text
MCFR.KZ Медицина

ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары

  • 28 сентября 2018
  • 3
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы

Мақалада ағымдық және ауқымды жинастырып-тазалау кезінде дезинфекция үшін залалсыздандырушы құралдарды есептеп шығарудың мысалдары келтірілген.

ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары

ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарға қажеттілігінің есебі

Медициналық ұйымдардың дезинфекциялаушы құралдарды  (бұдан әрі  – дезқұралдар) қажетсінуін есептеп шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 
санитариялық қағидаларын бекіту туралы"»  № 48 бұйрығына (бұдан әрі  – Қағидалар) 3 қосымшаға сәйкес жүргізіледі.


★Құқықтық база «ACTUALIS Медицина» ЭЖ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 48 бұйрығы.

10. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық құралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық ерітінділердің шығынын жоспарлау нормаларына сәйкес есептеледі.

Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарына қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:

              NK

X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы

             100

Х1 – ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);

Q – дезинфекция саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);

N – дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы (бір литрге бір шаршы метр);

K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);

S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);

S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар – үш шаршы метрге қабылданады);

S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).

Демек, дезқұралдың айлық қоры 96 мл-ді құрайды.

Тақырып бойынша сауал

ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 31 мамырдағы "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" № 357 бұйрығының (бұдан әрі – № 357 бұйрық) 62 тармағына сәйкес, инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.

Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде 1 кг киім-кешекке жұмсалатын дезинфекциялаушы ерітіндінің орташа мөлшері – 4–5 л

ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарға жұмсаған шығысының есебі

Бір жылға бір хирургиялық бөлімшеге ағымдық жиыстырып-тазарту (формула X1) және ауқымды жиыстырып-тазарту (формула Х2) үшін дезинфекциялаушы құралдар шығынын есептеу 

Мысал ретінде бір жылға бір хирургиялық бөлімшеге ағымдық жиыстырып-тазарту (№ 1 кесте) мен ауқымды жиыстырып-тазарту (№ 2 кесте) жүргізуге арналған дезқұралдар шығынын есептеуді келтіреміз.

Ағымдық жиыстырып-тазартуға кететін дезқұралдар шығынын есептеу мысалы

(барлық үй-жайлар мен жабдықтарды есепке алумен кесте жасау, X1)

1 кесте

Үй-жайлар

S1 – үй-жайдың ауданы, шаршы м

S2 – жабдықтардың ауданы, шаршы м

S3 – өзге объектілер ауданы, шаршы. м

Барлық аудан, шаршы м

1 шаршы м-ге жұмыстық ерітінді шығыны, мл

Жұмыстық ерітінді %

Емшара кабинеті  (еден)

12

жабдықтың 4 бірлігі – 4 шаршы м

Жуу бөлмесі – 2 шаршы м

18

100

1

Хирургиялық кабинет (еден)

12

3 бірлік – 3 шаршы м

Жуу бөлмесі  (дезинфекциялық) – 2 шаршы  м

17

100

1

Палаталар – 10

6 шаршы  м * 10 = 60

4 бірлік – 4 шаршы м

Санторап – 2 шаршы  м *10 = 20 кв. м

84

100

0,5

Ординаторлық бөлме

12

2 бірлік –

 2 шаршы  м

 

14

100

0,5

Медбикелер бөлмесі

10

2 бірлік  –

2 шаршы  м

 

12

100

0,5

Коридор

60

4 бірлік  –

4 шаршы  м

Қызметкерлерге арналған санторап – 4 шаршы  м

68

100

0,5

Қосалқы үй-жайлар

4 шаршы  м * 2 =

8

4 бірлік –

 4 шаршы  м

 

12

100

0,5

Буфетная

16

4 бірлік –

4 шаршы  м

 

20

100

0,5

Барлығы

190

27

28

245

 

 

 

Ескертпе:

Үй-жайлар барлығына және бөлімше бейініне қарай қосылады  немесе алынып тасталады.

Есептеу кезінде мына формуланы қолданамыз:

                              NK
               X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3),
 бұл жерде біздің жағдайда:                                      

                             100

Q = 365 жұмыс күні * 2 еселеу, минус 52 ауқымды жиыстырып-тазарту = 678 жиыстырып-тазарту;

N= 100 мл (дезқұралға нұсқаулыққа сәйкес), немесе 0,1 л;

K = 0,5 % (нұсқаулыққа сәйкес, емшаралық және байлап-таңу кабинеті үшін есептеу бөлек жүргізіледі);

S = 245 шаршы м.                                   

Осылайша,ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары           

Бұл жағдайда жүргізілген есептеу нәтижесінде бір бөлімшеге ағымдық жиыстырып-тазартуға 83 л дезқұрал талап етіледі.


                Қорытынды (толық) дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялаушы құралдарды есептеу мысалы

Емшаралық, байлап-таңу, оталық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция  (толық жиыстырып-тазартулар) жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезқұралдарды қажетсінуін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:

мұндағы: ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары

Х2 – ұйымның ауқымды жиыстырып-тазарту жүргізуге  дезинфекциялаушы құралдарды жылдық қажетсінуі;
     52 – ауқымды жиыстырып-тазарту  саны (аптасына бір рет есебімен);
     N – бір шаршы метрге дезқұрал жұмсалуының нормасы  – 0,1 л;
     K –  дезинфекциялаушы ерітіндінің мөлшері – 1,0 %;
     S4 –  ауқымды жиыстырып-тазартуға жататын оперативтік алаң, – 120 шаршы м.

Беттерді зарарсыздандыру үшін қолданылатын дезинфекциялаушы құралдар қандай қасиеттерді иемденуі тиіс

Дезқұралдардың қолданыстағы заттары құрамында белсенді оттек (асқын тотықтық қосылыстар және басқалар), катиондық беттік-белсенді заттар, спирттер (этанол, пропанол және басқалар), хлорбелсенді қосылыстар, альдегидтер бар.

Көбінесе құрамында бір немесе бірнеше қолданыстағы заттар мен функциялық қоспалары (коррозияға қарсы, дезодаранттаушы, жуушы және басқа) бар көпқұрамдасты рецептуралар пайдаланылады.

Получите демо-доступ к ЭС «ACTUALIS: Медицина» и узнайте больше

Шамамен есептеуге арналған мәліметтер 2 кестеде ұсынылған.

№  2 кесте

 

Үй-жай

Төбе, еден, шаршы м

Төрт қабырға, оның ішінде терезелер, есіктер, шаршы м

Периметр бойынша оперативтік аудан, шаршы м

 

Емшара кабинеті

24

36

60

Хирургиялық

кабинет

24

36

60

Өзге де үй-жайлар

(қажет болған кезде)

 

 

 

Барлығы

 

 

120

Төбе мен еденнің оперативтік алаңы 24 шаршы м +  қабырғалардың ауданы 36 шаршы м  (4 қабырға 9 шаршы  м-ден), 2-ге көбейтеміз  (емшара және байлап-таңу кабинеттері), S4 = 120 шаршы  м.

Біздің жағдайда есептеу  формуласы мынадай болып шығады:ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары

★ЕПҰ үй-жайларын «шелексіз жиыстырып-тазарту» әдісінің артықшылықтары қандай?★

ҚР ЕПМ дезинфекциялаушы құралдарының шығыс нормалары

Марина Гаппаровa

эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы
«Шелек-су» қағидатына негізделген жүйелермен жұмыс істеген кезде химиялық заттардың шығыны «шелексіз жиыстырып-тазалау» жүйесімен жұмыс істеу жағдайында жұмыстық ерітіндіде дезқұралдың мөлшері өзгермеген кезде, сол химиялық заттарды тұтыну көлемінен әлдеқайда (шамамен 10-12 есе) көп болады.

Ағымдық және ауқымды жиыстырып-тазартуға барлық қажеттісі:

X1 + Х2 = 83 л + 6,24 л = 89,24 л ≈ 90 л

Хирургиялық медициналық аспаптарды дезинфекциялауға, жиыстырып-тазарту мүлкін, науқастарға күтім жасау бұйымдарын, асхана ыдысын, киім мен өзгелерін  өңдеуге жұмыстық ерітіндіні алмастыру дүркінділігін  (араластырылған жұмыстық ерітіндіні пайдалану мерзімі) есепке алумен, дезқұралдар шығынын қосымша есептеу қажет (3 кесте). Біздің жағдайда жұмыстық ерітіндінің жарамдылық мерзімі – 15 күн (айына 2 ауысым). Осылайша, есептеу бір айға жүргізіледі, одан кейін бір жылғысы шығарылады.

ЕПМ дезинфекциялаушы құралдардың шығыс есебін құрастырушылар

Осылайша, дезқұралдардың қажетті мөлшері мыналарға қажеттіліктерді есепке алудан тұрады:

1) ағымдық жиыстырып-тазартулар  (X1);

2) ауқымды жиыстырып-тазартулар  (Х2);

3) медициналық аспаптар + медициналық жабдықтар;

4) науқастарға күтім жасау бұйымдары;

5) жиыстырып-тазарту мүлкін дезинфекциялау;

6) жоспардан тыс дезинфекциялар;

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша.

 Толығырақ "Аға медбике" журналының 2018, № 1 нөмірінен оқыңыздар

                        

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение