ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер

17 мая 2017 10
Министрлік ұтқыр қосымшалар саласындағы жаңа техникалық әзірлемелермен қарулануға ниетті.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы жаңа әзірлемелерді алу үшін Google-мен қарым-қатынас орнатуда. Әңгіме медиктер өмірін жеңілдетуге қабілетті жаңа ұтқыр қосымшалар туралы болып отыр.

«Мұндай әзірлемелер өте үлкен рөл атқарады.  Егер IBM Watson  жеке ауруларды айқындаумен айналысады десек, онда  мысалы,  Google Flu Trends екі жыл бұрын грипп эпидемиясын 10 күндей ерте болжамдауға мүмкіндік беретін қосымша әзірледі. Google  бұл технологияны Колумбия  университетіне берді және қазіргі кезде бұл қолжетімді. Яғни мұны белсенді түрде пайдалануға болады», – деді ведомство басшысы.

     Профилактикалық  медицина Академиясының президенті  Алмас Шармановтың айтуынша, технологиялық әзірлемелер  Интернетті әрбір жеке пайдаланушының денсаулығын сақтау бөлігінде де пайдалы  болуы мүмкін. «Осыдан дәл бір ай бұрын бізге Алматыдағы бірнеше  фитнесс-клуб ұтымды тамақтану мен оған ұтқыр қосымша үшін жеке дербестендірілген тәсілдер әзірлеуді өтініп, жүгініс жасады. Біз бұл әзірлемені бастадық және Білім және ғылым министрлігіне грантқа бердік», – деп қосты ол. Алайда бір ғана грант үшін мамандандырылған клубтардың қожайындары қоғамдық денсаулық сақтаумен  айналыспайтын болады, албелгілі бір салықтық жеңілдіктер үшін олар мемлекетке жекелеген азаматтың денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды етуге және қоғамға жұқпалы емес аурулармен күресуге көмектесуге дайын. «Және де мұнда мемлекеттің орасан рөл атқаруы мүмкін», – деп мәлімдедіА. Шарманов.

      Бұған қоса, мемлекетке қалай  болса да,  фитнесс-клубтарды қазіргі кезде қалыптасып жатқан қоғамдық денсаулықтың бірыңғай қызметінің орбитасына тартуына тура келеді, оның тұжырымдамасы министрлер кабинетінің отырысында қарастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар:  Дәрігердің қабылдауына мобильді қосымша арқылы жазылыңыздар!



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях