Бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар

26 июня 2017 6
Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар, барлық дәрігерлер үшін бірыңғай ақпарат алмасу қызметі және әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты пайда болады.

Бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар«Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жобаларының бірі Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталы базасында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне арналған бірыңғай электрондық почталық сервис жобасын іске қосу болып табылады, мұнда @med.mail.kz доменімен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған дербес почталық сервис әзірленген. Ол барлық медицина қызметкерлерінің бірыңғай ақпарат алмасуына, медицина бойынша түрлі тақырыптарды талқылау ортасы ретінде қолдануына арналған», – деді Қазақстанда «Электрондық денсаулық сақтауды дамыту» тақырыбында өткен баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы бас директорының м. а. Олжас Әбішев.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы бизнес-шешімдерді әзірлеу орталығының басшысы Жанар Мұрзаханова «бюджеттік процестердің айқындығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ бұлтты технологиялар базасында Бухгалтерлік және кадрлық есептің орталықтандырылған жүйесін енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын» айтты.

Сондай-ақ Олжас Әбішев 2017 жылдың қарашасында бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар іске қосылатынын атап өтті.

«Осыған ұқсас қосымшалар Ұлыбритания, Австралия, Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде пайдаланылады. 2017 жылдың соңына дейін патронаж мейірбикелері мен жас ата-аналар кішкентай балаларға күтім жасауға арналған арнайы мобильді қосымшаларды пайдалана алады. Олар Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арасында қол қойылған  келісім негізінде əзірленді. Мобильді қосымшаны пайдалану бала туралы деректерді толтыру жұмысын жеңілдетеді. Медбике үй жағдайында балаға көбірек көңіл бөлетін болады. Ақпаратты электрондық түрде енгізу көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырады және деректерді жоғалту тәуекелін азайтады», – деді О. Әбішев. 

Ол Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы бірлескен жобаға жете тоқталды: «Платформаның негізгі компоненттерінің бірі Электрондық денсаулық төлқұжаты (бұдан әрі – ЭДТ) болып табылады. Пациенттерге арналған ЭДТ өз денсаулығы жөніндегі ақпаратқа, дербестендірілген ұсынымдар мен ескертулерге қол жеткізеді. Медицина қызметкерлері үшін – бұл пациенттің денсаулығы туралы өмір бойы жинақталатын ақпаратты білуге қолжетімділік, клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау және медициналық қателіктерді азайту».

Сондай оқыңыздар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях