Жұмыс берушілер МӘМС үшін төлем жасау туралы хабарламалар алатын болады

30 мая 2017 8
Госкорпорация «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚР кәсіпкерлеріне МӘМС жүйесіне төлемдер жіберілетін шот нөмірі бар, СМС түріндегі хабарламалар жібереді.

Жұмыс берушілер МӘМС үшін төлем жасау туралы хабарламалар алатын боладыАстанадағы баспасөз конференциясында  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» ҰАҚ-ның басқарушы директоры Зәбира Оразалиева осы аптаның ішінде-ақ мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) үшін қаражат жіберуге болатын шот нөмірі және төлемдер қабылдау тәртібі туралы хабарламалар жіберуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Қаражат қозғалысының сұлбасы қандай болады: төлеуші жарнаны екінші деңгейдегі банк немесе «Қазпошта» арқылы жасайды. Енгізілген мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» терминалы арқылы өңделеді, онда соманың дұрыстығы, ЖСН-нің, Т.А.Ә. бар екендігі, жалпы алушының барлық деректемелері тексеріледі. Егер мәліметтер дұрыс болса, қаражат МӘМС қорының шотына жіберіледі, сондай-ақ мәліметтер тексеру үшін салық органдарына да жіберіледі».

   Егер жеке мәліметтер дұрыс енгізілмесе немесе сома қате көрсетілсе, төлем жұмыс берушінің банктегі шотына қайтарылатын болады. Егер төлем шот ашпастан жүргізілген болса, онда төлемді өңдеуді жарна енгізілгеннен кейінгі 2-3 жұмыс күнінің ішінде қайта тексеру қажет.

«Біз жұмыс берушілерді және жеке кәсіпкерлерді аудару кезінде бұл мәселеде шатасулар болмас үшін, барынша ұқыпты болуға шақырамыз. Төлемдер алынғаннан кейін сіздер мен сіздердің жұмыскерлер сақтандырылған болып есептеледі», – деп қорытты З. Оразалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях