Медициналық ұйымдарда заманауи HR-саясат енгізіледі

21 июня 2017 14
Адами ресурстарды басқарудың төменгі тиімділігі проблемасын шешу үшін Қазақстанда Медициналық ұйымда персоналды басқарудың үлгілік бағдарламасы әзірленді.

Медициналық ұйымдарда заманауи HR-саясат енгізіледіҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өткізетін «100 күн – 100 проблема –100 шешім» әлеуметтік науқаны шеңберінде медициналық ұйым деңгейінде адами ресурстарды басқарудың төменгі тиімділігі проблемасын шешу бойынша ұсыныстар қозғалды.

  Аталған проблеманы шешу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы кадр менеджментінің барлық сатысында заманауи HR-технологияны қолдануды ұсынатын Медициналық ұйымда персоналды басқарудың үлгілік бағдарламасын әзірледі, оған кадрларды жоспарлау (штаттық кесте, лауазымдық нұсқаулық, т. б. жасау), персоналды іздеу, үміткерлерді іріктеу мен таңдау, жаңа қызметкерлерді қабылдау мен бейімдеу, қолайлы еңбек жағдайын жасау, ынталандыру, әлеуетті арттыру мен қызметкерлердің өнімділігін бағалау рәсімдері кіреді.

2017 жылдан бастап Қазақстанның медициналық ұйымдары заманауи кадрлық қызметке кадрлар бөлімін кезең-кезеңмен трансформациялауды қамтамасыз етуге және ұйым деңгейінде персоналды басқару бағдарламасын енгізуге (корпоративті кадр саясаты) тиіс.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдар арасында адами ресурстарды басқарудың үлгілік бағдарламасын енгізу мәселесі бойынша ақпараттық науқан жүргізілуде (барлық денсаулық сақтау басқармаларына үлгілік құжаттама пакеті жіберілді, кадр қызметі мамандары үшін оқу модульдері мен әдістемелік материалдар әзірленді).

2017 жылдан бастап тиімділікті бағалаудың әзірленген индикаторларына сәйкес персоналды басқарудың корпоративтік саясатын енгізу нәтижелерін жыл сайын бағалау жүргізілетін болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асыратын «Адами ресурстарды тиімді басқару» жобасы шеңберінде «Персоналды басқарудың корпоративтік саясатын енгізген мемлекеттік медициналық ұйымдардың үлесі» мақсатты көрсеткіші белгіленді, ол 2017 жылы 100 % республикалық ұйымда корпоративтік саясат енгізуді көздейді, ал аймақтық ұйымдар бұл деңгейге 2020 жылға дейін кезең-кезеңмен жететін болады.

Сондай оқыңыздар: Қазақстанда медициналық кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях