Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығы құрылады

23 июня 2017 6
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы базасында Қоғамдық денсаулық сақтау ғылыми орталығы құрылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығы құрыладыВице-министр Алексей Цой Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Қазақстандағы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі үш негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті:

  1. саясатты денсаулық сақтау саласындағы қызметті қолдау үшін заңнамалық базаны жетілдіру арқылы әзірлеу;
  2. инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы мен мониторингіне бағытталған іс-шараларды іске асыру;
  3. халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық ресурстарын жұмылдыру мен үйлестіру.

 «Қызметтің үлгісі үш деңгейде ұсынылады: ұлттық, облыстық және аудандық. Ұлттық деңгейде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің жұмысын жалғастыру ұсынылады, бұл деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралардың стратегиясы, жоспарлау мен үйлестіру айқындалатын болады. Облыстық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру денсаулық сақтау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңестерінің деңгейінде әкімдіктерде жүзеге асырылатын болады.  Аудандық деңгейде – аудандық әкімдіктердің, ауыл округтерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, аудандық орталық ауруханалардың, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушерлік пункттердің, медициналық пункттердің, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ) қатысуы кезінде денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады», – деді министр.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің алдына 2017 жылдан бастап 2019 жыл аралығында  (орта мерзімді кезең)  сектораралық өзара іс-қимылды кеңейту, бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту  мәселелерінде ҮЕҰ, медициналық жоғары оқу орындарының,  ғылыми орталықтардың рөлін күшейту міндеттері қойылған.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қабылданған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге,  денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне ықпал ететін ауруларды емдеуге денсаулық сақтау  бюджеті шығынының өсуін азайтуға,  мемлекеттің  барлық секторын  қоғамдық денсаулық сақтау ісіне тартуға және халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру, тиімді тамақтану стереотипіне және белсенді әрі сапалы ұзақ өмір сүруге ұмтылуына мүмкіндік береді.

Алқада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева  денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізуге  дайындығын қамтамасыз ету үшін  облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері денсаулық сақтау  ұйымдарында, соның ішінде  ауылдық елді мекендерде тиісті АТ-инфрақұрылымын құру және қажетті компьютерлік техниканы сатып алуды қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті. 2017 жылы  денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жарақтандыруды – 50 %-ға, 2018 жылы  100 %-ға дейін жеткізу қажет. Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлер барлық денсаулық сақтау ұйымдарын  жергілікті медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етуге тиіс.

Сондай-ақ вице-министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды, өйткені олар халық үшін, әсіресе МӘМС енгізу шеңберінде барынша өзекті болып табылады. Барлық медициналық препараттардың бағаларын мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік мүддесін қозғайтынын ескере отырып, одан әрі тиісті НҚА даярлау үшін (пациенттердің, үкіметтің және бизнестің мүдделерін ескерумен) бағаларды реттеудің тиімді тәсілдерін қолдануды ескеріп, аккредиттелген ассоциациялар мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылымдық ұсыныстарды әзірлеу және талқылау қажет.

Сондай оқыңыздар: Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" жобасы іске қосылды



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях