text
MCFR.KZ Медицина

Аумақты қалай абаттандырады

  • 19 июля 2018
  • 0
дәрігерлер
дәрігерлер

Медмекеменің аумағын абаттандырудың басты мақсаты пациенттер мен жұмыскерлердің аумақта болуына жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, сондай-ақ медициналық ұйымның аумағын көшеден бөлу болып табылады.

Науқастар мен сауығушыларға жағымды жағдай жасау үшін, сондай-ақ емдеу мекемелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту үшін аумақты ландшафтты жоспарлау жорамалданады. Оның көмегімен ғимарат пен іргелес аумақтың сәулеттік келбеті жақсарады, жақсы самал соғады, желден және шудан қорғануға болады.

Медициналық мекеме мен қалалық құрылыстардың арасында белгілі бір ара қашықтық болуы тиіс. Құрылыс қалалар мен ауылдарды жоспарлау мен салу стандарттарына, оған қоса санитариялық-қорғаныс аймақтарына қойылатын гигиеналық талаптарға бағынады. Жер телімінің СҚменН сәйкестігі туралы қорытындыны берумен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары айналысады.

Орналастыру қағидаттары

Психатриялық және инфекциялық бейіндегі стационарлардың орналасуы азаматтық тұрғын үйлерден 100 метрге жақын болмауы тиіс. Әдетте мұндай мекемелерді қаланың сыртында немесе жасыл аймақта салады.

Бір жер телімінде әртүрлі бағыттағы және өзара байланысы жоқ мекемелерді салудың алдын алу қажет. Емдеу-профилактикалық мекемелері (ЕПМ) үшін әдетте қонақ үйлер жобаланады.

Стационарлардың, оған қоса амбулаторлық-емханалық ғимараттардың аудандарын анықтау үшін қала құрылысындағы нормативтік құжаттардың талаптарын пайдаланады.

Аумақты көгалдандыруға стационардың жалпы ауданының кем дегенде жартысы бөлінеді. Норма қалалық ортаның аса тығыздығы кезінде бау-бақша, тұрақ аймағының, сондай-ақ стационарларда тәуліктік жүріп-тұру болмаған кезде қалпына келтіруге емдеу палаталары есебінен 10 – 15 % төмендетілуі мүмкін.

Психиаторлық стационар үшін құрылысты көшеден бөліп тұратын биіктігі кем дегенде 2,5 метр болатын қорған көзделеді. Басқа стационарлы ғимараттар үшін қорғанның биіктігі 1,6 метр.

Сыртқы жарықтандыру

Ғимараттың сыртқы есіктері, баспалдақтары мен өрт сөндіру гидранттарына қатынау, барлық жаяу жүргінші және автокөлік жолдары автотұрақтарды қоса алғанда мен  міндетті түрде жарықтандыруға жатады.

Терезелер мен есіктердің табиғи жарықтандырылуына кедергі келтірмес үшін ағаштар ғимараттан кем 15 метр, ал бұталы өсімдіктер 5 метр қашықтыққа егіледі.

Тұрақ орындарының есебі

ЕПМ аймағында ауданын 2-кесте бойынша есептеуге болатын тұрақтар көзделеді.

Медициналық мекемелердің мақсаты

Қажеттілік

Автомобильдер саны

Аймақтық деңгейдегі мекемелер

100 адамға

10 – 20

100 төсек орынға

10 – 20

Қалалық және учаскелік деңгейдегі мекемелер (диспансерлер, перзентханалар және т. б.)

100 адамға

5 – 7

100 төсек орынға

5

Жедел жәрдем ауруханалары мен станциялары

10000 тұрғынға

1 жедел жәрдем машинасы

Емханалар мен амбулаториялар

100 адамға

5 – 7

100 төсек орынға

2-3

Ескертпе:

1. Қаланың тығыз салынған құрылыс аймағында тұрақ орындарының көлемін азайтуға болады.

2. Қызметкерлер мен келушілердің тұрақтарға баруын оңтайландырыңыз. Өрт сөндіру машиналарының ғимараттарға кедергісіз жақындауын көздеңіз.

Тікұшақ алаңы

Егер медициналық ұйым тікұшақ алаңын орналастыруды жоспарласа, онда оған кем дегенде 15 × 15 м кеңістік бөлінуі тиіс. Алаңқайда тегіс емес жерлер немесе 3 градустан артық еңіс болмауы тиіс. Алаңның айналасында 20 м шамасында бос орын, оған қоса биіктігі 1 м асатын көшеттерді көздеңіз.

Шлагбаумдар мен кіреберістерді қамтамасыз ету

Ғимаратты жобалағанда әдетте кіреберіс пен оны жарықтандыруды қосады. Шлагбаум мекеменің орталық қақпасына орналастырылады және бейнебақылау пунктінен басқарылады.

Назар аударыңыз: инфекциялық ауруханалар химиялық тазалау мен машиналарды өңдеу үшін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Кіреберістер мынадай жерлерде:

  • негізгі кіру есігінде;
  • қабылдау бөлімінде;
  • шаруашылық қосалқы құрылыстары үшін кіреберістерде;
  • әдетте шаруашылықпен біріктірілетін патологоанатомиялық бөлімшеде;
  • ұйымның аймағына кіретін есікпен көршілес емхананың кіру есігінде болады.

Кіру және шығу жолдарын ресімдеу

Аурухана кешенінің алдына қыш құмыралар, мүсіндер немесе кірпіш төсемдерді көздеуге болады. Гүлзар немесе бұрқақты орналастырғанда науқастары бар автомильдер, сондай-ақ уақытша тұрақтар үшін кіруді орналастыру ережелерін ескеріңіз.

Медмекеге кіретін бас есіктерді келушілер үшін ауданы кем дегенде 50 ш. ш. болатын жайлы кеңістікпен жарақтандырған жөн. Ауруханаларға және балалар емханаларына кіреберіс алдына балалардың арбаларына арналған шатыры немесе қоршау бар алаңдарды ұйымдастырыңыз.

Аурухана кешенін сауатты жобалау қалған блоктары жабық көшелер, мүмкін атриумдардың көмегімен қатынасатын бірыңғай ғимарат концепциясына негізделеді. Бөлімшелердің арасындағы технологиялық өтпе жолдар, корпустар арасындағы өткелдер ғимараттың жоспарына енгізілуі тиіс екенін ескеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар:

Емдеу-профилактикалық ұйымдарындағы үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Гигиеналық жұмыстарды орындау кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль