MCFR.KZ Медицина

ҚР ЕПМ парентералды тамақтандыру

  • 3 октября 2018
  • 2

Парентералды тамақтандыруды дұрыс тағайындау үшін дәрігерге зат алмасудың бұзылу сипатын айқындау қажет, ал мейірбикеге пациенттің тамақтануында қандай проблемасы бар екенін білуі қажет. Мақалада парентералды тамақтандыруға қатысты ерекшеліктер мен қабынулар қарастырылады, сондай-ақ көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері айқындалады.

Парентералды тамақтандыру дегеніміз не?

Тамақтану бұл тағамның адам ағзасына түсуі, қорытылуі, сіңуі және сіңірілуі процестерінен  тұратын қиын процесс, адам ағзасының маңызды физиологиялық қажеттілігі.

Тамақ жетіспейтін кезде ағзаның қорғаныстық күштері сарқылады, терінің эпителийлік тосқауылы мен шырышты қабықшалардың функциясы, Т-жасушаларының функциясы бұзылады, иммуноглобулиндер синтезі төмендейді, лейкоциттердің бактерицидті функциясы нашарлайды, мұның нәтижесінде жұқпалы аурулар, сепсис тәуекелі артады. Гипоальбуминемия жаралардың жазылуына кері әсер етеді және ісіктердің (өкпе мен мидағы), ойық жаралардың туындау тәуекелін арттырады.

Парентералды тамақтандыру – бұл орнын басу терапиясының ерекше түрі, бұл кезде энергетикалық, пластикалық шығындардың орнын толтыру және алмасу процестерінің қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін, қоректік заттар ағзаға асқазан-ішек жолынан тыс енгізіледі.

Парентералды тамақтандыруды тағайындаған кезде нені ескеру керек

Парентералды тамақтануды тағайындау кезінде күйзелу реакциясының сатысы ескеріледі:

  • адренергиялық (алғашқы 1–3 күнде);
  • кортикоидті, кері дамуда (4–6-тәулікке);
  • зат алмасудың анаболикалық сатысына өту (6–10-тәулікке);
  • май мен ақуыз жинақтау сатысы (есеңгіреу, күйзелу реакциясы дамуынан кейінгі 1 аптадан бірнеше айға немесе жылға дейін).

Парентералды тамақтандырудың негізгі ережелері

  • майлы эмульсияларды енгізу жылдамдығы: 10 % – 100 мл/сағатқа дейін, 20 % – 50 мл/сағаттан артық емес.
  • глюкоза енгізу жылдамдығы – 0,5 г/кг/сағат.
  • оңды азоттық теңгерімді ұстау («ПТ алтын ережесі»).
  • толықтай Парентералды тамақтануға арналған инфузиялық жүйелерді әрбір 24 сағатта, қажет болған кезде жиірек алмастырады.

Әр түрлі асқынуларды болғызбау үшін, мейірбикеге дәрігерлік тағайындаулар парағындағы (№ 004-1/у нысаны) дәрігер тағайындауын зер сала оқып шығуы және орындауы, тағайындалған препаратты енгізу жолдарын, тәсілі мен жылдамдығын сақтауы қажет.

Дәрігерлік тағайындаулар парағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген.

Тағайындаулар парағының электрондық нұсқасы (003/у нысаны) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 92 бұйрығымен бекітілген (1 қосымша).

ҚР ЕПМ парентералды тамақтандыру

Парентералды тамақтандыруға арналған препараттарды енгізу кезіндегі асқынулар

Трансфузиялық реакциялар ақуыздық гидролизаттар мен майлы эмульсияларды пайдалану кезінде байқалады. Казеин гидролизаттарын енгізу кезінде әртүрлі авторлардың (А. Н. Филатов, В. В. Белоусов, В. Н. Шабалин, З. А. Чаплыгина, Е. А. Сенчилло және басқалар) мәліметтері бойынша, трансфузиялық реакциялар орташа алғанда науқастардың 4,5 %-ында туындайды, ал бұл асқынулардан сақтандыру үшін жоғарыда баяндалған ережелерді қатаң сақтау қажет.

Жанама әсер ету (side eect) – медикаменттің фармакологиялық әсері, әдетте жағымсыз және оны тағайындаудан күтілетін әсерден (мақсаттан) ерекшеленеді. Басқаша сөздермен айтқанда, бұл адам ағзасы үшін кез келген алдын ала болжамдалмаған және (немесе) зиянды реакция, ол дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) ұсынылатын мөлшерлемелерде пайдаланған кезде пайда болады, бұл кезде ДЗ-пен себеп-салдарлық байланыс орын алады.

Парентералды тамақтандыруға арналған препараттардың жағымсыз әсерлерінің түрлері

Парентералды тамақтандыруға арналған препараттарды енгізу кезінде жанама әсер етулердің бірнеше түрі ажыратылады:

Айтарлықтай жанама әсер ету (serious side eect) – ДЗ-дың мөлшерлемесіне қарамастан, кез келген қолайсыз клиникалық көрініс, өмір үшін өлімге, орнықты немесе айқын білдірілген еңбекке қабілетсіздікке, ауруханаға жатқызу немесе ауруханаға жатқызу мерзімін ұзартуға, туа біткен ауытқушылықтарға немесе дамудағы кемістіктерге әкелетін қатер болып табылады.

Медикаменттік қателік (medication error) – кез келген жоюға болатын оқиға, ол ДЗ-ты дұрыс пайдаланбауға әкелуі немесе пациент қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Әлеуетті медикаменттік қателік / қателік дерлік (medication related nearmiss) – ДЗ-ты пайдаланудың кез келген кезеңінде (таңбалау, тағайындау, тағайындауларды орындау) күтілетін процестен ауытқу, ол бұл жолы нәтижеге әсер еткен жоқ, өйткені пациентке мүмкін болатын залал келтіргенге дейін анықталып, жойылды, бірақ қайталанған кезде медикаменттік қателікке және елеулі салдарларға әкелуі мүмкін.

Жағымсыз оқиға немесе оқыс оқиға (adverse event) – медициналық ұйымдағы күтпеген, жағымсыз немесе әлеуетті қауіпті оқиға. Бұған қателіктер (жанжал орын алды), және қателік дерліктер (бола жаздады) жатады.

Парентералды тамақтандырудың негізгі мақсаты асқазан-ішек жолының органикалық немесе функциялық қабілетсіздігі кезінде бұзылған зат алмасуды түзетімдеу болып табылады.

Парентералды тамақтандырудың міндеті — ағзаның пластикалық қажеттіліктерін және энтеральды тамақтану ішінара немесе толықтай жеткіліксіз болған кезде энергетикалық және гидроионды теңгерімді өтемдеуді қамтамасыз ету.

Бұл міндетті шешу үшін дәрігерге метаболизм бұзылуларының сипатын анықтау қажет, ал мейірбике пациент тамақтануында қандай проблеманың бар екендігін білуі тиіс.

Парентералды тамақтандыруға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер 

Парентералды тамақтандыруға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер

Парентералды тамақтандыруды өткізуге көрсетімдер:

  • табанды диареяны қосқанда, ішектік жетіспеушілік;
  • ішектен механикалық өтпеушілік;
  • «қысқа ішек» синдромы;
  • ауыр панкреатит (панкреонекроз);
  • ащы ішектің сыртқы жыланкөзі;
  • инфузиялық-трансфузиялық терапия құрамындағы ота алдындағы дайындық.

Парентералды тамақтандыруға қарсы көрсетімдер:

  • жекелеген нутриенттерге (анафилаксияны қосқанда) шыдамаушылық;
  • есеңгіреу;
  • гипергидратация. 

Парентералды тамақтандырылатын пациентке күтім жасау

Парентералды тамақтандырылатын пациенттерге күтім жасалуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:

  • тамырішілік препараттарды қауіпсіз енгізу;
  • тамырішілік ДЗ-дың жанама әсерлерін немесе аллергиялық жауап әрекеттерін айқындау бойынша пациентке мониторинг;
  • асқынулар мен жанама әсерлерді болғызбау және барынша азайту.

Парентералды ДЗ сақтау, дайындау, сұйылту

Тамырішілік ДЗ-ды сақтау, дайындау, араластыру КФБ-нде орталықтандырылып жүргізіледі.

1. ДЗ-ты дайындау тікелей тұтынудың алдында жүргізіледі. Кейінге қалдыру оқиғаларына дайындалған тамырішілік ерітінділердің жағдайлары мен сақтау мерзімдері ескеріле отырып, медициналық көрсетімдер бойынша ғана жол беріледі.

2. Парентералды ДЗ кәсіптік стандарттарға және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес сақталады, мерзімі өткеннен кейін ережелерге сәйкес жойылады.

3. ДЗ-ды дайындауды арнайы оқытылған персонал КФБ арнаулы үй-жайында жүзеге асырады. Дәрілік препараттардың түсуінен қорғану үшін персонал арнаулы костюм киюге міндетті. Ең аз міндетті жиын халат, телпекше, бетперде, қолғаптар болып табылады.

4. Құрылымдық бөлімшелерге тамырішілік ДЗ пайдалануға дайын түрінде ғана жеткізіледі.

Толық парентералды тамақтандырылатын ересек адамның негізге тәуліктік қажеттілігі

 

Қоректі зат

Мөлшері

Су (күніне/дене салмағына кг)

30-40 мл

Энергиясы* (күніне/дене салмағына кг)

Терапевтік науқас

Ота жасалған пациент

Гиперкатаболиялық науқас

 

30 ккал

30-45 ккал

45-60 ккал

Аминоқышқылдар (күніне/дене салмағына кг)

Терапевтік науқас

Ота жасалған пациент

Гиперкатаболиялық науқас

 

1,0 г

2,0 г

3,0 г

Минералдары

Ацетат / глюконат

Кальций

Хлор

Хром

Медь

Йод

Магний

Марганец

Фосфор

Калий

Селен

Натрий

Цинк

 

90 мЭкв

15 мЭкв

130 мЭкв

15 мкг

1,5 мг

120 мкг

20 мЭкв

2 мг

300 мг

100 мЭкв

100 мкг

100 мЭкв

5 мг

Дәрумендері

Аскорбин қышқылының қоспасы

Биотин

Кобаламин

Кобаламин

Фолат (фолий қышқылы)

Ниацин

Пантотен қышқылы

Пиридоксин

Рибофлавин

Тиамин

А дәрумені

D дәрумені

Е дәрумені

К дәрумені

 

100 мг

60 мкг

5 мкг

5 мкг

400 мкг

40 мг

15 мг

4 мг

3,6 мг

3 мг

400 МЕ

400 МЕ

15 мг

200 мкг

*1℃ жоғары температураға 12% есептен энергияны арттыру қажеттілігі

Парентералды тамақтандырылатын мейірбикемен жұмыс жасаған кезде мейірбике мыналарды жасауы тиіс:

  • дәрігерге аллергияның кез келген белгілері, пациент жағдайының нашарлауы және кез келген оқиғалар туралы шұғыл хабарлау. Сондай-ақ «Оқыс оқиға туралы есеп» арқылы КФБ хабарлау.
  • парентералды тамақтандыруға ДЗ енгіген кезде пациенттің жағдайын бақылау; мысалы, т/і салу, қызару, ауырсыну және т. б.
  • пациент пен оның отбасының жағымсыз әсерлер туралы айтуын қолдау және пациенттер өз сезімдерін білдіруге және сауалдар қоюға ұялмау үшін қолайлы жағдай жасау.

Скачать: Отчет об инциденте DOC файл

Мейірбике аллергияның кез келген симптомдары, пациент жай-күйінің нашарлауы және кез келген оқыс оқиғалар туралы дәрігерге дереу хабарлауы тиіс. Сондай-ақ, «Оқыс оқиға туралы есеп» арқылы КФБ-ге хабарлау.

Мейірбике Парентералды ДЗ енгізу кезінде пациенттің жай-күйіне, мысалы, т/і қолжетімділік, қызару, ауырсыну және т.б. бақылау жүргізуі тиіс.

Мейірбике пациент пен отбасы мүшелерінің жанама әсерлер туралы хабарлауын көтермелеуі және пациенттер өз сезімдерін білдіру мен сұрақтар қоюға қысылмайтындай, қолайлы жағдай жасауы тиіс.

Толығырақ "Аға медбике" журналының оқыңыздар

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться