ҚР-нда дәрілерді бөлу жүйесін жаңғырту қажет

19 мая 2017 5
ҚР Мәжілісінде депутаттар ел халқын дәрілік заттармен қамтамасыз ету мен Қазақстанда фармацевтикалық саланы дамыту тақырыбын талқылады.

Мәжілістегі парламенттік тыңдаулардың барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин отандық фармацевтиканың бірқатар өзекті мәселелерін белгіледі. Ол қазіргі уақытта біздің елдегі дәрілік нарықтың бұрынғы кеңестік кеңістіктегі неғұрлым серпінді дамушы нарықтардың бірі болып табылатындығын атап өтті. Бүгінгі күні біздің елде бұл саланың 112 кәсіпорны жұмыс істейді, олардың 51-і–  медикаменттер өндірісімен, 61-і –медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісімен айналысады; 12 кәсіпорын  GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Қазақстандағы фармацевтикалық нарық көлемі соңғы 10 жылдың ішінде  7,2 есеге артты.

«Жыл сайын халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілермен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар артуда. Егер 2011 жылы мемлекеттік бюджеттен дәрілер сатып алуға 93 млрд-тай теңге бөлінген болса, бұл сома 2016 жылы 164,8 млрд-тан астам теңгені құрады, – деді Н. Нығматулин.

     Мұнымен бірге бұл салада бірқатар елеулі проблемалар да бар. Н. Нығматулиннің айтуынша, олардың бірі белгілі бір аурулары бар азаматтарды жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз етуде «СК-Фармацияның», сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тендерлерді өз уақытында өткізбеуінің салдарынан іркілістердің орын алулары болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық өңірлері бойынша туберкулезге қарсы және онкологиялық препараттарды өз уақытында жеткізбеу фактілері орын алды. Оның үстіне олардың кейбіреулері өзге препарттармен алмастыруға жатпайтын. Және де ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған, оған сәйкес сатып алулардың негізгі бөлігі Бірыңғай дистрибьютор алаңында жүргізілетін, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің  жаңа моделі орын алған проблеманы шешпейтіні турасында қауіптенулер де жоқ емес.

Тағы да бір, маңызы бұдан кем емес проблема дәрілік заттарға бағаның қалыптасуы болып табылады.Мысалы,  2017жылы Денсаулық сақтау министрлігі  «В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинаға дозасы үшін 148 теңге сомасындағы шекті бағаны бекітті. Бұл ретте өндірушіден тіркелген вакциналардың нақты бағалары дозасы үшін    420-дан  6960 теңгеге дейінгі шектерде өзгереді. Мұндай шектеулердің шығу тегі күдікті, сапасыз, сертификатталмаған препараттарды демпингтік сатып алуларға әкелетіндігі түсінікті. Сондай-ақ демпингтік бағалар бойынша сатып алынған бұл дәрілік заттар бұдан кейін дәріханалық желі арқылы енді халыққа жоғарылатылған бағалармен өткізіледі… Дистрибьюторлар мен дәріханалардың үстеме бағалары әрбір кезеңде орташа алғанда  40–50%-ға дейін жетеді.

Н. Нығматулиннің айтуынша, бөлшек саудалық дәрілік заттар нарығы фармацевтикалық өнім нарығы жалпы көлемінің 60%-н құрайды. Бұл 277,4 млрд теңге деген сөз. Және де мұндай бағалық ретсіздікті тоқтату үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жолдауында барлық дәрілік заттардың бағаларын реттеуді заңнамалық жағынан енгізуді тапсырды.

Осыған байланысты  2017 жылы күзде ҚР Үкіметі сапалы әзірленген «Бөлшек сауда желісінде дәрілерді бағалық реттеу туралы» заң жобасын қарастыруды енгізбекші, оны бұл жұмысқа азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтар, кәсіпкерлер шеңбері өкілдерін белсенді түрде тарта отырып, депутаттар алдын ала пысықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медиктер мен фармацевттерді қымбат дәрілерді мәжбүрлеп өткізгені үшін жазалайтын болады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях