Алматы облысында МӘМС жүйесінің Call-орталығы жұмыс істей бастады

26 мая 2017 8
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасауды бастайды.

 Алматы облысында МӘМС жүйесінің  Call-орталығы жұмыс істей бастадыАлматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі – МӘМС) байланысты мәселелерді түсіндіру бойынша өңіраралық бірыңғай Call-орталық ашылды.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде өңірдің барлық тұрғындары: 8-800-080-88-28 нөмірі бойынша өздерін қызықтырған барлық ақпаратты біле алатындығы нақтыланды. Бұл желі бойынша қоңырау шалу тегін.

 Call-орталыққа қоңырау шала отырып, облыс тұрғындары  МӘМС жүйесін енгізу шеңберіндегі өз мәртебесін нақтылай алады. Мұнымен бірге  Call-орталық операторлары тұрғындардың бұл бағыттағы сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ мәртебені нақтылау үшін өз мәліметтерін «WhatsApp» мессенджері арқылы: 8-707-909-99-27 номеріне хабарлауға болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов бұрынырақта хабарлағандай, халық 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесін анықтауы қажет. Бұл құрал мәртебені анықтау процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді және азаматтардың уақытын үнемдейді.

Call-орталық облыстың әрбір тұрғыны: жұмысқа орналасқан, жұмыссыз, жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істеушілердің өз санатын анықтауына, сондай-ақ оларда медициналық сақтандырудың болуына пәрменді көмек көрсетеді.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасауды бастайтынын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар: Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және ӘМС Қоры туралы толығырақ мәлімет



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях