text
MCFR.KZ Медицина

Медмекемеге корпоративтік басқаруды енгізу жолы

  • 10 августа 2018
  • 0

Мақалада денсаулық сақтаудағы корпоративті басқарудың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен іске асыру жолдары, алғашқы нәтижелері сипатталған.

 Қазақстан денсаулық сақтауындағы уақыт, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы талаптарына сәйкес реформалар денсаулық сақтаудағы басқарушылық жүйелерін қайта құруларға өте мұқтаж.

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов хабарлағандай, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша  2019 жылдың соңына қарай мемлекеттік медициналық ұйымдарды қайта құрылымдау аяқталуға тиіс. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың корпоративті басқару қағидаттарын енгізумен және жер-жерде бақылау кеңестерін құрумен шаруашылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ) мемлекеттік кәсіпорындар (МК) нысанына толықтай өтуді көздейді.

 Персоналды басқарудың корпоративті саясатын енгізу елдегі медициналық ұйымдардың көпшілігін қамтиды. Бұл ретте денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын басқарудың Ұлттық саясатын іске асырудың негізіне қажетті адам ресурстарының қолжетімділігі, қызметкерлердің тиісті құзіреті, адам ресурстарының халық сұраныстарына сергектігі, үздіксіз кәсіптік даму, адам ресурстарының өнімділігі мен әлеуметтік тану сияқты қағидаттар алынатын болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 533 кәсіпорын қазірдің өзінде меншіктің жаңа нысанына ауыстырылды (қайта ұйымдастырылуға жарамды барлық мекемелердің 84%-ы), олардың 284-інде бақылау кеңестері бар. Жыл соңына дейін тағы да 99 кәсіпорынды қайта құру жоспарлануда.

Корпоративті басқару тарихы 

Қайта құрудың кез келген жүйесінің негізінде екі фактор жатыр: бұл қолжетімді ресурстар саны мен оларды басқарудың заманауи тәсілі. Медицинада қазіргі заманның аса маңызды факторларының бірі денсаулық сақтау саласында менеджментті дамыту болып табылады. Оны қалыптастырудың  негізінде өнеркәсіптік менеджмент қағидаты жатыр (2).

1999  жылы мамырда ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы – дамыған елдердің демократия мен нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын халықаралық экономикалық ұйымы – Ескерту ред.) Кеңесі ЭЫДҰ Қағидаттарын қабылдады. Нәтижелі корпоративті басқару  – тиімді нарықтық экономиканың маңызды элементі.  2004 жылдың сәуір айында ЭЫДҰ-на мүше 30 елдің үкіметтері экономикалық, заң және мәдениет салаларында болып өткен өмір шындықтарын, сондай-ақ ЭЫДҰ елдері ғана емес, бұл ұйымға мүше болып табылмайтын елдердің де тәжірибесін есепке алған,  ЭЫДҰ Қағидаттарының қайта қаралған нұсқасын мақұлдады. Көптеген елдерде, экономикалық дамыған (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Франция және басқалар), сондай-ақ дамушы елдерде (Бразилия, Индия, Малайзия, Мексика және басқалар) де қазіргі уақытта ЭЫДҰ Қағидаттарының негізінде әзірленген корпоративті мінез-құлықтың ұлттық стандарттары бар.

Денсаулық сақтауды реформалау тиімді басқаруды талап етеді, медициналық мекемелерді қаржыландырудың жаңа моделіне көшу басшылар үшін үлкен экономикалық дербестік береді. Медициналық қызметтер көрсету нарығында белсенді бәсекелестіктің пайда болуы пациенттердің қандай да бір мекемеге көптеп келуін/көптеп кетуіне және елеулі экономикалық тәуекелдердің туындауына әкеледі.

Бюджеттік ақша үшін бәсекелестік, медициналық қызметкерлер еңбегіне жіктемелі ақы төлеуді енгізу – мұның бәрі денсаулық сақтау жүйесіндегі басқаруға жаңа тәсілдерді талап етеді.

Корпоративті менеджменттің негізгі қағидаттары жұмыс ерекшелігін ескерумен өнеркәсіптік менеджменттен алынған.

Корпоративті басқарудың негізгі/базалық құралдары мыналар болып табылады:
  1. Ұйым миссиясы.
  2. Медициналық ұйым дамуының стратегиялық мақсаттары.
  3. Ұйым құрылымы.
  4. Негізгі жұмыс процестерінің алгоритмдері.
  5. Жоспарлау және бақылау.
  6. Ұйым қызметкерлерінің құзіреттілігін дамыту бағдарламасы.

Корпоративті басқару элементтерін енгізудің басты мақсаттары мыналар болып табылады:
  • әртүрлі сарапшыларды (медиктерді, қаржыгерлерді, заңгерлерді, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін) бақылау кеңестеріне, медициналық ұйымдарды басқаруға тарту жолымен медициналық ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру;
  • кәсіпорынның қоғам алдындағы мөлдірлігі мен есеп берушілігін қамтамасыз ету;
  • медициналық ұйымдарды оперативтік басқару жөніндегі мемлекеттік органдарға өзін ақтамаған тарту мен жүктемені төмендету.

Корпоративті медицина

Денсаулық сақтауға ірі өнеркәсіптік компаниялар ерекше назар аударып отыр. Корпоративті медицина корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі элементтерінің бірі ретінде дүние жүзінің барлық дамыған елдерінде бизнес жүргізу мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Шетелдік компаниялардың басшылары мен меншік иелері қызметкер денсаулығының – еңбек өнімділігіне, тиімділігіне, ұйымның инновациялық әлеуетіне тікелей әсер ететін маңызды және орны толтырылмайтын ресурс екендігін баяғыда ұғынған.

Тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан ұйым тиімділігінің негізгі параметрлері көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы болып табылатынын есепке алмауға да болмайды. Екі параметрді бөліп көрсетуге болады: ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы (ауруға шалдығушылық пен өлімге ұшыраушылық көрсеткіштері, сондай-ақ қызметкерлердің қанағаттанушылық дәрежесі негізінде бағаланады) және бір клиентке шаққанда медициналық қызметтер көрсетуге кететін шығындар.

Корпоративті денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құрудың мақсаты бір тұтынушыға шаққандағы шығындарды оңтайландыру кезінде ұсынылатын медициналық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Көптеген компаниялар өз медициналық мекемелерін белсенді түрде дамытып, қаржыландыруда, бұл мекемелер қызметкерлер мен олардың отбасыларына профилактиканы, диагностика, медициналық көмекті, санаторийлік-шипажайлық емдеуді қамтамасыз етеді. Мұның қызметкерлер денсаулығының жай-күйіне, олардың еңбек өнімділігіне, еңбек қызметі мен өмір сүру ұзақтығына оңды ықпал ететіндігі айқын. Бұған қоса, профилактика мен санаторийлік-шипажайлық емдеуді қамтитын жоғары дамыған корпоративті медицинаның бар екендігі кәсіпорындар қызметкерлері үшін маңызды уәждемелік фактор болып табылады.  

Медициналық ұйымдардағы корпоративті басқару

Кез келген жүйе тиімділігінің негізінде екі фактор жатыр – қолжетімді ресурстар саны мен оларды басқару тәсілі. Орын алған жағдайларда медицина билікке  – қаржыларды иеленуші мен пациенттерге – салық төлеушілерге ұсына алатын шешімдердің бірі медициналық менеджментті дамыту болып табылады. Медициналық  менеджмент институтының дамуы өз-өзінен қандай да бір инновациялық бағыт болып табылмайды. Медициналық менеджмент АҚШ-та академиялық мамандық ретінде 1948 жылдан, Еуропада  –  1962 жылдан бастап қолданылып келеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Корпоративті басқару бағдарламасын іске асыруда дамудың ұзақмерзімдік стратегияларын әзірлеу және іске асыру негізгі нәрсе болып табылады.

Қазіргі уақытта бақылау кеңестерінің жаңа форматын белсенді түрде қалыптастыру жүргізілуде, олардың құрамына бүгінгі күні денсаулық сақтау саласындағы қайраткерлер ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлер мен экономистер де тартылуда. Мұның мақсаты жұртшылықты медициналық ұйымдарды басқаруға тарту және бәрінен бұрын, тәуекелдерді нақты басқару мен менеджмент сапасын арттыру болып табылады.

Бақылау кеңестерін құрумен қатар корпоративті басқарудың әртүрлі саясаттарын әзірлеу мен енгізу екінші қадамға айналды. Өткен жылы мәселелердің кең ауқымын – стратегиялық жоспарлаудың жалпы қағидаттарынан бастап тәуекелдерді, кадрлық персоналды басқару саясатына дейінгіні және т.б. көздейтін бірқатар құжаттар әзірленді. Үшінші бағыт – ішкі аудит қызметтерін белсенді енгізу.

Заманауи корпоративті басқаруды құрудың маңызды аспектісі адам ресурстарын ұтымды бөлу болып табылады. Ниеті түзу және білікті қызметкерді «өсіріп шығару» – айтарлықтай күрделі міндет, және оны алмастыру үшін елеулі уақыттық, көбінде қаржылық шығындар қажет.

 Адам әлеуетін дамыту – өте күрделі және жауапты міндет. Тек қалыптастырылған ұжымдық жұмыс қана медициналық ұйымдар қызметінің табыстылығын анықтайды.

Бұл бағыттағы негізгі мәселелер мыналар болып табылады:
  1. Қызметкерлердің жеке тұлғалық өсу әлеуетін дамыту.
  2. Медициналық персоналды үнемі оқыту.
  3. Қызметкерлерді жұмыстық процеске тарту және олармен тұрақты байланыс жасау.
  4. Ұжымда қолайлы  психологиялық ахуал жасау.
  5. Жоғары деңгейлі кәсіпқойларды тарту және ұстап қалу.
  6. Медициналық ұйымға қолдау жасау және оның міндеттерін орындау.
  7. Персоналды жоспарлау (кадрлық жоспарлау).

    Басшы қызметкерлерді жұмыс тиімділігін арттыруға уәждейді және кәсіпқойлығы жоғары команданы қалыптастырады. Әртүрлі функциялары бар топтардағы ойдағыдай ынтымақтастық әртүрлі бөлімшелердегі тиімді өзара әрекеттестікті ұйымдастыру міндеті қызметін атқарады.

Сондай оқыңыздар:
 
Медициналық ұйымда бизнес-процестерді тиімді басқару

Зертханаларға қойылатын жаңа санитариялық эпидемиологиялық талаптар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях