text
MCFR.KZ Медицина

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидаларына өзгерістер енгізілді

  • 8 июня 2017
  • 17

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы бұйрығымен денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық қызметтер көрсету сапасын арттыру және медициналық ұйымдар қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 309 бұйрығымен 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрықпен бекітілген аккредиттеу Қағидаларына өзгерістер енгізілді.

   Өзгерістер аккредиттеуді өткізу тәртібіне, медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалауды өткізуге қойылатын талаптарға, медициналық жұртшылық сарапшыларын аккредиттеуге қатысты болды. Атап айтқанда, жеке тұлғаларды аккредиттеу  алынып тасталды және аккредиттеуден кейінгі мониторинг процесі өзгертілді.

    Бұйрық жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген 13 бірлестігімен келісілді, сондай-ақ кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасының сараптамалық қорытындысы алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медициналық ұйымды аккредиттеу

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях