MCFR.KZ Медицина

ҚР меджұмыскерлерді аттестаттау

  • 1 ноября 2018
  • 17
ҚР меджұмыскерлерді аттестаттау
Меджұмыскерлерді аттестаттау

Мақалада меджұмыскерлердің нормативтік-құқықтық актілерге сай аттестаттаудан өту мәселелері қамтылған.

Медициналық ұйым басшыларын аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік біліктілікке аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы» (бұдан әрі – Аттестаттау қағидалары№ 660 бұйрығына сай міндетті болып табылады. Медициналық ұйымның бірінші басшысы меджұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарға негізделетін кәсіби біліктілігіне аттестаттау жүргізеді.  

Медициналық персоналды аттестаттау медициналық ұйымның бірінші басшысының бұйрығы бойынша өткізіледі.

★ Ұсыныз ★

Медициналық ұйымда жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
ҚР меджұмыскерлерді аттестаттау

Александр Хан

Эксперт ЭС "ACTUALIS: Медицина", автор журнала "Руководитель медицинской организации", к. м. н., доцент Карагандинского государственного медицинского университета
Егер медициналық ұйымның бір бөлімшесінің қызметкерлері бір жабдықта жұмыс істесе (мысалы, екі ауысымда), бағалауға жататын өндірістік факторлардың жиынтығы өзгеріссіз қалады және жұмыс орындарының санын анықтау кезінде мұндай жұмыс орны бір жұмыс орны ретінде қарастырылады.

Дәрігерлер мен мейірбикелер тұрақты түрде санат беру үшін аттестаттаудан өтіп тұрады.

Ал дәрігерлер мен мейірбикелерге біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысында отыратын басшылардың өздерін аттестаттау қалай жүргізіледі? 

ҚР медициналық ұйымдардың басшыларын аттестаттау

Басшыларды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы» (бұдан әрі – Аттестаттау қағидалары) № 660 бұйрығымен реттеледі. Қағидалар басшылардың атқарып отырған лауазымына сәйкестігінің талаптарын, мерзімдерін, әдістемесін, құжаттамасын және тағы басқаларды айқындайды.

Аттестатталатын тұлғалар аттестаттаудан тиісті лауазымды атқарғанына бір жыл толмастан бұрын өтпейді, ал әрбір үш жыл өткеннен кейін өтеді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) және облыстардың, республикалық мәні бар қалалар мен астаналардың денсаулық сақтауды мембасқаратын жергілікті органдары құрамын, кестесін, аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру-түсіндіру жұмысын айқындайтын аттестаттау комиссиясын құрады. Үміткерлер күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аттестаттау жүргізу басталғанға дейін оның мерзімдері туралы жазбаша хабардар етіледі. 

ҚР-да медициналық жұмыскерлерді аттестаттау құжаттары

Денсаулық сақтау органдарының кадр қызметтері аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясына әрбір аттестатталатын тұлғаға қатысты қажетті құжаттар тізімін жібереді.

Қызметтік сипаттамасы

Ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау, оның мақсатты индикаторларына қол жеткізу (салалық және аймақтық бағдарламаларына, ұйымның даму жоспарына, меморандумға және т. б.).

Аттестатталатын медициналық жұмыскер сипаттамамен бір жұмыс күні шегінде мазмұнымен келіспеу құқығына ие бола отырып танысып шыға алады. Мұндай жағдайда ол осы сипаттамамен келіспеу себептерін жазбаша көрсеткені жөн.

Іске асыруды көрсететін 10-20 индикаторды көрсетсін. 

ҚР медициналық жұмыскерлерді аттестаттау барысында қызметтік әдеп сақтау

Қызметтік әдептің сақталу дәрежесін бағалау:

5 – жауапкершіліктің, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі тәртіпке шақырудың жоғары деңгейі.

4 – еңбектік және орындаушылық тәртіптің талаптарын сақтайды, барлығын адал орындауға тырысады.

3 – еңбектік және орындаушылық тәртіпті бұзады, тапсырылған жұмысты орындауға асқан ұқыптылықпен қарамайды.

2 – еңбектік және орындаушылық тәртіпті жиі бұзады, жұмысқа жауапсыз және селқос қарайды.

Жауапкершілік пен орындаушылықты бағалау

Бастамашылдықты бағалау

Көшбасшылық қасиеттері мен жұмысты ұйымдастыру қабілетін бағалау

Мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау

Коммуникативтілігі мен командада жұмыс жасау қабілетін бағалау

Қажеттілік жағдайларында мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Осы мәліметтер еркін нысанда, балсыз беріледі.

Аттестациялық комиссияның хатшысы аттестатталатын тұлғаға аттестаттау парағын ресімдейді.

Аттестаттау парағы

Аттестаттау комиссиясы мүшелерден және комиссияның хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің сандық құрамына кем дегенде жеті адам, оған мүшелікке ҚР ДСМ, оның аймақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау, медициналық ғылым және білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіруі тиіс.

Аттестаттау комиссиясының отырысы оның құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда өткізілді деп саналады.

Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің басым дауысымен айқындалады.дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.

Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды оқып, зерттегеннен кейін аттестаттаудан өтушімен әңгімелесіп мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • аттестатталды;
  • қайта әңгімелесуге жатады;
  • аттестатталмады.

Комиссия отырысы кезінде бейне- немесе аудиожазба жасалады.

Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесінің жеке тәртіпте аттестатталушы тұлғамен дербес әңгімелесуді бағалау парағына қойған балдарын есептеу нәтижелері бойынша шығарылады.

Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан төраға, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшының қолы қойылатын отырыс хаттамасымен ресімделеді.

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірлері, егер ондай пікір болған жағдайда, жазбаша нысанда баяндалады және комиссия хаттамасына қоса тіркеледі. 

ҚР денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби біліктілікке аттестаттау жүргізу тәртібі

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

  • тестілеу;
  • әңгімелесу.

Тестілеу жүргізілген кезде аттестатталушылар бір-бірімен сөйлесе және тестілеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кете алмайды. Үміткерлер 90 минут ішінде 100 сауалға жауап беруі тиіс.

90 минут аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде жабылады және дұрыс жауаптар мөлшерін санайды, содан кейін Тестілеудің нәтижелері екі данада, оның біреуі аттестатудан өткен адамға беріледі.

Дұрыс жауаптар саны 100 сауалдың 70 кем болған мөлшерде нәтижесі теріс саналады.

Тестілеуден теріс нәтиже алған аттестатталушы тұлға аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесуге) өткізілмейді және бастапқы аттестаттау өткізілген күннен алты ай мерзімі өткеннен кейін қайта аттестатталуға жатады.

Тестілеу нәтижесі бойынша қайта аттестаттауға жататын тұлғалар туралы шешімді ҚР ДСМ бірінші басшысы не оның орнындағы адам бекітеді.

Аттестатталушы тұлғамен дербес әңгімелесуді бағалау парағы

Бағалау нысаны

Аттестаттау комиссиясы мүшесінің ұсынымы:

Тестілеудің нәтижесі аттестаттау өткізген органда және аттестатталған тұлғаның жеке іс парағында үш жыл көлемінде сақталады. Жүргізілген тестілеудің қорытындысы бойынша аттестатталған тұлғаларды тестілеу нәтижелері тестілеуден өткеннен кейін әңгімелесуден өту үшін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей аттестаттау комиссиясына жіберіледі (қағаз немесе электрондық жеткізгіште).

Аттесталушы тұлғалармен әңгімелесулерді ҚР ДСМ аттестаттау комиссиялары қызмет туралы есептің құрылымына сай ұйымның соңғы үш жылдық қызметі туралы есептің және алдағы үш жылдық кезеңге жоспардың таныстырылымы нысанында жүргізеді.

Ұйымның қызметі туралы есептің құрылымы

Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау жүргізілген күннен күнтізбелік 30 күн ішінде ҚР ДСМ бірінші басшысының не оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталушы тұлғаның аттестаттау парақтарына енгізіледі. Аттестаттаудан өткен аттестатталушы тұлғаның аттестаттау парағы мен оның қызметтік мінездемесі аттестаттау ісінде сақталады.

Тестілеуде немесе аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен (еңбек қабілетін жоғалтуымен байланысты аурулар, жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы, қызметтік іссапар, еңбек демалысы, әскери жиында болуы немесе аттестатталатын адамның өзінің келу мүмкіндігінен айырған басқа да жағдайлармен) болмаған аттестатталатын адам жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде аттестаттаудан өтеді. Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

Қайта аттестаттау алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап 6 ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталатын адаммен әңгімелесу жүргізіп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта әңгімелесуге жатады;

3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

Аттестаттау комиссиясы, қайта аттестаттаудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

Қайта аттестаттау кезінде теріс нәтиже алу аттестатталатын адамға қатысты оның атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіндігі туралы шешім қабылданады, ол ҚР ДСМ бірінші басшысының не оның міндеттерін атқарушының бұйрығымен бекітіледі және аттестатталатын адаммен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіздеме болып табылады.

Аттестаттау жүргізген (тестілеген, әңгімелескен) кезде туындаған даулар соттық тәртіпте қарастырылады.

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ден толығырақ оқыңыз

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться