MCFR.KZ Медицина

Дербес мейіргерлік қабылдаудың тиімділігін қалай бағалайды

  • 20 августа 2018
  • 148
эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина», автор журнала «Старшая медицинская сестра», консультант по СД Профессорской клиники КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, гл. внештатный специалист Управления здравоохранения г. Алматы
мейіргерлік қабылдау
мейіргерлік қабылдау

Бүгінгі күні мейіргер ісі мамандарының алдында құзырет пен өкілеттікті кеңейтудің жұмыс уақытында БМСК дәрігерлік көмекке көрсеткіштер болмаған кезде пациенттерді үйде белсенді емдеуді жүзеге асыру міндеті тұр.


Жалпы практика мейіргерлерінің құзыреттілігін кеңейту. Халықаралық тәжірибе

Мейіргер ісі – бүгінгі күні денсаулық сақтаудың функционалдық міндеттері айшықталған жеке саласы. Алғашқы көмек жүйесі жақсы дамыған елдердің халықаралық тәжірибесінің талдауы үйде емдейтін мейірбикелер көмегімен көптеген созылмалы аурулары бар пациенттерді емдеу нәтижелілігін анықтады.

Көптеген еуропалық елдерде мейірбикелер денсаулық сақтаудың алғашқы буынының негізін құрайды. Сондай шведтық денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикелер созылмалы және ауыр жағдайдағы (қант диабеті, бронхиалдық демікпе, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, психикалық аурулар) пациенттерге жоғары білікті көмек көрсете отырып, өскелеңдік рөл атқарады; сондай-ақ оларға шектеулі дәрі-дәрмектерді тағайындау құқығы берілген [7]. Шведтық медициналық орталықтарда науқасты алдымен мейірбике қарайды, ол одан кейін пациентті жалпы практикадағы дәрігерге немесе ауруханаға жібере алады.

Назар аударыңыз! Финляндияда 80% пациенттер алдымен мейірбикелерге, содан кейін қажеттілік болған жағдайда дәрігерлерге қаралады, пациенттердің тек 20 % ғана тікелей дәрігерлерге түседі.

Нидерландыда пациенттерге жұмыстан тыс уақытта дәрігерлік көмек көрсету туралы шешімді белгіленген өлшемдердің негізінде мейірбике қабылдайды. Өз қызметтерінде мейірбикелер клиникалық хаттамаларға жүгінеді және осы хаттамалардың шегінде дәрі-дәрмек терапиясының режимін өзгертуге құқылы.

Англияда жекелеген аурулары бар (қант диабеті және бронхиалдық демікпе) адамдарға көмек көрсетуге мамандандырылған мейірбикелер күнделікті қызметінде жалпы практикадағы дәрігердің орнын басады, яғни науқастарды бақылаужәне оқыту үшін амбулаториялық қабылдау жүргізеді немесе басқа медициналық және әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге бағытталған білім беру және көшпелі қызметтерімен айналысады.

Назар аударыңыз! АҚШ пен Германияда кей жағдайдағы ауруларды жүргізуге құрылымдалған бағдарламалар енгізілген (casemanagement). Мұндай тәсіл бұл елдердегі дәрігерлердің жеке практикасы болғандықтан шартталған, ал амбулаториялық және ауруханалық секторлар бір-бірінен ажыратылған.

 

 


Дамыған еуропалық елдерде жалпы практикадағы дәрігерлер, сирек жағдайларды қоспағанда, қағида бойынша пациенттерді үйіне барып қарамайды, бұл дайындалған медициналық мейірбикелердің міндеті.

Қазақстан Республикасындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (БМСК) заманауи моделі мейіргер ісі мамандарының әлеуеттерін кеңейтуді көздеп отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы «Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» № 85 бұйрығының талаптарына сай мейірбике өз бетімен емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізеді, сондай ақ диспансерлік контингентпен 2012 жылғы 26 желтоқсандағы «Аурудың созылмалы нысанымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

 

Зерттеудің мақсаты, міндеттері және әдістері

Осы зерттеудің мақсаты JCI халықаралық аккредитация стандарттарын есепке алып, өз бетінше амбулаторлық-емханалық қабылдау жүргізетін жалпы практикадағы мейірбике жұмысын ұйымдастыру үлгісінде мейіргерлік көмек моделін жасау болды.

Бұл жұмыста мынадай міндеттер қойылды және шешілді:

2013 – 2016 жылдарға Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі – ДСБ) «№ 5 қалалық емханадағы» қолданыстағы өз бетінше қабылдау кабинеттеріндегі медициналық құжаттаманың мейіргерлік нысандарын толтырудың толықтығы мен сапасының сараптамалық бағасын жүргізу.

Амбулаторлық-емханалық қабылдау құрылымындағы өз бетінше мейірбикелік қараудың тиімділік талдауын жүргізу.

Өз бетінше мейірбикелік қарау жүргізу мен мейірбикелік құжаттаманың нысандарын толтырған кездегі қиындықтарды анықтау мақсатында мейірбикелерді сауалдау нәтижелерін талдау.

Пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету сапасын қалалық емханалардағы мейірбикелер деңгейіне көтеру бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.

Назар аударыңыз! Авторлар зерттеген өз бетінше мейірбикелік қарауды ұйымдастырудың құрылымдық компоненттері, олардың пациенттерді қорғаудың халықаралық мақсаттарға сәйкестігі жоғары медициналық мектептің білім беру процесіне «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша енгізілген басқару теориясы, менеджмент пен көшбасшылық, мейіргерлік істің теориясы мейіргерлік көмектің сапасы бойынша оқу-әдістемелік материалдар топтамасын әзірлеу негізінде пайдаланыла алуы – зерттеудің практикалық маңыздылығы.


Практикалық кеңестер

Пациентпен жұмыстағы әңгімелесу бикелік бастапқы психологиялық диагноз қою элементі ретінде
Ogarkov

Владимир Огарков

эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, к. м. н, доцент, г. Караганда

Мақсатқа жету және қойған міндеттерді шешу үшін төрт кезеңдік зерттеу бағдарламасы әзірленді.

Зерттеудің 1-кезеңінде денсаулық сақтаудың халықаралық құжаттарына, ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасына, 2013 – 2016 жылдарға статистикалық деректерге кешенді талдау жүргізілді.

2-кезеңінде 2013 – 2016 жылдарға Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық емханадағы» қолданыстағы өз бетінше қабылдау кабинеттеріндегі медициналық құжаттаманың мейіргерлік нысандары зерттелді.

3-кезеңде алғаш рет БМСК ұйымының жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде қалыптасуы және мейіргер ісі маманына дәрігердің тең дәрежелі серіктесі ретінде рөл бөлу үшін оқу-әдістемелік қолдауға қажеттіліктерді бағалаудағы негізгі проблемаларды анықтау мақсатында өз бетінше қабылдауды жүзеге асыратын мейірбикелер арасында сауалнама жүргізілді.

Маңызды! Мұндай маман өз бетімен мейіргерлік шешімдер қабылдайды, оны мейіргерлік құжаттамада көрсете отырып, дәлелді мейіргерлік күтімді жоспарлайды және жүзеге асырады.

Іріктеме өзіне өз бетінше қабылдау жүргізетін барлық мейірбикелерді қосты.

Зерттеудің 4-кезеңінде бағдарланған мейіргер қызметінің пациенті моделін әзірлеу, пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалалық емханалардағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру көзделген. 

Мейіргерлік процесті басқарудың заманауи теориясы тұрғысынан зерттеу барысында алынған нәтижелер өз бетінше қабылдау мейірбикелерінің біліктілік сипаттамасын қайта қарау үшін пайдаланыла және бағдарланған JCI бағдарламасына сай тұрғындарға амбулаторлық медициналық көмек пациентін ұйымдастырған кезде мақұлдана алады.

Өз бетінше мейіргерлік қабылдау кабинеттері қызметтерінің тиімділігін талдау

 

Алматы қ. ДСБ «№ 5 қалалық емханасы» 1978 жылдан жұмыс жасайды және Алматы қ. Алмалы ауданындағы ең ірі аралас емханалардың бірі болып табылады.

2016.31.12 жағдайында тіркелген тұрғындар саны, құрылымдағы: 18 жасқа дейінгі тұлғалар – 26 %, 18 – 49 жас – 38 %, 50 – 64 жас – 31 %, 65 жас және одан жоғары – 7 % үлес салмағымен, 54 496 адамды құрады. 2016 жылғы 12 айдың деректері бойынша жоспарлық қуаттылығы ауысымда 550, нақты – 597 баруды құрайды [12].

2013 жылы № 5 қалалық емханада жалпы практикадағы мейірбикелердің науқастарды өз бетінше қабылдау және қарауды жүзеге асыратын 2 кабинет ашылды, медициналық құжаттаманың мейіргерлік нысандары енгізілді, бұл кабинеттердің жалпыдәрігерлік практика (отбасылық медицина) бөлімшесінің дербес құрылымдық бірлігі ретіндегі тәртібі мен ұйымдық қызметі айқындалды.

Өз бетінше қабылдау кабинеттерінің қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылым мен мейіргерлік іс мамандарын іріктеу өлшемдері құзіреттілік деңгейіне, еңбек өтілінің болуына, мейірбикелердің санаттану деңгейі мен жоғары мейіргерлік білімі бар мамандарды тартуға қарай айқындалды

2013 жылдан 2016 жыл кезеңіндегі статистикалық деректерді талдау медициналық мейірбикелердің өз бетінше қызмет көрсету жағдайлары мөлшерінің (2013  жылы 2204,0-ден 2016 жылы 17699,0) айтарлықтай өскенін (8 есеге) анықтады.

Құрылымда пациенттердің мейірбикелік құзырет аясындағы медициналық көмекке жүгіну себептерінен бірінші орында – науқастардың ТМККК аясында дәрі-дәрмек алу үшін рецепт жазғызып алуға келу жағдайлары (2013 жылы 47 % – 2016 жылы 49 %)

Бұған қоса, мейірбикелік құзырет аясындағы науқастарды өз бетінше қабылдау және қарау жағдайларының көрсеткіші, бұл мейірбикенің күнделікті тәжірибесінде науқасты сапалы алғашқы қарау мен мейіргерлік диагнозды негіздеу үшін қажетті өз бетінше қабылдау құзыреттерін жүзеге асыруды куәландыратын ұқсас кезеңге 2013 жылы 44 %-дан 2016 жылы 45 %-ға дейін құрағанын атап өту қажет.

Маңызды! Бүгінгі күні мейіргер ісі мамандарының алдында құзырет пен өкілеттікті кеңейтудің жұмыс уақытында БМСК дәрігерлік көмекке көрсеткіштер болмаған кезде пациенттерді үйде белсенді емдеуді жүзеге асыру міндеті тұр. Осы көрсеткіш есептік кезең ішінде 2013 жылы 3 %-дан 2016 жылы 17,5 % дейін артты және ары қарай өму өсу үрдісіне ие.

Өз бетінше қабылдау кабинеті мейірбикелерінің профилактикалық қызметін талдау диспансерлік контингентпен (өсім 4 есе), ауруханадағы емнен кейін науқастарға барғанын (өсім 3,5 есе), әйелдер консультациясында есепте тұратын әйелдерге босанғанға дейін және босанғаннан кейін барғанын (өсім 5,8 есе) белсенді жұмыс жасағанын көрсетті. 

Өз бетінше қабылдау кабинетінің мейірбикесіне қаралу құрылымында дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмекке жүгіну жағдайларында өсім байқалады (жылына 35 жағдайға дейін), бұл пациенттердің мейіргерлік іс мамандарының деңгейі мен біліктілігіне деген сенім дәрежесінің артқанын сипаттайды және мейіргерлік менеджменттің тиімділігін көрсетпей тұрмайды.

 

Өз бетінше қабылдау кабинеттері мейірбикелеріне жүргізілген әлеуметтік сауалдау нәтижелерін талдау

Мейірбикелердің өз бетінше қабылдауының тиімділігі туралы медициналық персоналдың пікірін анықтау мақсатында гендерлік тиесілілікті, жас санатын, білім деңгейін, жұмыс өтілін, сондай-ақ персоналдың кәсіби құзыретке қатынасын көрсететін 12 сұрақтан тұратын сауалнама әзірленді.

Сауалдау 10 мейірбикенің арасында жүргізілді (n=10). Сауалнама жүргізген кезде аты-жөнін көрсетпеу, құпиялылық және еріктілік қағидаттары пайдаланылды. Деректер Microsoft Excel бағдарламасының көмегімен жүргізілді.

Гендерлік аспектіде 90 % әйелдер, 10 % ерлер құрады. Жасына қарай аспектіде 60 % (n=6) 18 – 29 жастағылар, 20 % (n=2) – 30 – 45 жастағылар, 20 % (n=2) – 46 – 60 жастағылар құрады.

Назар аударыңыз! Білім деңгейі бойынша 70 % (n=7) орта арнайы медициналық білімі (колледж), 20 % (n=2) – мейіргер ісі бакалавры, 10 % (n=1) – жоғары оқу орнын бітіру туралы (Мейіргерлік іс институты) дипломы бар.

Өз бетінше қабылдауды жүзеге асыру өтілі біркелкі бөлінді және 6 айға дейінгі, 1 жылдан аса және 3 жылдан аса топтарында 30% (n=3) құрады.

Сауалнамаға жауап берушілердің 100 % мейіргерлік құжаттаманың 5-тен аса нысанын толтыратынын көрсетеді және 50 % (n=5) жағдайда оны ресімдеуге 10-нан 20 минутқа дейін, 30% (n=3) 20-дан жарты сағатқа дейін және 20 % (n=2) жарты сағаттан 1 сағатқа дейін уақыт жұмсағандарын, бұл ретте осы нысандармен жұмыс кезінде ешқандай қиындықтар болмайтынын айтады.

Өз бетінше қабылдау кабинеті жұмысындағы негізгі проблемалар ретінде мыналар аталды: қағаз және электрондық жеткізгіштегі ақпаратты қайталауға байланысты (35%) және оны толтырудың 2 сауалнамаға жауап берушінің толтыру ұзақтығынан пациентпен жұмысқа бөлінетін уақыттың айтарлықтай шектелетіні (53 %).

Денені өз бетінше қарауды жүргізу 100 % мамандарда қиындық туындатпайды, бұл ретте мейіргерлік диагноз қоюға сұралғандардың 20% (n=2) қиналады. 

Сауалнамаға жауап берушілердің барлығы мейірбикелік құзыреттілікті жақсарту үшін пациенттер жағдайын бағалаудың симтомды және симтомсыз дағдыларын пысықтап ішкі аурулар пропедевтикасы негіздері бойынша оқулардың қосымша компоненттерін жүргізу қажеттілігін белгілейді.

 

БМСК дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде бағытталған мейіргер қызметі пациентінің моделін әзірлеу

Мейірбикелік өз бетінше тиімді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жол картасын іске асыру мақсатында бағдарланған мейірбикелік қызметтің пациенті моделі әзірленді. 

Моделді мақұлдау менеджер-мейірбикенің дамудың түйінді бағыттарын сатылы жүзеге асыруын және мейірбикелік өз бетінше қабылдау кабинеттерінің БМСК-нің құзыреті мен біліктілік сипаттамалары анықталған құрылымдық дербес бөлімшесі ретінде өзара әрекетін қамтамасыз ететін тіркеуші-мейірбикенің үйлестірушілік рөліне ерекше назар аударуды көздейді.

 

JCI аккредитациясы халықаралық стандарттарын сақтап мейіргерлік құжаттама нысандарын енгізу

Мейіргер ісінің ғылыми тәсіл мен дәлелді тәжірибелерге негізделген заманауи теориясы мейіргер ісі маманын дәрігердің өз бетінше мейіргерлік шешімдер қабылдайтын дәлелді мейіргерлік күтімді, оны мейіргерлік құжаттамада көрсете отырып жоспарлайтын және жүзеге асыратын тең құқылы серіктесі ретінде білдіреді.

Назар аударыңыз! Дәрігерлік функционалдың бөлігін мейіргерлік персоналға беру мақсатында орта медициналық жұмыскер диспансерлеу бағыттары мен алдын ала қарап тексеру бастапқы қарап тексеру картасын енгізді.

Мейіргерлік құжаттаманың аудиті (240 карта) бірыңғай мейіргерлік қабылдау және қарап тексеру стандартын сақтау JCI мейіргерлік құжаттамасын жүргізу қажеттілігін анықтады, бұл өз кезегінде пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттарын орындауды қамтамасыз етеді.

Пациенттерді сәйкестендіру қағидалары және амбулаторлық-емханалық деңгейдегі айғақтау рәсімі, жалпы практикадағы мейірбике тәжірибесінде күнделікті қолданылатын бағалау шкаласы (ауыруды бағалау шкаласы, Морзе бойынша құлау қаупін және Браден бойынша тері тесілуінің даму қаупін бағалау парақтары) бойынша медициналық құжаттаманың мейіргерлік нысандарының болмауы медициналық қатенің туындау қаупін айтарлықтай ұлғайтады. 

Пациенттерді өз бетінше мейіргерлік қабылдау және қарап тексеру карталарының мақұлданатын модельдерін әзірлеген кездегі негізгі мақсаты бағдаршам әдісі бойынша пациенттің функционалдық жағдайының сыни мағыналарын адымдап айқындайтын мейіргерлік біріздендіру рәсімі, әлеуметтік-маңызды ауруларға уақытылы диагностика жасау және мейіргерлік әрекеттің қажетті көлемін жүргізу мақсатында басым қауіпті факторларды анықтау болып табылады.

 

Зерттеудің нәтижесі

Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде мынадай нәтижелер алынды:

2013 – 2016 жылдарға Алматы қ. ДСБ «№ 5 қалалық емханадағы» қолданыстағы өз бетінше қабылдау кабинеттеріндегі медициналық құжаттаманың мейіргерлік нысандарын сараптамалық бағалау мейіргерлік рәсімдерді біріздендіру мен JCI талаптары негізінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін өз бетінше қарау картасына өзгерістер енгізу мен әзірлеу қажеттілігін анықтады.

2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде науқастарды өз бетінше қабылдау мен қараудың 8 есеге өскені байқалады, бұл мейірбикенің күнделікті практикасында пациенттерді алғашқы қарау мен мейіргерлік диагнозды негіздеуге қажетті өз бетінше қабылдау кабинетінің құзіреттілігі жүзеге асырылғандығын куәландырады.

Медициналық персоналды әлеуметтік сауалдаудың нәтижесі бойынша мейірбикелік құзыреттілікті жақсарту үшін пациенттер жағдайын бағалаудың симтомды және симтомсыз дағдыларын пысықтап ішкі аурулар пропедевтикасы негіздері бойынша оқулар жүргізу қажеттілігін анықталды.

Ұсынылған бағытталған мейірбикелік қызметтің пациенті моделі мейірбикелік қабылдау кабинеттерін БМСК-нің құзыреттілігі мен біліктілік сипаттамалары анықталған құрылымдық өз бетінше бөлімшесі ретінде қайта ұйымдастыруды көздейді.

 

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться