Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы құрылады

26 июня 2017 4
Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығын құру көзделуде, оның басты миссиясы республика халқының денсаулығын қорғау мен нығайту болмақ.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы құрыладыҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 2016 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, қоғамдық денсаулық сақтаудың 10 негізгі оперативті фнукциясына өзін-өзі бағалау жүргізілді.

«Осы өзін-өзі бағалау негізінде, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылардың әрі ғалымдардың қатысуымен біз қоғамдық денсаулық сақтау қызметі моделінің жобасын әзірледік. Бұл ретте қызметтің миссиясы  ықпалдың танылған әдістері арқылы Қазақстан халқының денсаулығын сақтау мен нығайту болып табылады. Қызметтің жұмысы қоғамдық денсаулық сақтаудың 10 оперативті функциясын іске асыруды қамтитын үш басты мақсатқа жетуге бағытталған», – деді Е. Біртанов.

Бірінші мақсат – жұқпалы ауруларды да, жұқ­палы емес созылмалы ауруларды да қа­да­ғалау және оларға кең ауқымды мо­ниторинг жүргізу бойынша талдамалық жұ­мыстарды жүзеге асыру.

Екінші мақсат – ден­саулықты нығайту бойынша шараларды іске асыру.

Үшінші мақсат қоғамдық денсаулық қызметінің институционалдық дамуын қамтамасыз етуге негізделген.

Ведомство басшысы атап өткендей, сектораралық өзара әрекет жасамай қоғамдық денсаулық сақтау мақсаттарына жету мүмкін емес. Бұл саладағы негізгі стратегиялық орган Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі болып табылады, оның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі. Азаматтардың денсаулығын тиімді түрде нығайту үшін барлық орталық және жергілікті атқару органдарының, ҒӨБ, БАҚ және бизнес-қоғамдастықтардың қатысуы талап етіледі. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің құрылымы республикалық және жергілікті деңгейде жөнге салынған жұмысты талап етеді.

Аталған модельді енгізу шеңберінде үш кәсіпорынды – Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығын, Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын әрі Карантиндік және зоонозды жұқпа ғылыми орталығын  біріктіру жолымен Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығын құру көзделіп отыр.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығының міндеттері:

  • инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың мониторингін жүргізу;
  • халықтың денсаулығына әсер ететін тәуекел факторларын, тіршілік ортасын бағалау;
  • қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • тиісті ұсынымдар, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету стандарттарын жасау.

Ведомство басшысы жаңа модельді енгізудегі отандық бизнес-қоғамдастықтың рөліне баса назар аударды. Осыған байланысты денсаулықты нығайтуға жеке меншік инвестицияның қызығушылығын ынталандыру керек.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қоғамдық денсаулық сақтау қызметі моделінің тұжырымдамасын қолдады және мақұлдады.  

Сондай-ақ оқитындарыңыз: Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" жобасы іске қосылды



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях