Қазақстанда ӘМСҚ-ға қаржы қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

19 июня 2017 9
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды есептеу бойынша оператор болып анықталды.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар өздері және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы аударымдар мен жарналарды жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудару бойынша оператор болып анықталды.

Жұмыс берушілерге қолайлы болу үшін "Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарының есебі" арнайы автоматтандырылған жүйесі әзірленді, ол төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын жасауға көмектеседі. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty/ сілтемесіне өту арқылы тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ағымдағы шот ашылды, оған ұйымдар, кәсіпорындар мен басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастап-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды тұрақты түрде аударып отырады, оның реквизиттері төмендегідей:

Бенефициар: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бенефициар банкі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Бұдан бөлек, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлем белгілеудің мынадай кодтарын (ТКБ) пайдалану көзделген:

121 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары;

122 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл;

124 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл.

Сондай оқыңыздар: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне төлемдер жасау басталады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях