MCFR.KZ Медицина

«Интермитициялаушы катетерлендіруді жүргізу алгоритмі»

  • 28 августа 2018
  • 2
«Интермитициялаушы катетерлендіруді жүргізу алгоритмі»

Дербес зәр шығара алмау проблемасы – бұл жаңа емес, бірақ өз өзектілігін жоғалтпаған проблема. Оның шешімі катерлендіру рәсімін жасаудың мақсатына, науқастың жағдайына және оның жасына байланысты болады.

Науқастың қуығын босату науқастың жай-күйіне, оның жасы мен жүргізілу мақсаттарына қарай жүзеге асырылады. Сондықтан емшара үшін тұрақты немесе қысқамерзімдік (кезеңдік)катетерлер пайдаланылады. Біріншілеріне қатысты олардың несепті үздіксіз шығарып тұру үшін қолданылатынын айтуға болады. Кезеңдік, немесе интермициялаушы құрылғылар уринаны бір рет алу үшін тағайындалған. Бұдан бөлек, катетерлендірудің  эпицистостомия сияқты түрі де бар.

«НҰО» АҚ-нда интермициялаушы катетерлендіру жүргізудің алгоритмі: бұл рәсімді жүргізудің алдында нейроурологтің консультациясы қажет. Медициналық бике катетерлендіруге дәрігердің келісімімен ғана кіріседі, ол емдеудің дәрігерлік жоспарында, сондай-ақ күн сайын бикелік күнделіктерде  емшараның басталуы мен кейінге қалдырылу датасымен құжаттандырылады. Қуықты катетерлендіру кезіндегі медбике жұмысының тәртібі:


1.  
Пациентті сәйкестендіру.


2.
 
Қолдарды спиртті антисептикпен өңдеу.


3.  
Қолғаптарды кию.


4.
 
Пациентті тыныштандыру.


5.
 
Пациентті шалқасынан жатқызу. Аяқтар тізелерде жартылай бүгілген және шамалы екі жағына қарай ажыраған. Пациент бөксесінің астына таза клеенка салу және сыртқы жыныс мүшелеріне мұқият туалет жүргізу (жоғарыдан төмен қарай қозғалыстар). Салфеткамен кептіру. Қолғаптарды ауыстырып, стерильді қолғаптар кию.


6.
 
Оң қолмен әйелдерге (балаларға) 4-6 см ұзындықтағы катетерді, еркектерге 10-19 см катетерді абайлап енгізу, еркін шетін несеп жинауға арналған сыйымдылыққа түсіру.


7.
 
Несеп бөліну тоқтағаннан кейін катетерді абайлап алып шығу.


8.  
Қолғаптарды шешу, қолдарды жуу.

Интермициялаушы катетерлендіру кезінде бірреттік стерильді катетер қуыққа  1-2 минутқа енгізіледі және қуық босатылғаннан кейін шығарып алынады да, лақтырылады

Ер адамдарда қуықты катетерлеуді жүргізу алгоритмі

ИНТЕРМИТИЦИЯЛАУШЫ КАТЕТЕРЛЕНДІРУДІ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ

Әйел адамдарда қуықты катетерлеуді өткізу алгоритмі

ИНТЕРМИТИЦИЯЛАУШЫ КАТЕТЕРЛЕНДІРУДІ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ 


Тәулігіне кем дегенде 4 катетерлендіруді орындау қажет. Мұндай режим кезінде несеп қуықта 6 сғаттан артық болмайды. Осылайша, инфекциялық және басқа асқынулар дамуының ең аз тәуекелімен катетердің адам ағзасымен ең аз ұзақ жанасуына қол жеткізіледі. Оларға  интермициялаушы катетерлендіру жүргізілетін пациенттердегі серпін көпшілік жағдайларда оңды болады, бұдан әрі катетерлендіруден мүлдем бас тарту мүмкіндігі орын алады. Біздің клиникада болатын уақыттың бәрінде медициналық бике науқасты катетерлендіру дағдыларына үйрету бойынша орасан жұмыс жүргізеді, бұл оған болашақта айналасындағыларға тәуелді болмауды береді.



                                            ҚОРЫТЫНДЫЛАР

1. Жұлын жарақаты кезінде омыртқа зақымдануларының құрылымында тұрақсыз зақымданулар басым болады, омыртқа-жұлын жарақатының ерте және шалғай кезеңдерінде неғұрлым ауыр асқынулардың бірі несеп-жыныс жүйесінің іріңдік-қабынушылық зақымданулары (19,38 %), дененің жанасушы беттерінің жұмсақ тіндерінің зақымдануларыойық жаралар (6,12%), жамбас-сан буындарының іріңдік зақымданулары (0,5%), ірі буындардың контрактуралары (93,2%).

2. Омыртқа-жұлындық ауыр жарақаты бар науқастарды емдеу несеп бөліп шығарудың уақытша және ұзақ жүйелерін (клапандық эпицистостомия) пайдаланумен тиімді декомпрессивті-тұрақтандырушы ота, ертерек вертикальдандыру, урологиялық серпінді кезеңдік алгоритмделген оңтайландыру  жағдайлары кезінде пациенттің тұрақты функциялық белсенділігін қалпына келтіруге құрылуы тиіс. Омыртқадағы ерте тұрақтандырушы-жалғаушы ота мен науқастарды тіктендіру несеп-жыныстық жүйенің іріңдік-қабынушылық асқынуларын емдеу мен профилактикасының нәтижелерін жақсартады. Алайда босатудың толыққанды еместігі несеп рефлюксімен және қуық пен уретра қабырғаларының өрескел құрылымдық бұзушылықтарымен күрделене түседі.

3. Омыртқа-жұлындық ауыр жарақат несеп-жыныстық жүйенің іріңдік-қабынушылық ауыр зақымдануларымен: жабындық тіндердің, шырышты қабықшаның зақымдануымен, қуықтың барлық қабырғаларының созылмалы-қабынушылық зақымдануымен қатар жүреді, олар көмек өз уақытында және барабар емес көрсетілген кезде жоғарғы несеп шығарушы жолдардың урологиялық серпінін уросепсиске дейін өрескел бұзатын ауыр қайта өндіруші-дистрофиялық өзгерістермен күрделене түседі. Несеп-жыныстық жүйенің іріңдік-қабынушылық зақымдануларын емдеу мен профилактикасының нәтижелеріне жүргізілген талдау несеп деривациясының дәстүрлі тәсілдері тиімділігінің төмендігін  көрсетті.

4. Несеп-жыныстық жүйенің іріңдік-қабынушылық процестерімен күрделенген, омыртқа-арқалық жарақаты бар науқастарды емдеудің нәтижелері клапандық эпицистостомияның ұсынылған әдісінің жоғары тиімділігін көрсетеді, оның дәстүрлі әдістерден айырмашылығы – асқынулар санын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді.

5. Интермициялаушы катетерлендіру өмір сүру сапасын елеулі арттырады: несеп шығару жүйесі тарапынан асқынулар дамуының тәуекелін азайтады, медициналық персоналдан тәуелсіздікті қамтамасыз етеді, несеп шығарумен орын алған проблемалардың елеусіздігін қамтамасыз етеді, күнделікті өмірде және қозғалыстық оңалтушылық бойынша рәсімдерді жүргізу үшін көбірек еркіндік береді, қуық функциясының (жинақтаушылық) қалпына келтірілуін, қуықты босатудың кәдімгі режимін қалпына келтіруді, урологиялық асқынулар профилактикасын (бірінші кезекте, өмірлік маңызды мүше – бүйректер тарапынан) қалпына келтіруді, өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться