text
MCFR.KZ Медицина

ҚР бастапқы медициналық көмек көрсету

  • 22 октября 2018
  • 0
Бастапқы медициналық көмек көрсету
Бастапқы медициналық көмек көрсету

Мақалада бастапқы көмек көрсетудің базалық дағдылары сипатталады. Сіз зардап шеккен адамның өмір сүру белгілерін қалай айқындауды, жасанды тыныс алдыру мен жүрекке жанама массаж жасауды біле аласыз.

Бастапқы медициналық көмек

Бастапқы медициналық көмек – зардап шеккен адамға бұл дәрігерлер келгенге дейін көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені. Көбінесе нақты осы бастапқы медициналық көмек зардап шеккен адамды ары қарай емдеу барысында шешуші рөл атқарады, ал кейде адам өмірі қасындағы адамдардың жылдамдығына және әрекеттерінің дұрыстығына байланысты болады. Бастапқы көмек көрсету үшін медициналық білімнің болуы міндетті емес. Мұны зардап шеккен адамның қасынан табылған кез келген адам жасай алады және жасауы тиіс. Сол себепті зардап шеккен адамды көрген кездегі алғашқы минуттарда адам өмірін сақтау үшін қажетті дұрыс қол әрекеттері дағдыларын білу, бастысы қолдана алу өте маңызды. Кейбір кәсіп иелері үшін бастапқы көмек көрсету қызметтік міндет болып табылады. Бұл – әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер және полицейлер.


Қиындыққа ұшыраған адамды көрген кездегі қажетті әрекеттер:

ҚР бастапқы медициналық көмек көрсету


 1. Зардап шеккен адамды оқиға орнынан шығару (ЖКО оқиғасы, суға батқан жағдайларда).
 2. Өміріне қауіп төндіріп тұрған жағдайды тоқтату (қан жоғалту, асфексия және т. б.).
 3. Зақымдалу дәрежесі мен тасымалдау мүмкіндіктерін бағалау.
 4. Жедел немесе шұғыл жәрдем бригадасын (103 телефоны бойынша), сондай-ақ қажеттілік болғанда құтқару қызметін (Алматы қаласы үшін 109 немесе бүкіл Қазақстан аумағы бойынша 112 телефоны бойынша) шақыру.
 5. Бастапқы медициналық көмек көрсету.


Пульсты айқындау алгоритмі

 ҚР бастапқы медициналық көмек көрсету 1. Зардап шеккен адамның мойнына алақанын қояды.

  2. Иілу бұлшықеті мен жұтқыншақ сіңірінің арасын саусақтарыңызбен баяу басыңыз, солай пульті табуға және оны сезінуге тырысыңыз.





Көз қарашығының жарыққа реакциясын айқындау алгоритмі

ҚР бастапқы медициналық көмек көрсету1. Қабақтың жоғары бөлігін көтереді.

2. Көздің қарашығына қарайды: жарық түсірсе де көлемді болып тұрса, онда реакция жоқ екенін білдіреді.

3. Егер көз қарашығын тексеру түнгі уақытта жасалса, қол шамын қолдануға болады.



Жасанды тыныс алдыру алгоритмі

Жасанды тыныс алдырудың бірнеше тәсілі бар, бірақ маман емес адамдарға «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» техникасы аса қолайлы саналады.

  1. Жоғары тыныс алу жолдарының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін:

А) зардап шеккен адамның басын қырына қарай бұрады;

Б) ауыз қуысында бар нәрселерді (сілекей, бөгде заттар, қан) тазалайды;

В) мұрын жолдарын тексереді, қажеттілік болса оларды тазалайды.

2. Зардап шеккен адамның мойнын бір қолымен демеп тұрып, басын шалқайтады.

3. Өзін инфекциядан қауіпсіздендіру үшін зардап шеккен адамның аузына қолда бар кез келген мата материалын қояды (мата кесіндісі, ормалша, дәке, қағаз майлықты қолдануға болады).

4. Зардап шеккен адамның мұрнын үлкен және сұқ саусағымен қысады.

5. Терең тыныс алады да, зардап шеккен адамның ерніне аузын толық тақайды да, оның өкпесіне дем жібереді.

6. Зардап шеккен адамның кеуде қаңқасын бақылау: әрекеттер дұрыс болған кезде ол әрібір тыныс алғанда көтеріліп басылуы тиіс.

Жүрекке жанама массаж жасау алгоритмі

Тыныс алмаса және пульсы болмаған жағдайда жүрекке жанама массаж жасаған жөн. Оны жасанды тыныс алдырумен қатар жасау керек. Бұл үшін:

  1. Алақанын семсер тәрізде өсіндінің үстіне қояды (бас бармағы зардап шеккен адамның иегіне немесе ішіне бағытталып тұруы тиіс).
  2. Ауырлықты кеуде қаңқасына ауыстырады.
  3. Кеуде қаңқасын минутына 80-100 рет жиілікпен оны 3-4 см иіп басады.
  4. Кеуде қаңқасын кезекті басқан кезде ол бастапқы қалпына келгеннен кейін ғана бастайды.

Кеуде қаңқасын басу мен тыныс алдыру арасы 30х2 құрауы тиіс.

Қан кетіді тоқтату алгоритмі

ҚР бастапқы медициналық көмек көрсетуЖарақат алған кезде ішкі немесе сыртқы қан кетулер орын алуы мүмкін. Бастапқы көмек көрсету сыртқықан кетуді тоқтатуды білдіреді. Ол, өз кезегінде, капиллярлық, тамырлық және артериалдық болады.

Қан кетуді тоқтату мынадай жолдармен жасалады:

Капиллярлық: асептикалық таңғыш таңу және аяқ-қолдарын дене қалпынан жоғары көтереді (қол немесе аяқ жарақаты кезінде).

Тамырлық: қысып тұратын таңғыш байлау. Жабысқақ пластырьдің көмегімен жарақатқа тығыз жабыстырып қоятын мақта-дәкелік тампонды пайдаланады немесе дәкенің бірнеше қабатын қолданып қысып байлап тастайды.

Артериалдық: артерияны қысу. Артерияны саусақпен немесе оған жақын сүйекке жұдырықпен жабыстырып қысу (қан қолдары шаршамағанша және оның қысымы босамағанша бірден 10-15 минутқа тоқтайды). Қысып ұстау тиімсіз болған жағдайда қысып таңып қоятын таңғышты қолданған жөн. Егер қысып таңылған таңғыштың көмегімен де қан кетуді тоқтата алмаса, онда қан тоқтататын бұрау салу керек.

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ қолжетімділікті іске қосыңыз және керекті құжаттарды көшіріп алыңыз:




Бұрау салу алгоритмі

  1. Бұрауды жарақат орнынан жоғарырақ киімінің немесе таңғыштың үстінен салады.
  2. Бұрау салған кезде міндетті түрде қан тамырларының пульсын тексереді. Қол әрекеттерін дұрыс жасаған кезде қан кету тоқтауы, ал дененің бұраудан төмен бөлігі бозаруы тиіс.
  3. Бұрау салған уақытты жаттап алу немесе жазып қою керек, өйткені артерияны бұраумен асып кетсе бір сағат, бір жарым сағатқа қысып қоюға болады. Жылдың суық мезгілі кезінде ол жарты, бір сағатқа қысқарады. Содан кейін бұрауды аз уақытқа босатады және қажеттілік болса қайтадан бұраумен қысып қояды (максималды уақыты 20 минут).

Көбінесе арнайы бұрау болмайды, сондықтан оны өз құрылымы жағынан ұқсас басқа затпен: галстукпен, белдікпен, бинтпен және т. б. алмастыруға болады.

Жан сақтау әрекеттерін табысты жасағаннан кейін зардап шеккен адамда өмір сүру белгілері (пулсы, тыныс алуы) пайда болған жағдайда зардап шегушіні қырымен жатқызып, бастапқы көмек көрсетуді тоқтатқан және дәрігерлердің келуін күткен жөн.

Толығырақ "Аға медбике" журналының оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях