ТМД-да алғаш рет қартаюмен күреске арналған ML-хакатон өткізіледі

29 июня 2017 6
ML-хакатон шеңберінде мамандар денсаулық пен ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін шешімдерді іздеу үшін машиналық оқыту технологияларын қолдануға тырысатын болады.

ТМД-да алғаш рет қартаюмен күреске арналған ML-хакатон өткізіледіҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Mail.Ru Group және Insilico Medicine  компанияларымен бірлесіп, 2017 жылғы 15 маусымнан бастап 15 шілде аралығында ТМД елдерінде алғаш рет Machine Learning хакатон өткізеді, ол қартаюмен күрес мәселелерінің шешімін іздеуге арналады. Конкурс ML BootCamp алаңында өткізіледі.

Анықтама:

Machine Learning – «Интернет Вещей (IoT)» объектілерінен түсетін мол деректер ағынына аналитикалық өңдеу жүргізуге арналған зияткерлік сараптау жүйесі. Machine Learning технологиясының негізінде жасанды ақыл-парасат пен сарапшылық жүйесінің элементтерін пайдалану жатады.

Хакатон – әзірлеушілер форумы, оның барысында бағдарламалық жасақтама әзірлеудің түрлі саласының мамандары (бағдарламашылар, дизайнерлер, менеджерлер) қандай да бір проблеманы шешу үшін бірлесе жұмыс істейді.

ML BootCamp – қартаюмен күрес саласындағы IT-шешімдерді іздеуге және ТМД елдеріндегі IT-мамандар арасында data science ағымын әйгілеуге бағытталған онлайн-хакатон алаңы. Бұл – Еуразиядағы алғашқы хакатон, оның аясында қатысушылар денсаулық пен ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін шешімдерді іздеу үшін машиналық оқыту технологияларын қолдануға тырысатын болады. Жасырын клиникалық талдаудың ірі іріктемесі зерттеу базасына айналады.  

Insilico Medicine компаниясының негізін қалаушы Александр Жаворонков атап өткендей, «тереңдетілген нейрондық желінің көмегімен деректердің сан алуан түрін  таңдау кезінде адам жасын болжау – қартаю мен денсаулық жай-күйінің биологиялық тұрғыдағы маңызды биомаркерлерін жасаудың бірінші қадамы. Бұл жобада біз шағын санды параметрлерімен 100 мың адамға таңдау жасағанда жаңа идеялар мен тәсілдемелерді көргіміз келеді және машиналық оқытуда осындай мәселелерді шешуге қызығушылық танытатын чемпиондарды анықтауды қалар едік».

Бүгінгі таңда Machine Learning технологиясы танымалдылық шыңында тұр, ол түрлі сала мамандарының назарын өзіне барған сайын көбірек аударуда.

Сондай-ақ оқитындарыңызҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях