Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" жобасы іске қосылды

8 июня 2017 14
Жобаның басымдыққа ие бағыты барлық балаларға Жалпыеуропалық аймақ мектептерінің үлгісі бойынша қоршаған ортаның салауатты жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" жобасы іске қосылдыҚоршаған орта мен денсаулық сақтау бойынша 2010 жылғы Парма декларациясының ережелеріне сәйкес Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – БДҰ) Еуропалық аймақтық бюросы 2017 жылы Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" қанатқақты жобасын іске қосты. Бұл декларацияның шеберіндегі жобаның басымдыққа ие бағыты Жалпыеуропалық аймақ мектептерінің үлгісі бойынша барлық балаларға қоршаған ортаның салауатты жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күні Орталық Азияда мектептердің 30 %-ынан астамында сантехника мен сумен жабдықтаудың қанағаттанарлық жүйелері жоқ. Осыған байланысты БДҰЕуропалық аймақтық бюросының бастамасы бойынша денсаулыққа жағдай жасайтын мектептер жобасын іске асыру өтуде.

БДҰ Елдер бойынша офисінің жәрдемдесуімен 2017 жылдың сәуір айында Алматыда осы жоба бойынша кезекті кеңес болып өтті. Талқылауға ҚР-ның төрт өңіріндегі (Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтау) алты қанатқақты мектептің өкілдері, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының өкілдері, БДҰ Елдер бойынша офисінің және БДҰ Еуропалық бюросының қызметкерлері қатысты.

Мектептердің жаңа моделі мектеп оқушыларының физикалық белсенділігін жаппай дамытуға, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, салауатты тамақтанумен және таза ауыз суымен қамтамасыз етуге, қауымдастықты мектеп оқушыларының денсаулығы мәселелеріне тартуға бағытталған.

2016 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы қызметін, атап айтқанда мектеп медициналық бикелерінің қызметін реформалай бастады. Мысалы, мектеп медициналық ызметкерлерінің қызметін қайта бағдарлау мектеп оқушыларының ауруға шалдығушылығының профилактикасы жағына, атап айтқанда, жасөспірімдердегі жасырын тоқыраулардың, суидцидтік мінез-құлықтың ерте белгілері нысанын сауалнама жолымен айқындауға бағытталатын болады. Мектептерде денсаулық сақтау мен мектептік-жағдайластырылған аурулар санын азайтуға бағытталған технологиялар енгізілетін болады.

Жоба шеңберінде қағаздық құжат айналысын электондық форматқа көшіру, ата-аналардың құпия қолжетімділігі болатын, мектеп оқушылары денсаулығы мәліметтерінің бірыңғай ақпараттық базасын жасау, денсаулық тобын анықтаумен мектеп оқушылары денсаулығының электрондық төлқұжатын жасау жоспарлануда.  Жаңа тәсілдің түпкі нәтижесі жақсы денсаулыққа және салдары ретінде оқудағы жақсы табыстарға, мектеп оқушылары үлгерімінің артуына қол жеткізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар: Мектеп медицинасы: заңнамадағы өзгерістер



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях