Онкологтар мен радиологтардың VI съезі

17 мая 2017 7
Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте метастатикалық колоректальды обыры бар пациенттерден «сұйық биопсия» көмегімен RAS биомаркерлерін анықтаудың жаңа технологиясын бірінші болып енгізуде.

Онкологтар мен радиологтардың VI съезі 2017 жылдың 26-27 сәуір күндері Қазақстанда онкологтар мен радиологтардың VI съезі болып өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы онкологиялық науқастарға көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталды. Съезд барысында  диагностика мен емдеудің жаңа мүмкіндіктері талқыланды, инновациялық медициналық технологиялар ұсынылды. Съезге қатысуға Қазақстандағы, жақын және алыс шетелелдері –Италия, Испания, Түркия, Израиль, Ресейдің, Украина, Беларусь Республикасы, Грузия, Әзербайжан, Польша, Чехияның және дүние жүзінің басқа да елдерінің жетекші мамандары шақырылды.

Съезді ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен  «Обырға қарсы біріге» қоғамдық қорының қолдауымен ШЖҚ «ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК, «Онкологтардың Қазақстандық қауымдастығы» ҚҰ болды.

Ісіктер патологиясын қосқанда, қатерлі жаңа түзілімдердің диагностикасы, қатерлі жаңа түзілімдерді ертерек айқындау скринингі, дербестендіру терапиясының инновациялық әдістері, сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері мен хирургиядағы заманауи жетістіктер съезд бағдарламасының басымдыққа ие мәселелеріне айналды. Жетекші сарапшылардың қатысуы съезд делегаттарына заманауи онкологияның көптеге наспектілерін түсіндіруге, олар кейіннен Қазақстанда онкологиялық көмектің дамуына өз үлесін қосатын маңызды қорытындылар мен пайдалы ашылулар жасауға мүмкіндік берді.

27 сәуір күні VI съезде Қазақстан Республикасы аумағында онкологиялық аурулармен  күрес саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ҚР ДСМ  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты атынан институт директоры Диляра Қайдарова мен «Мерк» компаниясы атынан вице-президент, интерқұрлықтық аймақ басшысы Яннис Влонтзостың арасындағы меморандумға салтанатты жағдайда қол қою болып өтті.

Меморандумға қол қоюдың нәтижелері бойынша Қазақстанда бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші рет биомаркерлерді анықтаудың жаңа әдісі — «сұйық биопсия» пайдаланыла бастайды. Жаңа диагностикалық әдіс жылдам, ең аз инвазивті, орындалуы қарапайым болады, бұл метастатикалық колоректальды обыры (бұдан әрі – мКРО) бар пациенттерге таргетті терапия тағайындауға қатысты шешімдерді өз уақытында қабылдауға септігін тигізетін болады.

Қазіргі уақытта бұл әдістің бағалылығын растау үшін конкорданттылықты бағалауға зерттеу жүргізілуде.

Жаңа әдістің міндеті – жұмыстың жалпы көлемі мен нақты зертхана тәжірибесінің деңгейіне қарамастан,  «сұйық биопсия» әдісі бойынша RAS биомаркерлерін кіріктірілген бағалауларды орындау жолымен клиникалық практиканы жетілдіруге жағдай жасау.

мКРО бар пациенттердегі биомаркерлердің жеке мәртебесін түсіну – бұдан кейінгі емдеуді таңдап алу бойынша өз уақытында шешімдер қабылдаудың аса маңызды шарты. Бұл үшін тағайындалған арнаулы аспап ҚазОжР ҒЗИ-нда қазірдің өзінде орнатылды.

«RAS маркерлерді молекулалық диагностикалаудың бұл инновациялық әдісі бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында, атап айтқанда Қазақстанда бірінші рет қолданылмақшы, тіпті Ресейдің өзінде әзірше «сұйық биопсия» өткізу мүмкіндігі жоқ. Біз онкологиялық ауруларды, әсіресе оларды дәл диагностикалау мен дер кезінде емдеуге кірісетін болса,  жеңуге болатындығына сенеміз. Бұл технология олар қандай географиялық аймақта болса да, біздің RAS биомаркерлерін бағалау үшін «сұйық биопсия» өткізу мүмкіндігін метастатикалық колоректальды обыры бар пациенттердің неғұрлым көп бөлігіне ұсыну ниетімізді іске асыруға мүмкіндік береді. Біз емдеу шеңберінен шығып кететін мәселелерде пациенттер мен дәрігерлерді қолдау бойынша өзімізге алған міндеттемелерді іске асырамыз», – деп қорытты Яннис Влонтзос.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медициналық бикелерге арналған жыл сайынғы «Кәсібі бойынша үздік» конкурсы



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях