Медициналық мекемелерге бекіту 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында басталады

14 июня 2017 12
МӘМС шеңберінде бекіту науқанының басталуы туралы хабарландырулар денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында орналастырылатын және БАҚ-нда жарияланатын болады.


Медициналық мекемелерге бекіту 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында басталадыДенсаулық сақтау министрі  Елжан Біртанов хабарлағандай, халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберінде медициналық ұйымдарға бекіту науқанын облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында жариялайтын болады.

«Қазіргі сәтте Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мүдделі мемелекеттік органдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу бойынша жұмыс жүргізуде. Өткізіліп жатқан дайындық жұмысының шеңберінде бірқатар нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)  әзірленеді.

Қағидаларға сәйкес, медициналық қызметтер көрсетуді әлеуетті берушілердің, оның ішінде жеке меншіктегі медициналық ұйымдардың 2018 жылға арналған  Бірыңғай тіркелімі (бұдан әрі  – ӘӨБТ) 2017 жылғы шілде-тамыз айларында қалыптастырылады. Халықты (МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер көрсетуді тұтынушыларды) ӘӨБТ-не тіркелген медициналық ұйымдарға бекіту науқанын облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында жариялайтын болады.

Бекіту науқанының басталуы туралы хабарландырулар денсаулық сақтау басқармаларының сайттарына орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Сондай-ақ медициналық ұйымдар сақтандырылған тұлғаларды бекіту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізетін болады».

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетіндігін еске саламыз. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жарналар келіп түскен немесе жарналар төлеген тұлғалар құқылы.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар аударудың басталуы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар:  2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях