Астанада денсаулықтың электрондық төлқұжаттары енгізілді

25 мая 2017 12
Төлқұжаттардың электрондық форматы азаматтар үшін де, медициналық қызметкерлер үшін де қолайлы болады.

Астанада денсаулықтың электрондық төлқұжаттары енгізілдіҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың айтуынша, денсаулықтың электрондық төлқұжаттары қанатқақты режимде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ « №9 қалалық емхана» МКК базасында енгізілді.

"Денсаулықтың электрондық төлқұжаттары денсаулық сақтаудың бірыңғай платформасын құру бойынша 2015 жылы басталған үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады. Яғни тиісті сервер, онда әрбір азаматтың өз ұяшығы, немесе біз оны денсаулықтың электрондық төлқұжаты деп атайтын ұяшық болады", –деп хабарлады ведомство басшысы ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеге қарай тұтастай алғанда денсаулықтың электрондық төлқұжатын жасауды аяқтауды жоспарлап отыр, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін оған азаматтар туралы мәліметтер енгізілетін болады.

Азаматтардың денсаулықтың электрондық төлқұжатқа қолжетімділігі ЖСН бар болған кезде жүзеге асырылатын болады.

"Біздің елдің әрбір азаматында Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай платформасындағы өзінің электрондық төлқұжатына қолжетімділік ЖСН арқылы болады, төлқұжат денсаулықтың барлық параметрлері мен азаматтарға медициналық көмек көрсету туралы ақпарат ұсынатын болады", – деді министр.

"Бұл азаматтардың өздеріне ел бойынша жүрген кезде медициналық ызметтер мен өз денсаулығы туралы ақпаратты еркін алуы үшін керек. Және де бұл медициналық қызметкерлер үшін өте маңызды, олар айталық, пациенттен қолжетімділік құқығын ала отырып, оның сырқатнамасын көре, тиісті емдеуді ұйымдастыра алады. Сондықтан бұл жоба қанатқақты режимде тұр. Біздің жоспарлар бойынша, осы жылдың соңына дейін ол аяқталады және ұсынылатын болады", –деп қосты Е. Біртанов.

Сондай-ақ оқыңыздар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях