Кәсіпкерлерге арналған рұқсат ету құжаттарының саны қысқартылды

14 июня 2017 8
Кәсіпкерлікке қысымды азайту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат беру құжаттарының санын 92 %-ға, ерекше тәртіп бойынша тексерулер санын – 28 %-ға қысқартты.

Кәсіпкерлерге арналған рұқсат ету құжаттарының саны қысқартылдыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары  – Қазақстан Республикасы мемелекеттік Бас санитарлық дәрігері  Жандарбек Бекшиннің айтуынша, рұқсат ету құжаттарының саны 81-ден 7 түрге дейін қысқартылды, бұрынырақта санитарлық қызмет қолданбаған тексерулердің тәуелсіз сарапшылардың санитариялық-эпидемиологиялық аудиті, камералық бақылау, өнімді өткізу сатысында сатып алу сияқты баламалы нысандары енгізілді, өндірістік бақылау бағдарламаларын енгізу бойынша түсіндіру жұмысы жалғасуда.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексерулер санын қысқарту үшін жаңалықтар енгізуде алынған тәжірибені ескерумен тәуекелдер дәрежесін бағалаудың жаңа өлшемшарттары әзірленді. Эпидемиялық маңызы бар объектілер тізбесін қалыптастыру тәсілдерін қайта қарастыру ерекше тәртіп бойынша бақылау мен қадағалауға жататын объектілер санын  60 %-ға, немесе  28,5 мың  объектіге қысқартуға мүмкіндік берді.

Бақыланатын объектілерге жүргізілген түгендеу 2017 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған ерекше тәртіп бойынша тексерулер санын тағы да,  8,5 мыңға (28 %)  дейін қысқартуға әкелді.

Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері  Жандарбек Бекшин  «Қайта реттеу» жобасы шеңберінде санитарлық қағидалар талаптарын оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы әңгімеледі, оның қорытындылары бойынша қазіргі уақытта санитарлық қағидалар саны 10 еседен астамға (700-ден 67-ге дейін), олардағы талаптар саны он бір мыңнан төрт мыңға дейін қысқартылды, бұл қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялар енгізуге байланысты түзетулер енгізу қажеттігінен келіп шықты, және де бұл процесс тұрақты болады.

Қазіргі уақытта жоспарланған 20 санитариялық қағидалардың 5-еуі қайта бекітілді, олар бойынша Комитет 200-дей талапты оңтайландырды, қауіпсіздікке ықпал етпейтін, қолданылмайтын, ескірген 124 талап алынып тасталды. Жасырын мемлекеттік қызметтер көрсету  жойылды.

Әртүрлі текті журналдар жүргізу, жиыстырып-тазалау мүкаммалын таңбалау, ақпараттар беру сияқты ақпараттық құралдар 25%-ға қысқартылды. Тиімсіз есеп беру-есептілік құжаттаманы алып тастау кәсіпкерлік субъектілеріне негізгі өндірістік қызметке ден қоюға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда соңғы үш жылдың ішінде тексерулер саны 3 есе, ал рұқсат ету құжаттарын беру 5 есе қысқартылды.

Оңтайландырылған Санитариялық қағидаларды қабылдау:

  • қызметтер көрсету сапасын жақсартуға;
  • жеке меншік сектордың дамуы үшін әкімшілік тосқауылдарды алып тастауға;
  • кәсіпкерліктің мемлекеттік жеке әріптестік жобаларын, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруға қолжетімділігін жеңілдетуге;
  • кәсіпкерлерді өндірістік бақылауды (өзін-өзі бақылауды) енгізу мен бәсекеге қабілеттілікке, өнім сапасына уәждеуді арттыруға мүмкіндік береді, бұл соңғы қорытындыда кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға әкеледі.

Мұнымен бірге бизнесті қайта реттеу халық қауіпсіздігі мен жайлылық деңгейі төмендетілмей, мемлекет, кәсіпкерлік пен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімі сақталумен  жүргізілетін болады.

Қорытындыда ол Комитеттің бақылауынан шығарылған, халықты тоғандырған объектілерді бақылауды қамтамасыз етту үшін халықпен тұрақты кері байланыстың қажет екендігін атап өтті. Бұл мақсатта аумақтық бөлімшелерінің тарауларымен Комитет сайты (kooz.mz.gov.kz) жұмыс істейтін болады, барлық аумақтық бөлімшелерде қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылады. Бұған қоса,  консультациялық орталықтар, «жедел желі» телефондары жұмыс істейді, «Ашық есіктер күні» акциясы ұйымдастырылады, азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях