"Онкологияның өзекті мәселелері" атты конференция

19 июня 2017 6
Конференция онкологиялық қызмет сапасын арттыруға ықпал ететін болады және онкология саласындағы білім мен инновациялық технологияны біріктіру алаңы ретінде қызмет етеді.

"Онкологияның өзекті мәселелері" атты конференция2017 жылғы 2–3 маусымда Алматы қаласы "Алматы аймақтық онкологиялық диспансері" ШЖҚ МКК-де "Онкологияның өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық деңгейдегі конференция өткізілді.

Конференция басталар алдында ШЖҚ МКК директоры, медицина ғылымдарының кандидаты С. Т. Олжаев бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.  

Шеберлік сағаты шеңберінде Dr. Taniguchi Ken (Нагасаки Ұлттық медицина орталығының директоры, Жапония) – лапароскопиялық оң жақты гемиколэктомия, ал "Павлодар онкологиялық диспансері" ШЖҚ МКК хирургиялық бөлімінің аға ординаторы Ғ. А. Темірғалиев  лапароскопиялық сол жақты нефруретерэктомия жасады.

Конференцияның екінші дәрістік күнін Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, медиц

ина ғылымдарының докторы Е. A. Сүлейменов ашты. Конференция қонақтары – Dr. Taniguchi Ken мен Meirmanov Serik (Associated professor, Рhd, Beppu, Japan) құттықтау сөз сөйледі. Taniguchi Ken "Өңеш қатерлі ісігін ерте бастан емдеудегі инновациялық технологиялар" деген баяндама жасады, содан соң  Meirmanov Serik Жапониядағы денсаулық сақтауды ұйымдастыру туралы әңгімеледі.

Медицина ғылымдарының докторы, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Н. Т. Балтабеков өз баяндамасында қатерлі ісік өскіндерін ерте диагностикалау мен онкологиялық емделушілерді оңалту  проблемаларына тоқталды. Қазақ онкология және радиология институты (бұдан әрі – ҚазОРИ), Алматы, Семей және Павлодар онкодиспансерлері қызметкерлерінің сөздерінде онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи мәселелері қозғалды.  

"Онкологияның өзекті мәселелері" атты конференция

 Конференцияға ҚазОРИ-дің, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың, Алматы қалалық онкологиялық орталықтың,Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің, Талдықорған, Павлодар, Семей және Ақтау онкодиспансерінің өкілдері, Алматы қаласы мен Алматы облысының аудандық онкологтары мен маммологтары қатысты.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Алматы аймақтық онкологиялық диспансері ұйымдастырған бұл шара  онкологиялық қызмет сапасын арттыруға ықпал ететін болады және онкология саласындағы білім мен инновациялық технологияны біріктіру алаңы ретінде қызмет етеді.

Сондай оқыңыздар:Нанобөлшектер обыр диагностикасы мен жою құралы ретінде



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях