Медициналық сақтандыру Қорына жылына қанша ақша талап етіледі?

14 июня 2017 7
ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов ӘМСҚ-на жарналар аударудың неліктен 2017 жылғы шілде айынан, ал көрсетілетін қызметтерді алу – 2018 жылдың қаңтар айынан басталатынын түсіндірді.

Медициналық сақтандыру Қорына жылына қанша ақша талап етіледі?«Хабар» телеарнасының «Ашық сұхбат» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі  Е. Біртанов мынаны түсіндірді: «Қор қызметінің басталуы үшін қаржылық резерв қажет. Егер аударымдар 2018 жылдың қаңтарынан басталса, онда олардың жоқтығы бойынша проблема туындаған болар еді. Бұған қоса, алдын ала күтпеген шығындарға резервтің бар болуы талап етіледі. Біз осы жылдың шеңберінде қаражаттың алғашқы бөлігі ретінде  22 миллиард теңге жинастыруды жоспарлап отырмыз, ал тұтастай алғанда заң бойынша бізге ай сайын  57 миллиард теңгеден кем емес сома талап етіледі. Бұл қаражат тәуекелдерді болғызбау үшін келесі жылдың ішінде қалыптасуы тиіс. Бұл Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы заң талабы».

Оның айтуынша, сақтандырудың барлық медициналық қызметтер көрсетуді жабу үшін қажетті жалпы сомасы, – бұл жылына  600 млрд теңге. Есептеулер халық саны мен медициналық қызметтер көрсетуді тұтынуға орай жасалды. Бұл ретте спикер ақшаның жиналуы қамтамасыз етілетіндігіне сенімді екенін білдірді. «Заң күшіне енді, және де ол барлық қатысушылар: жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жұмыскерлер үшін міндетті – барлығы да аударымдар енгізулері тиіс», – деп атап көрсетті  ведомство басшысы.

    Сондай-ақ ол қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына аударылған қаражаттың сақталуына байланысты қауіптенулерін сейілтті.

«Зейнетақылық қор – жинақтаушы қор. Оның міндеті – ақша жинақтау және азамат тиісті жасқа жеткен кезде оны төлеу. Бұл ақшаны сақтау, көбейту және инвестициялау маңызды. Медициналық сақтандыру Қорында мұндай міндет жоқ. Ақша Ұлттық банк шоттарына келіп түсіп, жинақталатын  және іс жүзінде бірден жұмсалатын болады. Тиісуге болмайтын ең аз резервтер бар, ал қалғандарының бәрі медициналық қызметтер көрсетуге кететін болады», – деді  министр.

Сондай-ақ оқыңыздар: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях