық сақтаудың барлық ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер амбулаториялық қабылдаулар, үйге барулар, медициналық қарап-тексерулер, диспансерлендіру және медициналық ұйымдарға басқа келулер кезінде жүргізеді.

Толығырақ «Аға медбике» журналының 2018 жылғы 4-нөмірінен оқыңыздар.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться