Жекеменшік медициналық клиникалар мемлекеттік тапсырыс бойынша көбірек жұмыс істейтін болады

19 мая 2017 8
Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін жекеменшік медициналық клиникалар тізбесін кеңейту жоспарлануда.

Жекеменшік медициналық клиникалар мемлекеттік тапсырыс бойынша көбірек жұмыс істейтін боладыҚазақстан Республикасы Үкіметіндегі баспасөз конференциясының барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановведомствоның азаматтардың медициналық қызметтер көрсету мен медициналық қамтамасыз етуге қолжетімділігін арттыру үшін жүргізіп жатқан жұмысы туралы әңгімеледі: «Бүгінгі күні халықтың медициналық көмекке шығаратын шығындарын, жеке шығындарын азайту маңызды болып табылады. Халықаралық сарапшылар мен денсаулық сақтаудың ұлттық есептерінің мәліметтері бойынша, елде денсаулық қорғауға бағытталатын барлық ақшаның  40%-ы–бұл азаматтардың жеке шығындары. Біз мұны жоғары деңгей деп есептейміз және бұл шығындарды азайту үшін бірінші кезекте, дәрілік препараттарға кететін шығындарды төмендетуді қамтамасыз ету қажет».

Қазіргі уақытта тиісті заң жобасын әзірлеу жүргізілуде, оның нормаларында жекеменшік дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын дәрілерге шекті бағаны бекіту қарастырылуда.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінде бөлшек сауда бағаларын реттеудің заңнамалық құқығы жоқ, сондықтан тиісті заң қабылдау қажет. Бағдар бойынша 2018 жылы дәрілердің бөлшек саудалық бағаларына шекті мөлшерлер белгіленетін болады, және де бағалар республиканың бүкіл аймағында бірдей болады.

Екінші сәт азаматтардың жекеменшік клиникаларға жұмсайтын шығындарына қатысты.Бүгінгі күні көптеген жекеменшік клиникалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі  – ТМККК) шеңберінде өтем ала алмайды, сондықтан министерлік пен Үкімет 2019 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  (бұдан әріМӘМС) шеңберінде медициналық қызметтер мен ТМККК көрсетуге қатысатын клиникалар үлесін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте медициналық қызметтер көрсетуге ақшаны азаматтар емес, медициналық сақтандыру Қоры төлейтін болады.

Осыған байланысты, Е.Біртановтың айтуынша, медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін шектейтін  19санитариялық ережелер мен нормалар жойылды,
25 СанЕжН бойынша әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Бұған қоса, медициналық ұйымдар бойынша 60-тан астам құрылыс нормалары қайта қаралды, олар бизнестің 30 ұсынысы бойынша қабылданды. Есеп беру-есепке алу құжаттамасы  30%-ға қысқартылды. Медициналық қызметтер көрсетуді берушілермен келісімшарттар жасау ережелері әртүрлі талаптарды төмендету жағына қарай қайта қаралды. Бұл жекеменшік медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер көрсетуге неғұрлым белсенді қатысуға және осылайша азаматтардың клиника таңдау еркі, ТМККК жүйесіне, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесіне құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар: ҚР-нда дәрілерді бөлу жүйесін жаңғырту қажет



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях