MCFR.KZ Медицина

Үйдегі стационарды қалай ұйымдастырады

  • 14 августа 2018
  • 29
Үйдегі стационарды қалай ұйымдастырады

Тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін науқастарға медициналық көмек көрсету үшін бүгінде үйдегі стационарға орналастыру мүмкіндігі бар. Ол амбулаторлы-емханалық, стационарлық (диспансерлік) мекемелерде ұйымдастырылады және іс жүзінде мобильді емханалық көмек сияқты.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) медициналық көмектің бірнеше түрі кіреді: жедел медициналық көмек, амбулаторлы-емханалық көмек, стационарлық көмек және стационарды алмастыратын көмек. Стационарды алмастыратын көмек білікті, мамандандырылған, дәрігерлік тексеруге дейінгі нысанда, соның ішінде жоғары технологиялық қызметтерді қолданып, медициналық бақылаумен көрсетіледі.

Көмектің осы түрі әлеуметтік маңызды ауруларкезінде, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген аурулар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) сай айналадағылар үшін қауіп тудыратын аурулар кезінде көрсетіледі.

 

Стационарды алмастыратын көмек көрсету

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына сәйкес Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген).

Мұндай көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, үйдегі стационарларды – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілер ұсынады.

Маңызды! ТМККК шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек осы пациентті емдеу үшін зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері және қажетті бейінді мамандардың консультацияларымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады. Шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын көмек – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетіледі.

Мұндай көмек түрін медициналық қызметтің сәкес түрлеріне лицензиясы бар медұйымдары көрсететіні аталады. ТМККК тізбесіне және медициналық көмектердің МӘМС жүйесіне кірмейтін стационар алмастыратын көмек көрсету бойынша қызметтер 6-тармаққа сай ақылы негізде көрсетіледі.

Учаскелік емханалар медициналық көмек көрсету сапасын көтеру мақсатында стационарлық емге және күндізгі стационарға қосымша үй жағдайындағы науқастарға үйдегі стационар ұйымдастыра алады, олардың мақсаты пациент денсаулығының жылдам қалпына келтіру болып табылады. Учаскелік дәрігер шақырудан кейін, не осы пациент бейінді стационарда тәулік бойы болып шыққаннан кейін сәйкес диагнозды қойып үйдегі стационарды ұйымдастыру туралы шешімді өзі қабылдайды.

Назар аударыңыз! Сондай-ақ үйдегі стационарды пациентке төсек режимі, қарқынды дәрі-дәрмекпен емдеу (тамырға және бұлшық етке екпе салу) қажет болғанда, бұл ретте пациенттің жай стационарлық ауруханаға жатуға мүмкіндігі де, ниеті де болмағанда ұйымдастыруға болады.

Нәтижесінде үйдегі стационарды ұйымдастыруға қажеттілік туындайтын аса жиі кездесетін ауруларды қарастыруға болады:

1.        Остеохондроздар, артроздар және басқа да буын зақымдары.

2.        Тамырлардың варикоздық кеңеюі, тромбофлебиттер.

3.        Асқазан және ащы ішек аурулары.

4.        Бауыр, өт қабы, ұйқы безі аурулары.

5.        Қан аздық.

6.        Урологиялық аурулар.

7.        Орта ауырлықтағы жіті пневмония.

8.        Гипертониялық ауру.

9.        Стенокардия, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы.

10.    Перифериялық жүйке жүйесінің бұзылуы және т. б.

11.    Созылмалы обструкциялық бронхиттер, бронх демікпесі.

Мәселенің өзектілігі
Үйдегі стационарда емделу, сондай-ақ ауруларына қарамастан жұмыс істейтін және емханаға тұрақты баруға мүмкіндігі жоқ науқастарға ыңғайлы. Бірақ бірінші кезекте бұл мынадай кезде өзекті:

·           ауырудың жеңіл нысандары немесе ауырлығы орташа аурулар кезінде;

·           ауыр, бірақ пациентті қарапайым стационарлық ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер мен мүмкіндіктер болмаған жағдайларда;

·           пациенттің жағдайына тұрақты дәрігерлік бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында объективті, сондай-ақ субъективті сипаттағы ана, не мына себептер бойынша емханаға баруға мүмкіндігі болмаған кезде;

·           стационардан шыққанан кейін бұдан ары емдеу әрекеттеріне көрсеткіштер болған кезде емдеу курсын аяқтау үшін.

Назар аударыңыз! үйдегі стационар ұйымдастырылған пациенттерді бақылау мен сапалы емдеуді учаскелік емхананың білікті медициналық персоналы жүзеге асырады.

Үйдегі стационарға мыналар жатады:

·           зертханалық-диагностикалық, глюкометриялық, оксигенометрилық тексерулерді, т/і, б/і екпелер мен тамыр ішіне сұйықтықпен емдейтін, ЭКГ мониторингін жасап, пациенттің жағдайын қадағалау және бақылау.

·           Келісімделген кесте бойынша дәрігер тағайындаған барлық рәсімдерді орындау үшін фельдшерге немесе мейірбикеге бару.

·           Соматикалық, сондай-ақ медициналық мақсаттағы заттармен (тамырға сұйықтықпен емдеуге системалар, бір реттік шприцтер, стерильді материал, гигиеналық құралдар және т. б.) емдеу жүргізу үшін науқасты барлық заманауи және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

·           Емдеу бағдарламасына өзгерістер енгізу.

Ілеспе патологияны түзету мақсатында басқа тарсалалы дәрігерлерді (уролог, кардиолог, хирург, травматолог-ортопед) шақыру мүмкіндігі бар. Пациент кезекке тұруға, клиниканың ішінде бір кабинеттен екінші кабинетке баруға, емханаға баруға және қайтуға және т. б. уақытты шығындамай сапалы емдеуге мүмкіндік алады.

Үйде емдеуге қарсы көрсетімдеру

Осы емдеу түрін кез келген адам пайдалана алмайды. Өйткені пациенттің үйден емдеуді ұйымдастыруға және жүргізуге қарсы көрсетімдері болуы мүмкін. Бұлар:

·           Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқасты оқшаулау қажеттілігі.

·           Үйдегі стационар жағдайында емдеген кезде пациенттің жағдайының нашарлауы.

·           Өміріне қауіпті жағдайлардың болуы: жіті өкпе жетіспеушілігі, жіті жүрек қан тамырларының жетіспеушілігі, жіті бүйрек жетіспеушілігі, жіті бауыр жетіспеушілігі, этиологиясы әртүрлі шоктар, ми қан айналымының жіті бұзылуы, этиологиясы әртүрлі кома, жіті уланулар, инсульт және инфаркт.

Маңызды! Бұл жағдайларда науқас тәулік бойы істейтін бейінді аурухананың бөлімшелеріне (қалалық, облыстық және аудандық) жіберіледі және жатқызылады.

Сондай-ақ егер науқасқа тәулік бойы дәрігерлік бақылау керек болса, диагностикалық және емдеу іс-шараларын амбулаторлық-емханалық жағдайларда жасауға мүмкіндік болмаса, науқасты үйде емдеу өміріне немесе қоршағандардың денсаулығына қауіп төндірсе, науқастың ауруханада тәулік бойы стационарда болуы қажет.

 Ұтқыр медкөмек

Дегенмен, бүгінгі күні үйдегі стационарды ұйымдастырып (әсіресе ұтқырлығы төмен пациенттерге) медициналық көмек көрсету – стационар алмастыратын технологияның бірі ретінде аса талап етілетін заманауи технология. Бұл көрсетілген науқастардың тобына қолайлы, үйреншікті, үй жағдайында білікті медициналық көмектің қолжетімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл медициналық емдеу сапасын айтарлықтай көтеруге және мынадай пациенттер тобымен: ауыр аурулар мен жарақаттарды, стационарда емдеу курсын өткен және тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін жасы егде науқастар, ауыр және жанамалас патологиясы бар тұлғалар, мүгедектерден жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Бұл да өзінше емханалық көмек, бірақ оған қарағанда ұтқырлау.

Үйдегі стационарды медициналық ұйымның бас дәрінері анықтаған құзырет шеңберінде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырады, қадағалайды және бақылайды. Үйдегі стационарды ұйымдастырудың бірегейленген тәсілдеріне, стационарды алмастыратын технологияларды қолдану арқылы медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы тәсілдерін ең төменгі қағаз бастылыққа жеткізу қажеттілігіне асқан назар аудару қажет.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться