Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы жетілдіріледі

28 июня 2017 6
Астанада денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және республикада жедел медициналық жәрдем көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының отырысы болып өтті.

Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспарды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша отырыс өткізілді.

Инвестициялық саясат департаментінің директоры А. Қинаятов ДенсаулЖедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы жетілдіріледіық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеп жатқанын айтты.

«Халықаралық үрдістер даму стратегиясы, кадрлық даму, материалдық-техникалық база, медициналық көмек көрсету сапасына әсер ететін жаңа технологияларды қолдану бойынша құралдарды пайдалануға мүмкіндік беретін ірі стационарлық объектілерді жасау мен ірілендіру қажеттігін көрсетті… Бүгінде, жергілікті атқару органдарының мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау саласы инвестициясындағы ағымдағы қажеттілік 1 трлн-ға жуық теңгені құрайды. Осыған байланысты инфрақұрылымды тиімді жоспарлау мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін, оның ішінде жеке меншік қаржылық бастаманың элементтері қарастырылған механизмдерді қолдану керек», – деді ол.

Сондықтан, оның айтуынша, денсаулық сақтау желісін әрі қарай инвестициялық жоспарлау мен дамыту бірыңғай жоспар негізінде жүзеге асырылатын болады, оның мақсаты денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен жаңашаландыру болып табылады. Бұл:

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру;
  • медициналық ұйымдардың менеджментін жақсарту;
  • ауруханалық секторды жалқыдан көпбейінділікке ауыстыру;
  • денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі мен сапасын арттыру;
  • инвестиция тарту және жеке меншік сектордың үлесін ұлғайту.

Тұтас алғанда, жобаның мақсаттары мен міндеттері «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларымен үйлестірілген.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Төлеғалиева атап өткендей, қазіргі таңда жедел медициналық көмектің инфрақұрылымы 24 жедел медициналық жәрдем станциясынан, 227 бөлімшеден, санитариялық көліктің 2 101 бірлігінен, 11 тікұшақ пен 22 ұшақты қамтитын 33 әуе кемесінің авиапаркінен тұрады. Жедел медициналық жәрдем қызметі дәрігерлерінің жалпы саны – 2 157, орта медициналық персонал – 3 101. 2016 жыл ішінде жедел медициналық жәрдем қызметі 7 835 624 шақыруға қызмет көрсетті. 2017 жылдың І тоқсаны ішінде – 1 998 166.

Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында ҚР-да Жедел медициналық жәрдем көрсету қағидалары әзірленді. Жедел медициналық жәрдем көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық базаға талдау жүргізілді, барлық нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) жоюға жататын НҚА-ға және өзгерістер енгізуді қажет ететін НҚА-ға жүйеленді. Қолданыстағы төрт НҚА қысқартылды, үш сілтемелік нормативтік құжатқа өзгерістер енгізілді. Шақырудың жеделдік санаттары қайта қаралды.

«Жедел медициналық жәрдем деңгейінде материалдық-техникалық жарақтандыру нормативтері, кадрлық жарақтандыру, санитариялық көлік пен инфрақұрылым бойынша жаңалықтар енгізілетін болады. Жедел медициналық жәрдем қызметінің жаңа қағидалары мына нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді: халық үшін – халықтың жедел медициналық жәрдем көрсету сапасына қанағаттанушылығын, медициналық жәрдем көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және медициналық жәрдем көрсетуді күту уақытын қысқарту; медициналық ұйымдар үшін – кадрлық ресурстарды тиімді пайдалану және  емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарын оңтайлы қолдану; мемлекет үшін – халықтың өлім-жітімін азайту және болжалды өмір сүру ұзақтығын ұлғайту», – деп түйіндеді сөзін А. Төлеғалиева.

Сондай-ақ оқитындарыңыз: Жедел медициналық жәрдем тегін көрсетілуі тиіс



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях