Дүние жүзінде өлімдердің жартысынан көбі себептері көрсетілместен тіркеледі

25 мая 2017 10
БДҰ барлық елдерді денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты жинауға және бұл ақпараттың сапасын жақсартуға ерекше назар аударуға шақырды.

Дүние жүзінде өлімдердің жартысынан көбі себептері көрсетілместен тіркеледіБүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – БДҰ) хабарлауы бойынша, ғаламшардағы барлық өлімдердің жартысынан көбінде ресми түрде себептері көрсетілмейді. 2005 жылмен салыстырғанда жағдаят жақсарды, алайда  2015 жылы 56 млн адамның  27 млн-ында өлімнің себептері тіркелген жоқ.

Бұл ақпараттың жоқтығы ғаламшардағы адамдар денсаулығының тиімді мониторингіне кедергі жасайды және мұндай деректер тіркелмейтін елдердің тұрғындарына көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеуді қиындатады.

БДҰ мамандары өткен 10 жылдың ішінде кейбір елдерде, мысалы Қытай мен Түркияда өлім мен оның себептері туралы ақпаратты тіркеу саласында елеулі өзгерістер болып өткенін атап көрсетті. Иран да табыстарға қол жеткізді, онда себептерді тіркеу 90%-ға жетті. Алайда, БДҰ бас директорының денсаулық сақтау жүйелері мен инновациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Мари-Пол Кинидің айтуынша, көптеген елдер әлі де болса мұндай мәліметтер тіркелмейтін сатыда тұр. «Егер елдер адамдардың неліктен ауырып, өлетінін білмейтін болса, мұнымен не істеу керек екендігінің байыбына бару анағұрлым күрделірек болады», – деп атап көрсетті ол.

БДҰ ақпараты бойынша, аналар мен балалардың өлімге ұшыраушылығы біртіндеп төмендеп келеді.  2015 жылы тірі туған бір мың баланың 19-ы сәбилік жаста және 43-і  – 5 жасқа дейін қайтыс болды. Бүкіл дүние жүзі бойынша күн сайын  830-дай әйел жүктіліктің немесе босанудың асқынуларынан қайтыс болды. АИТВ-мен  2,1 млн-дай адам ауырды, бұл 2000 жылға қарағанда  35%-ға аз.

Алайда жасөспірімдердің арасындағы өлімге ұшыраушылықтың жоғарылығы ерекше алаңдаушылық туғызуда. 2015 жылы 1,2 млн-нан астам жасөспірім – 10-нан 19 жасқа дейінгі жас адамдар қайтыс болды. Бүкіл дүние жүзінде күн сайын 3000-нан астам жасөспірім өледі, олардың 2000-нан астамы  –  Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан, табысы төмен және орташа елдердің үлесіне тиеді.

Бұл өлімдердің көпшілік бөлігін болғызбауға болушы еді.Негізгі себептері жол апаттары, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, өзіне-өзі залал келтіру (кездейсоқ немесе пиғылды суицид), диарея, суға батып кетуден өлу болды. Қыздар үшін бұл тізімге сондай-ақ, жүктіліктен кейінгі асқынулар да кіреді.

Бұл өлімдердің көпшілігі денсаулық сақтау қызметтеріне, білім алу мен әлеуметтік қолдауға қолжетімділіктің жоқтығынан болып жатады. Жасөспірімдер – бұл өте осал топ, бұл жастағы мінез-құлық адамның бұдан кейінгі өміріне әсер етуі мүмкін. БДҰ бас директорының көмекшісі Флавия Бустрео жасөспірімдерге бағытталған бағдарламаларды қаржыландыру жасөспірімдердің өз денсаулығына, сондай-ақ болашақ балалардың денсаулығына да елеулі оңды ықпал ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар: Төтенше жағдайларда медициналық көмек ұйымдастыру



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях