МӘМС жүйесінде жеңілдік берілген адамдар тізімін кеңейту жоспарлануда

1 июля 2017 7
Парламентінде Медициналық сақтандыру қорына төленетін жарна төлемін мемлекет жүзеге асыратын жеңілдік берілген адамдар тізімін кеңейтуді көздейтін заң жобасы мақұлданды.

МӘМС жүйесінде жеңілдік берілген адамдар тізімін кеңейту жоспарланудаҚазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды, ол Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) аударымдар мен жарналардың мөлшерлемесі және объектілер бойынша түзету енгізуді, сондай-ақ жарна төлемін мемлекет жүзеге асыратын төлеушілер мен тұлғалар («жеңілдік берілген» деп аталатын) тізімін кеңейтуді көздейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаеваның хабарлауынша, заң жобасында Қорға Жарна төлеушілер тізбесін белсенді емес тұрғындармен толықтыру ұсынылады:

  • халықты жұмыспен қамту жөніндегі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
  • шетелге тұрақты тұруға кеткен адамдарды қоспағанда, ҚР аумағынан тыс шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары.

Осы санаттағы тұлғалардың жарналарының мөлшерлемесі ең төменгі бір жалақының 5%-ын құрайды.

Еске сала кетейік, бұрын Жарна төлеушілер тізбесіне мына санаттағы тұлғалар енгізілген болатын:

  • жұмыс істемейтін 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы қарап, күтім жасайтын адамдар;
  • жұмыссыз оралмандар;
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • білім беру ұйымдарында орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі күндізгі бөлімдерде оқуды аяқтаған тұлғалар.



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях