text
MCFR.KZ Медицина

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы

  • 11 сентября 2018
  • 7
Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы

Еңбек шартына қол қойған кезде мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу міндетті болып табылады.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде мейірбикені міндетті түрде оның міндеттері мен міндеттемелеріне қатысы бар құжаттардың барлығымен таныстыруы тиіс. Мұндай құжаттарға мыналар жатады:

  1. мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы;
  2. еңбек шарты.

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеудің мақсаттары

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы мынадай мақсаттарды іске асыру үшін әзірленеді:

  1. медқызметкерлердің еңбек қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жасау;
  2. жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара қарым-қатынасын регламенттеу;
  3. қызметкер аттестаттаудан өткен кезде оған сыйлықақы беру мен тәртіптік жаза қолданудың объективтілігі мен негізді болуын қамтамасыз ету;
  4. оңтайлы оқытуды, дайындықты және кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  5. медұйымдағы еңбек тәртібін бекіту;
  6. еңбек шарттарын жасау;
  7. еңбек дауларын шешу;
  8. еңбектің тиімділігін арттыру.

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы оған штаттық кестеге, еңбек тәртібінің қағидаларына, ҚР Конституциясының нормаларын сақтауға, ҚР Еңбек кодексі мен өзге де номативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүктелген міндеттер мен қызметтердің негізінде әзірленеді.

Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде ҚР қай нормативтік актісін басшылыққа алу туралы «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ДЕНСАУЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫН ЖАСАҒАНДА ПАЙДАЛАНАТЫН, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ҚР ҚАНДАЙ НОРМАТИВТІК АКТІСІМЕН БЕКІТІЛГЕН?

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV заңының 1-бабына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым.

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ білуге болады

  • Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.26.11 «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 791 бұйрығымен бекітілген біліктілік сипаттамалары негіз болып табылады.

Мейірбике лауазымдық нұсқаулыққа қолды еңбек шартын жасасқан кезде қояды. Кәсіби қызметіне (біліктілік санатына, атқарып отырған лауазымына сай болуы) қатысты даулы мәселелер туындаған кезде лауазымдық нұсқаулық шешуші құжат ретінде қарастырылады.

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығының мазмұны

Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығында мынадай тараулар бар:

  1. Жалпы ережелер.
  2. Құқықтары.
  3. Лауазымдық міндеттері.
  4. Жауапкершілігі.

«Жалпы ережелер» тарауында мыналар:

    1. лауазымның атауы;
    2. осы лауазымды атқаратын лауазымдық тұлғаның білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар (біліктілік талаптары);
    3. тікелей бағыныштылығы (осы лауазымдық тұлға тікелей кімге бағынады);
    4. лауазымға тағайындау және одан босату тәртібі;
    5. қол астындағылардың болуы және құрамы («бас мейірбике» лауазымына)
    6. орнын басу тәртібі (ол жоқ болған кезде осы лауазымдық тұлғаның орнын кім басады; осы лауазымдық тұлға кімнің орнын басады);
    7. лауазымдар мен қызметтерді қатар атқару мүмкіндігі;
    8. лауазымдық тұлға қызметінің нормативтік базасы (лауазымдық тұлға негізге алып қызметтік (еңбектік) жұмысын атқарып және өз құзыреттілігін іске асырып жүрген нормативтік және ұйымдастырушылық-құқықтық құжаттар) көрсетіледі.

    «Құқықтары» тарауында мейірбикенің өзіне жүктелген міндеттерді атқарған кезде өз құзыреттілігі шеңберінде ие болатын құқықтарының тізбесінен тұрады. Бұдан өзге осы тарауда атқарылатын лауазымдық міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, мейірбикенің құқықтары нақтыланады.

    «Лауазымдық міндеттері» тарауында мейірбикенің негізгі қызметтері мен міндеттерінің тізбесі қамтылған.

    «Жауапкершілігі» тарауында лауазымдық нұсқаулықта, оқшауланған құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік шектерін көрсетеді.

    Сыйлықақы беру және уәждемелеу жүйесі (өз қарауы бойынша)

    Осы тарауда ЕПМ қызмет ететін мейірбикенің жұмысын уәждемелеу жүйесі көрсетіледі.

    Ақпараттық өзара әрекеттестік (өз қарауы бойынша)

    Бұл тарауда мейірбикенің ЕПМ шеңберінде, сондай-ақ оның аясынан тыс жерлерде өзге тұлғалармен ішкі және сыртқы ақпараттық өзара әрекеттесуінің сипаттамасы қамтылады.

    Мейірбике үшін лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу үшін нормативтік-құқықтық база

    Мейірбикенің лауазымдық нұсқаулығы мынадай нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып әзірленген: 

        • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы;
        • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.26.11 «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 791 бұйрығы.

    Мейірбикенің жұмыс орнынан мінездеме

    Бүгінгі өмірдің қарқыны жұмыс орнын ауыстыру жағдайымен жиі ұшырасуға себеп болып жатады. Мұндай жағдайда жаңа немесе ұқсас лауазымға ауысу жұмыс берушіні оның бар дағдылары, кәсіби құзыреттілігі, эмпатиялық қарым-қатынас жасау негіздерін білуі туралы ақпараттандыруды білдіреді. Бұл қызметті жұмыс орнынан алынған мінездеме атқарады.

    Мейірбикенің жұмыс орнынан алынатын мінездеме – бұл жұмыстан босаған кезде жұмыс берушінің беретін құжаты. Осы себепті оның мазмұнын ЕПМ басшысы айқындайды, ал құжаттың өзі еркін нысанда ресімделеді.

    Мейірбикенің жұмыс орнынан берілетін мінездемеге мынадай ережелер енгізілуі тиіс:

      1. ТАӘ, нақты тұратын мекенжайы.
      2. Бұрынғы жұмыс орнының атауы.
      3. Кәсіби дағдыларын сипаттау (білімі, біліктілік санатының болуы, еңбек өтілі, кәсіби қызметіндегі жеке жетістіктері).
      4. Жеке қасиеттері.
      5. Коммуникативтік құзыреттіліктері.

    Берілген осы ережелерден басқа да ережелер мен жағдайлар көрсетілуі мүмкін.

    «ACTUALIS Медицина» ЭЖ демо-қолжетімділікті ресімдеңіз және қажетті құжаттарды жүктеп алыңыз:

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Мы в соцсетях