text
MCFR.KZ Медицина

ДДСҰ: пациенттердің қауіпсіздігі туралы 10 факті

  • 25 августа 2018
  • 19

Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау жүйелеріндегі алдын алуға болатын денсаулыққа зиян келтіру жағдайларының басты себебі кері әсерлерге және дәрілік қателерге алып келетін қауіпсіз емес дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі болып табылады.

Адамның ұшақта зардап шегуі миллионға бір мүмкіндік болса, медициналық көмек көрсеткен кезде пациентке зиян келтіру 300-ге 1-ді құрайды. Сондықтан пациенттердің қауіпсіздігі бүкіл әлемдік денсаулық сақтаудағы қоғамның ауқымды проблемасы болып табылады.

1акт. Дүниежүзіндегі аурулардың туындау себептерінің арасында пациентке зиян келтіру туберкулез және малярия сияқты аурулармен қатар 14-орынды алады.  
     Қолда бар бағалауларға сай әлемдегі емдеуге жатқызу жылына 421 миллионға тең. Бұл ретте емделуге жатқызылған 42,7 миллион жағдайда кері әсерлер байқалады. 

2-факт. Ауруханада болған кезде әрбір оныншы пациенттің денсаулығына зиян келтіріледі. Ол бірқатар қателер немесе кері әсерлерден туындауы мүмкін, олардың 50 % жуығының алдын алуға болады. Төмен және орта кірісі бар 26 елде (ТОКЕ) жағдайлардың жиілігі мен кері әсерлердің алдын алуын зерттеу нәтижелері жағдайлардың жиілігі 8-ге жуық пайызды құрады, ал соның 83 % алдын алуға болар еді, ал 30 % өлім жағдайына әкелді. Кері әсерлердің барлық жағдайларының шамамен 2/3 ТОКЕ-де орын алған.

3-факт. Дәрілік заттарды қате қолдану немесе қауіпсіз қолданбау миллиондаған адамдардың денсаулығына зиян және жылына миллиардтаған долларлармен есептелетін қаржылық шығын келтіреді.  
     Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау жүйелеріндегі алдын алуға болатын жағдайлардың басты себебі дәрілік заттарды қауіпсіз қолданбау және дәрілік қателер болып табылады. Бүкіл әлемдегі дәрілік қателерге байланысты шығынның мөлшері жалақысын жоғалтуды, еңбек өнімділігінің төмендеуі немесе медкөмекке шығыстарды есептемегенде жылына 42 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бүл дүниежүзілік денсаулық сақтау қажеттіліктеріне жұмсалған шығыстардың 1 % құрайды. Дәрілік қателер дәрі-дәрмектік терапия жүйесінің тиімсіздігі нәтижесінде және/немесе адамдық фактордың әсерінен болуы мүмкін. Қызметкерлердің шаршауы, еңбек жағдайының нашар болуы, жұмыс процесінің бұзылуы және кадрларды қысқарту сияқты себептер орын алса, бұл факторлардың барлығы дәрігерлік практикада дәрілік заттарды тағайындауға, түсіндіруге, беруге, реттеуге және бақылауға кері әсерін тигізуі мүмкін, бұл өз кезегінде зиян келтіруге, мүгедектікке және тіпті өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

4акт. Денсаулық сақтау қажеттіліктеріне жұмсалуы тиіс қаражаттың 15 % әртүрлі аспектідегі кері әсерлердің туындауынан өнімсіз жұмсалады.  
      Жақын арада алынған деректер медициналық жатып емделу мекемелерінің ЭСДҰ (Экономикалық серіктестік және даму ұйымдары) елдерінде қызметін жүргізуге жұмсалатын қаражатының жалпы көлемінің 15 %-ы кері әсерлер және олардың зардаптарына, оның ішінде тамырдағы қан ұйығы, жатудан болған ойық жаралар мен инфекцияларға тікелей байланысты. Тек осы елдердегі зиян келтіруге байланысты шығындардың жалпы көлемі бағалауларға сай жылына триллион АҚШ долларын құрайды.

5акт. Пациенттердің қауіпсіздігіне қатысты оқыс оқиғалар санын азайтуға бағытталған инвестициялар қаражатты айтарлықтай қаржылық үнемдеуді, ал сондай-ақ емдеу нәтижелерін жақсартуды қамтамасыз ете алады. Пациенттердің қауіпсіздік деңгейін көтеру жөніндегі мақсатты шаралар тек АҚШ-тағы Medicare жүйесінің ауруханаларында 2010 – 2015 жылдар кезеңінде 28 миллиард АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.

6-факт. Ауруханаішілік инфекциялардың 14 жағдайы емдеуге жатқызылған әрбір 100 пациентке сәйкес келеді.             Емдеуге жатқызылған әрбір 100 пациенттің уақыттың жекелеп алған әр сәтінде табыс деңгейі жоғары деңгейлі елдерде медициналық-санитарлық көмек көрсетуге байланысты инфекция жұқтырған 7 жағдай және ТОК елдерінде 10 жағдай, осының нәтижесін бүкіл әлемде миллиондаған пациенттер зардап шегіп жатыр. Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын ауруханаішілік инфекциялардың 3,2 миллион жағдайы тіркеледі, ал 37 мың пациент тікелей зардаптардан қаза болады. Қол гигиенасын дұрыс сақтау сияқты инфекцияның профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың қарапайым шаралары ауруханаішілік инфекциялардың жиілігін 50 % аса мөлшерде азайта алады.

★Инфекциялық емес бейіндегі стационардың қабылдау бөлімшесінде инфекциялардың енуі мен таралуының алдын алу★ 

Ауруханаішілік инфекциялардың (бұдан әрі – АІИ) алдын алудың маңыздылығы бірқатар факторлармен анықталады: стационарларда АІИ-дан өлімге ұшыраудың жоғарылығы; оның ауруханаішілік жұқтыруы жағдайында науқасты емдеу құны мен ауруханаға жатқызу ұзақтығының артуы; АІИ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылудың салдарынан пациент пен оның отбасы үшін қаржылық ауыртапалық және басқалар.
ДДСҰ: пациенттердің қауіпсіздігі туралы 10 факті

Динара Мақажанова

“ACTUALIS: Медицина“ ЭЖ сарапшысы, «Аға медбике» журналының сарапшысы, эпидемиолог-дәрігер, Алматы қ.
Ауруханаішілік инфекциялардың (бұдан әрі – АІИ) алдын алудың маңыздылығы бірқатар факторлармен анықталады: стационарларда АІИ-дан өлімге ұшыраудың жоғарылығы; оның ауруханаішілік жұқтыруы жағдайында науқасты емдеу құны мен ауруханаға жатқызу ұзақтығының артуы; АІИ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылудың салдарынан пациент пен оның отбасы үшін қаржылық ауыртапалық және басқалар.

7акт. Жыл сайын бір миллионнан астам пациент отадан кейінгі қабынулардан қаза болады. 
      ДДСҰ деректеріне сүйенсек хирургиялық отаға байланысты науқастану мен қаза болу көрсеткіштері бүкіл әлемде жоғары болып тұр; отадан кейінгі қабынулар нәтижесінде жылына кем дегенде 7 миллионнан астам адам мүгедек болып қалады, ал бір миллионнан астам қаза болады. Интраоталық кезең мен анестезияға байланысты өлім көрсеткіштері соңғы 50 жылда баяу төмендеп келеді, бұл бір жағынан хирургиялық араласулар жүргізілген кезде пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталып жұмсалған күштің нәтижесінде болса керек. Алайда бұлар ТОК елдерінде кіріс деңгейі жоғары елдерге қарағанда екі-үш есе жоғары болып тұр. 

8акт. Диагнозды дұрыс емес немесе кеш қою медициналық көмек көрсетудің барлық сатыларында жағымсыз зардаптарға әкеледі және пациенттердің жол беруге болмайтын мөлшеріне зиян тигізеді.
     Жүргізілген зерттеулер жыл сайын АҚШ-тың ересек халқының кем дегенде 5 % емханалық мекемелердегі диагностикалық қателердің құрбанына айналатынын көрсетіп отыр. Таяу арада бірнеше он жылдықтар барысында патологоанатомиялық ашу нәтижелерін үйрену жөнінде жүргізілген зерттеулер АҚШ-тағы пациенттер өлімінің шамамен 10 % жағдайы диагностикалық қателердің үлесіне тиетінін көрсетті. Малайзияда бастапқы медициналық көмек пунктерінде жүргізілген көлденең тексерулер нәтижесінде диагностикалық қателердің тарлу деңгейі 3,6 % құрайтынын көрсетті. Медициналық есепке алудың деректері де диагностикалық қателердің үлесіне ауруханалардағы кері әсерлер жағдайларының барлығы 6 %-дан 17 %-ға дейін келетінін куәландырады. ТОК елдеріне қатысты деректер көлемі шектеулі; алайда бұл көрсеткіштердің күтілген мағыналары кірісі жоғары деңгейдегі елдермен салыстырғанда жоғарырақ, өйткені диагностикалау процесіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) мекемелеріндегі мамандардың медициналық көмекке және диагностикалық тестілерге, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі тіркеу жүйелеріне қол жеткізуінің шектеулі болуы, біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі қосымша әсер етеді.

 9акт. Радиациялық сәулелендіруді пайдалану медициналық диагностиканың тиімділігі мен емдеу нәтижесін арттырды, алайда медициналық мақсатта сәулелі терапияның әдістерін пайдалану қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. 
     Медициналық мақсатта ионды сәулені пайдалану халыққа әсер ететін радиацияның жеке алынған жасанды көзі болып табылады. Дүниежүзінде жыл сайын 3,6 миллиардтан аса рентгендік тексерулер, соның ішінде шамамен 10 % балаларға жүргізіледі. Бұдан өзге жыл сайын ядерлі медицинаның 37 миллионнан аса рәсімі және радиотерапияның 7,5 миллионнан аса рәсімі жасалады. Медициналық мақсаттағы радиациялық бөліністерді дұрыс емес немесе біліксіз қолдану пациенттер үшін де, денсаулық сақтау жұмыскерлері үшін де қауіп тудыруы мүмкін.

10акт. Бастапқы көмек көрсету жүйесіндегі медициналық қате жағдайларының барлығының жартысы әкімшілік қателердің үлесіне тиеді.
     Таяуда әдебиет көздеріне жасалған шолулардың деректері бойынша бастапқы көмек көрсету жүйесіндегі медициналық қателердің жиілігі 100 мың келушіге 5-тен 80-ге дейін қатені құрады. Бастапқы көмек көрсету аясындағы аса кең таралған қателердің түрлері көмек көрсету жүйелері және процестеріне байланысты әкімшілік қателер болып табылады. Бағалауларға сай бастапқы көмек көрсету аясындағы 5 %-тен 50 % дейінгі медициналық қателердің барлығы әкімшілік қателер болып табылады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение