ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі жаңа тағайындаулар

14 июня 2017 10
ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөніндегі комитетінің төрайымы болып Б. Ш. Жақсылықова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы болып – Ж. М. Бекшин тағайындалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі жаңа тағайындауларҚазақстан Республикасы Премьер-министрі мен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ботагөз Шаймарданқызы Жақсылықова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.

Б. Ш. Жақсылықова  1980 жылы Қостанай облысында туған.  2001 жылы  Костанай Мемлекеттік университетін,  2010 жылы – Exeter University-ін (Ұлыбритания) бітірген. Білімі бойынша – заңгер, мемлекеттік басқару магистрі.

 2001–2013 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жұмыс істеді. 2013–2015 жылдары – республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеді.  2015 жылдан осы уақытқа дейін «СК-Фармация» ЖШС-нде басшылық лауазымдарда еңбек етті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен  Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Жандарбек Бекшин 1958 жылы туған. 1982 жылы Свердловс мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Білімі бойынша – дәрігер-гигиенашы, эпидемиолог. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметін 1975 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда, оның ішінде
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.  2014–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарды.  
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетітөрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

 «Құрмет» орденімен,  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар: Астанада денсаулықтың электрондық төлқұжаттары енгізілді



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях