Инфекциялық және созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатын шығындар арттырылды

8 июня 2017 6
Қазақстанда соңғы жылдары созылмалы және инфекциялық аурулардың диагностикасы мен емдеуіне кететін шығындардың өсуі байқалуда.

Инфекциялық және созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатын шығындар арттырылды"Дүние жүзінде тұтастай алғанда, өлімдердің 70 %-ы созылмалы инфекциялық емес аурулардың үлесіне тиеді, бұл жылына 40 млн өлім деген сөз. Инфекциялық аурулар біздің елдегі барлық аурулар ауыртпалығының бар-жоғы онные заболевания составляют всего 2 %-ын ғана құрайды", – деді Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі   Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанда аурулар мен өлімге ұшыраудың негізгі үлесі артериялық гипертензия, өкпенің созылмалы ауруы, қант диабеті және онкологиялық аурулар сияқты созылмалы инфекциялық емес ауруларға тиесілі. Соңғы жылдары Қазақстанда созылмалы және инфекциялық аурулардың диагностикасы мен емдеуіне жұмсалатын шығындардың өсуі байқалуда. Және де бұл шығындар мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын барлық шығындарының  95–96 %-ын құрайды. Бұл дүние жүзінің көптеген елдерінде істелетіндей, басты назарды созылмалы ауруларды емдеуден олардың алдын алу мен басқаруға аудару қажет екендігі айқын болып отыр. Бұл ретте біздің елдегі алдын алу іс-шараларына жұмсалатын шығындардың меншікті үлесі денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің  3 %-ынан аспайды, ал экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы  (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш  19 %-ға тең.

Бұл ретте министр Қазақстанда аурулардың алдын алу үшін қоғамдық денсаулық Қызметінің құрылатындығын айтты. Қызмет моделінің тұжырымдамасы Министрлер кабинетінің отырысында ұсынылды.

«Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау Қызметін қалыптастыру моделі қоғамдық денсаулық сақтаудың Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – БДҰ) белгілеген негізгі он функциясының шеңберінде қалыптасатын болады.  Бұл он функциямен БДҰ-на мүше мемлекеттердің бәрі халыққа ұсынатын қызметтердің бүкіл топтамасы қамтылатын болады. Біз ЭСДҰ елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау қызметтері саласындағы тәжірибесін зерделедік және өткен ғасырда құрылған санитарлық қызметтердің орнына қоғамдық денсаулық қызметтері келгендігіне көз жеткіздік. Бұл халықаралық тәжірибенің аясында біздің елде қоғамдық денсаулық сақтаудың бірыңғай қызметін қалыптастыру қажеттігі айқын бола түсті», – деп атап өтті  Е. Біртанов.

Сондай-ақ оқыңыздар: Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях