2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады

30 мая 2017 27
Мемлекеттік органдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қабылдай бастау үшін қажетті дайындық жұмысын аяқтады.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» ҰАҚ-ның басқарушы директоры Забира Оразалиева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) қорына төлемдерді қабылдаудың басталуына дайындық мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында  бүгінгі күннің өзінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде төлемдерді өз мерзімінде – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қабылдауды бастауға байланысты  жұмыстардың жүргізілгендігін хабарлады. Ол қазіргі уақытта Қазақстан Парламентінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына түзетулер енгізу қарастырылып жатқандығын еске салды, онда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналары мен аударымдарының мөлшерлемелері елеулі төмендетілген. Мөлшерлемелерді төмендету ағымдық экономикалық жағдаятқа байланысты болды.

Мысалы, жұмыс берушілер үшін ең жоғары мөлшерлеме  5 %-дан  3 %-ға, жеке кәсіпкерлер үшін – 7 %-дан 5 %-ға дейін төмендетілді. Бұл ретте төлеушілердің барлық санаттары үшін бастапқы кезеңдегі мөлшерлемелер төмендетілді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер аударымдарының мөлшерлемесі жұмыскер жалақысының 1 %-ын, бірақ ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінен көп емес мөлшерді құрайды.

МӘМС-ға алғашқы төлемдерді жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар төлей бастайды. ЖК төлемдерінің мөлшері орнықты – 2 ЕАЖ-ның 5 %-ы, немесе 2017 жылғы жағдайларда  2 445,9 теңге.

 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет МӘМС шеңберінде сақтандыруды азаматтардың әлеуметтік жағынан осал 14 санаты, немесе болжамдар бойынша 10 млн-дай адам  үшін төлейтін болады.

Баспасөз конференциясында сондай-ақ, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасы Қызметтер көрсету саласы департаментініғң директоры Жанна Оспанова, Денсаулық сақтау министрлігі мен республика Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған негізгі міндет, – бұл Қазақстан халқына медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін жақсарту мақсатымен бәсекелестікті дамыту үшін МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсетудің жеке және мемлекеттік өнім берушілерне теңдей жағдайларды қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Ол бұл уақытқа дейін денсаулық сақтау саласындағы нарыққа қатысушылардың өзара әрекеттестік тетіктерінің жасалғанын атап көрсетті.  2016 жылдан бастап  Бизнес-кеңес қызмет етіп келеді, оның құрамына жекеменшік, сақтандыру, халықаралық консалтингтік компаниялардың, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, ірі медициналық ұйымдар мен қауымдастықтардың басшылары кіреді.

«Министрлік денсаулық сақтаудың жекеменшік субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі  – ТМККК) көрсетуге қатысуына тосқауылдарды төмендету мақсатында қызметтер көрсетуді берушіні таңдау Қағидаларын қайта қарастырды.  Енгізілген өзгерістер бірінші кезекте, ТМККК қызметтер көрсетудің әлеуетті қосалқы мердігерін таңдау кезеңін және әлеуетті қосалқы мердігерлердің бірыңғай тізілімін жоюға қатысты. Бұл түзетулер қайта реттеу шеңберінде және медициналық қызметтер көрсетуді берушілердің құқықтарын кеңейту мен жауапкершілігін арттыру мақсатымен қабылданды. Бастапқы санитарлық-медициналық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарына бекіту науқанына, сондай-ақ ТМККК қызметтер көрсетуін берушіні таңдау рәсіміне қатысу кезінде де өтінім берудегі құжаттар тізбесі қысқартылды. БМСК-ке бекіту үшін халық санының көрсеткіші қалалық деңгейде 2000-нан 1500 адамға дейін төмендетілді. Осылайша, мемлекеттік қана емес, сондай-ақ жекеменшік медициналық мекемелер де ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді теңдей құқықтармен көрсететін болады. Бүгінгі күні санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау саласындағы тексерулерге баламалы нысан – санитариялық-эпидемиологиялық  аудит енгізілді», – деп әңгімеледі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

МӘМС жағдайларындағы медициналық қызметтер көрсету сапасына келетін болсақ, Т. Сұлтанғазиев оның денсаулық сақтау саласында стандарттарды белгілеумен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша клиникалық хаттамалар мен алгоритмдерді енгізумен, денсаулық сақтау субъектілерінің арасында медициналық көмек көрсетуден конкурстар ұйымдастырумен, медициналық қызметтер көрсетуді аккредиттеумен, қызметтер көрсетуге төлемді медициналық қызметтер көрсету сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді бақылау нәтижелерін және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін ескере отырып, жасаумен қамтамасыз етілетін болатындығын атап көрсетті.

Баспасөз конференциясына қатысушыларға МӘМС жүйесіндегі қаражат қозғалысының сұлбасы көрсетілді. Мысалы, бірінші кезеңде төлеуші екінші деңгейлі кез келген банк бөлімшесі немесе «Қазпошта» арқылы жарна төлейді, мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының терминалы арқылы өңделеді – соманың дұрыстығы, алушының жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты тексеріледі. Одан кейін, егер барлық мәліметтер дұрыс болса, қаражат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының шотына, ал жарналар мен аударымдар туралы мәліметтер – салық органдарына  жіберіледі. Дұрыс емес мәліметтер енгізілген кезде сома төлеушінің шотына қайтарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар: Алматы облысында МӘМС жүйесінің Call-орталығы жұмыс істей бастады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях