text
MCFR.KZ Медицина

Медқызметкерді аттестаттау қалай жүргізіледі

  • 13 августа 2018
  • 0
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы
Меджұмыскерлерді аттестаттау
Меджұмыскерлерді аттестаттау

Меджұмыскерлерді аттестаттау – жұмыскердің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындайтын ұйымдық-құқықтық нысандардың аса маңыздысының бірі. Ол медициналық мекеме қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуді және жұмыскердің кәсіби деңгейін көтеруді мақсат етеді.

Аттестаттауды медициналық мекеменің бір құрылымдық бөлімшесі аясында не жекелеген жұмыскерлер санаты үшін жүргізуге болады.

Персоналды аттестаттау медициналық мекеменің бірінші басшысының бұрығымен өткізіледі.

Бұйрықта келесі сәттер жазылуы тиіс:
  • жұмыскерлер тобына аттестаттауды жүргізу мерзімдері (уақытын, күнін, аттестаттау орнын, аттестаттаудан өтетіндердің аты-жөні, атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшесі жазылған тізімін көрсету);
  • аттестациялық комиссиясын тағайындау (оның құрамын көрсету: төрағасын, хатшысын, комиссия мүшелерін).
Назар аударыңыз! Бұйрық шығару мен аттестаттауды өткізудің арасындағы кезең аттестаттаудан өтетіндерге дайындалуға уақыт беру үшін 1 айдан кем болмауы тиіс екендігіне назар аударған жөн.

Аттестаттаудан өтетін тұлғалардың және аттестациялық комиссия мүшелерінің барлығы бұйрықпен жеке танысуы, танысқаннан кейін танысқан күнін көрсетіп қол қоюы тиіс.

 Аттестаттауға дайындық

Аттестаттауға дайындық үшін аттестациялық комиссия мүшелері аттестатталатын тұлғаның қажетті құжаттар топтамасын жинақтауы тиіс (мысалы, кадр қызметі аттестатталушының жеке есептік мәліметтері көрсетілетін атестаттау парағы жасалады, аттестатталушының басшысы оған қол астындағы жұмыскердің іскери және кәсіби қасиеттері бойынша мінездеме беретін пікір жазады; жұмыскердің өзіне сауалнама жүргізілуі мүмкін: ол жерде жұмыскер өзінің жұмысқа қарым-қатынасын, кәсіби білімін көтеруге ұмтылысын, жұмыс уақытын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын және т.б. көрсете алады).

Маңызды! Аттестатталушы жұмыскердің кәсіби және іскери қасиеттерін анықтау үшін теориялық сауалдар тізбесі жасалады. Сауалдар тізбесін жасау аттестациялық комиссия мүшелерінің бір және (немесе) бірнеше мүшелеріне жүктелуі мүмкін. Тізбе кезекті атестаттаудың басталуына кемінде бір ай қалғанға дейін жасалады.

Аттестаттау жүргізіліп жатқан кезде комиссия хатшысы нөмері, күні, комиссия мүшелерінің құрамы (қатысып отырған және қатыспаған мүшелердің себебін көрсете отырып, аты-жөнін жазу), шақырылғандардың құрамы, күн тәртібі, басшының және атестатталушының сөйлейтін сөзі – хабарламасының мазмұны, аттестациялық комиссия мүшелерінің сауалдары, ұсыныстары, пікірлері, түйіндері, ұсыныстары көрсетілетін хаттама жазылады.

Аттестациялық комиссия қызметін дұрыс ұйымдастыру кадрлық құрамның кәсіби деңгейін көтеруге, жұмыскердің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындауға, жұмыскердің әлеуеттік мүмкіндіктерін жұмыс орнында дұрыс пайдалану мақсатында анықтауға, біліктілік пен кәсібилікті көтеруге ынталандыруға ықпал ететін болады.

Нәтижелер мен ұсынымдарды медициналық мекеме басшылығы сәйкес шешімдерді қабылдау үшін пайдаланады.

Назар аударыңыз! Жұмыскер атестаттаудан өте алмаған жағдайда комиссия шешімі бойынша оған қайта аттестациядан өту тағайындалады, ол алғашқы аттестаттау өткізілген күннен 1 айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша аттестациялық комиссия жұмыскердің атқаратын лауазымына лайықтығы (лайық еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Аттестациялық комиссияның шешімі қызметкерді атқаратын лауазымына лайықты емес деп табуға және оны медициналық ұйымның қаражаты есебінен біліктілік көтеру (қайта дайындау) курстарына, не ішкі оқудан және тәжірибесі көбірек жұмыскердің басшылығымен тағылымдамадан өтуге жіберу, не өзінің келісімімен басқа жұмысқа ауыстыру туралы шешім қабылдауға негіздеме бола алады. Жұмыскер біліктілік көтеру (қайта дайындау) курстарына келіспеген және басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ұйымның бірінші басшысы жұмыскермен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдауға құқылы.

 Аттестаттау туралы ереже

Қызметтің дұрыс жүруі және аттестациялық комиссия қызметіне заңдылық сипатын беру үшін бірінші басшының бұйрығымен «Медициналық ұйымның аттестациялық комиссиясы туралы ережені» бекіту қажет. Осы жергілікті құжат аттестациялық комиссия, оның мақсаты, міндеттері, қызметтері мен уәкілеттіліктері, аттестациялық комиссия мүшелерінің міндеттері, Комиссия отырыстарының хаттамаларын жасау тәртібі, шешімдері туралы жалпы ережелерден тұруы тиіс.

Аттестаттаудан аяғы ауыр әйелдер, аяғы ауыр болуына және босануға және (немесе) бала күтіміне байланысты демалыста болған әйелдер, үш жасқа дейін балалары бар әйелдер, ұйымда алты айдан аз уақыт еңбек етіп жүргендер босатылады. Еңбек демалысында, сондай-ақ себепті жағдайлар бойынша жұмыста болмаған тұлғалар аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.

Сондай оқыңыздар:

Медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулық

Медициналық ұйымда жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях