МӘМС бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңнамаға қол қойылды

1 июля 2017 4
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

МӘМС бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңнамаға қол қойылдыҚазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың ресми сайтында хабарланғандай, «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әріМӘМС) мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңда көзделгендей, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі ғана емес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККБК) де көрсетілетін қызметтердің бірыңғай төлеушісі ретінде анықталады. Сондай-ақ норма енгізу көзделді, оған сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ТМККБК шеңберінде қазақстандықтармен бірдей медициналық көмек алу құқығына ие болады.

Сатып алу мен төлем, сапалы дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тиімді тәсілдемелерді қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты шығындарды төлеу мен сатып алу бойынша құзыреттілік бөлінетін болады: жергілікті өкілетті органдардың шешімімен амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге вакциналарды, қосымша дәрі-дәрмекті сатып алу және төлеу жергілікті атқару органдарына қалдырылады.

МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүлікті иеленуге уақытша шектеу қоюды белгілеуге, жеңілдік жасау мен мүлікке қатысты өзге де операциялар жасауды шектеуге, банк шоттарындағы қор активтерін тәркілеуге тыйым салынады.

Заңда  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салынатын жарналар мен аударымдар мөлшерлемесінің көлемін қайта қарау, қорға жарналары мемлекеттен түсетін тұлғалардың, сондай-ақ қор жарнасын төлеушілердің тізбесін кеңейту көзделген.

Медициналық сақтандыру жүйесі 2017 жылдың 1 шіллдесінен бастап жұмыс істейді, жұмыс берушілер (олар өздерінің әр жұмыскері үшін кәсіпорын кірісінің 1 %-ы мөлшерінде жарна төлейді), сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (екі төменгі жалақының 5 %-ы) жарна төлей бастайды. Азаматтар қолданатын медициналық сақтандыру қызметтерінің жүйесі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне халықтың бірқатар санаты үшін жарна төлейтін мемлекет қосылады, оның қатарында балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, үш жасқа дейінгі бала күтімімен демалыста отырған немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы күтіп-бағатын аналар, орта және жоғары оқу орындарының студенттері, құқық қорғау органдары, әскери қызметкерлер және басқа да санаттағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобы бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың айтуынша, Қазақстанда өзін-өзі қамтыған азаматтардың үлкен санаты бар, олар  тіркелмеген және ресми кірісі жоқ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар бір төменгі жалақының 5 %-ы мөлшерінде  тікелей қорға төлейді, мұның өзі 1,4 мыңға жуық теңгені немесе жылына 16 мың теңгені құрайды.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады. Қандай да бір себеппен қорға жарна төлемейтін азаматтар тек  ТМККБК-ге қол жеткізе алады.

Заң мәтіні басылымда жарияланады.

Сондай оқыңыздар: МӘМС жүйесінде жеңілдік берілген адамдар тізімін кеңейту жоспарлануда



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях